Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шемонаиха аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 136 ұсынысының негізінде ШЕШТІМ:
- Ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Каменевский ауылдық округі Рулиха ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
- Шемонаиха ауданының Каменевский ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 10 наурыздағы «Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Каменевский ауылдық округі Рулиха ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27295 болып тіркелген) № 2 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Шемонаиха ауданы Каменевский ауылдық округінің әкімі
|
|
Б. Тайтөлеуов
|