
Осы жылдың 5 мамырында Шемонаиха ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Отырысқа комиссия мүшелері қатысты, сондай-ақ полиция, мектеп және прокуратура қызметкерлері шақырылды.
Кеңес барысында балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен өз-өзіне қол жұмсау қылықтарын алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ қосымша білім беруді дамыту үшін жағдай жасау талқыланды.