Шемонаиха ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы                         7-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫЕТЕДІ:

  1. Шемонаиха ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Шемонаиха ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» 2018 жылғы 10 қыркүйектегі № 272 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-190 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 1 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Б.Қ. Молдахановқа жүктелсін.
  4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

 

 

Лауазымы                                                                                                 Т.А.Ә.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НҚА жобасы
Дата публикации
25 марта 2022