Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімі ШЕШТІ:
- Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы бойынша сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
- «Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) аумақтық әділет органында осы шешімді мемлекеттік тіркеуді;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы шешімнің көшірмесін ресми жариялауға Шемонаиха ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;
3) осы шешім ресми жарияланған соң Шемонаиха ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
- «Шемонаиха ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» Шемонаиха ауданы әкімінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 04 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8761 нөмірімен тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Л.Е. Марченкоға жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха ауданының әкімі Г. Акулов