Шемонаиха ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 4-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 24212 болып тіркелген), сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шемонаиха ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларыосы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Қ. Молдахановқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шемонаиха ауданының әкімі                                                                 Г. Акулов

Қаулы жобасы
Дата публикации
25 апреля 2022