ШЕШІМ ЖОБАСЫ
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Шемонаиха қаласының көшелері мен тұйық көшелерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Шемонаиха қаласы халқының пікірін және Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы қорытындысын ескере отырып, Шемонаиха қаласының әкімі ШЕШТІ:
1) Северная көшесін – Әлия Молдағұлова көшесіне;
2) Кооперативная көшесін- Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
3) Фестивальная көшесін- Сәкен Сейфуллин көшесіне;
4) Транспортная көшесін- Ахмет Байтұрсынов көшесіне;
5) Дальняя көшесін- Міржақып Дулатов көшесіне;
6) Тихий тұйық көшесін –Мұхтар Әуезов тұйық көшесіне.
Шемонаиха қаласының әкімі Е. Драчев