

Осы жылы 19 және 26 сәуірде Шемонаиха ауданының білім беру бөлімінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Отырыста кәмелетке толмағандардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу және күтіп-бағу бойынша өз міндеттерін тиісінше орындамайтын 4 отбасы, сондай-ақ девиантты қылығы бар 4 жасөспірім қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша комиссия шешімдер қабылдап, атқарушы органдарға тапсырмалар берді.