«Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 42-бабының 1, 2, 3-тармақтарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 125-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабы 3-тармағына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. «Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қарашадағы № 347 қаулысы жойылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының басшысы Л. Е. Марченкоға жүктелсін.

 

 

Шемонаиха ауданының әкімі                                                             Г. Акулов

 

«Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Дата публикации
17 мая 2022