Шемонаиха ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы

Шемонаиха ауданы бойынша

сайлау учаскелерін құру туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімі ШЕШТІ:   

  1.  Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы бойынша сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
  2. «Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

          1) аумақтық әділет органында осы шешімді мемлекеттік тіркеуді;

          2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы шешімнің көшірмесін ресми жариялауға Шемонаиха ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;

          3) осы шешім ресми жарияланған соң Шемонаиха ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. «Шемонаиха ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» Шемонаиха ауданы әкімінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 04 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8761 нөмірімен тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын. 
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Л.Е. Марченкоға жүктелсін.

 

 

 

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шемонаиха ауданының әкімі                                                                 Г. Акулов

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Шемонаиха аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

 

ШЕШІМ ЖОБАСЫ
Дата публикации
19 июля 2022