Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, «Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2022 жылғы 1 қаңтар – 9 наурыз аралығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдауы бойынша аналитикалық анықтама

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет жөніндегі министрлігінің ұсынысы және жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындылары негізінде Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы «Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекттік мекемесінде  2021 жылғы 9 – 11 наурыз аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау өткізілді.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша, персоналды басқару, соның ішінде кадрлар алмасушылық, мүдделердің дау-дамайды реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету.

Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, «Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2022 жылғы 9 наурызға мемлекеттік қызмешілер саны - 5 бірлік, барлығы әкімшілік мемлекеттік қызметшілер. Жаңадан қызметке орналасқан жоқ, бос орын – 2 (бас маман, жетекші маман).

Мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалардың жеке мүдделері және лауазымдық өкілеттіктер атқару арасында қайшылық болу, оның ішінде жеке бастың мүддесі лауазымдық өкілеттіктерді атқаруға кедіргі болуы тіркелмеген.

2022 жылғы 9 желтоқсанға дейін Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, «Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде                               8 (баға ұсыныстарын сұрату бойынша - 1, бір көзден - 5,  өтпеген сатып алудан - 2) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды.

2022 жылы 9 наурызға жеке тұлғалардан – 1, заңды тұлғалардан – 2, жеке қабылдауда – 0 өтініш түсті. Тұлғалардың өтініштеріне берілген жауаптардың толықтығы, объективтілігі, негіздемесі Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес мерзімдер мен қарастыру тәртібі қатаң сақталады. Есептілік мерзімінде құжаттарды орындау мерзімін бұзуға жол берілмеген. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ешқандай шағым түскен жоқ.

Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, «Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде рұқсат беру функциялары жоқ, бақылау функциялар қарастырылмаған. Келесі мемлекттік қызмет көрсету түрі көрсетіледі: «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» – 0; «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» – 2; «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» – 0; өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы – 61 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Мемлекеттік қызметтер бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады. Жалпы, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, «Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі» бойынша           2022 жылғы 9 наурызға көрсетілген мемлекеттік қызметтерге байланысты ешқандай арыз-шағым түспеген, мерзім бұзушылық фактілері орын алмаған.

Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, «Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін бағалау:

Жұмыс тобының қортындысы бойынша тексеру кезеңінде Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, «Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық фактілер анықталмады. Сыбайлас жемқорлық жасаған үшін жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер жоқ. Азаматтар мен заңды тұлғалардан қолданыстағы заңнаманы бұзу мәселелері сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттеріне байланысты өтініштер, қызметкерлердің әрекетіне шағымдар келіп түспеген.

Мемлекеттік қызметке орналасқан тұлғалалар 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңында көрсетілген талаптарына сай.

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік және еңбек тәртіптерін, Қазақстан Республикасы Президентінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен  бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарын бұзушылық тіркелмеген.

Жеке және заңды тұлғалардан мемлекет қызметшілердің мемлекеттік қызмет талаптарын сақтамау, қызметтік этика ережелерін бұзғаны туралы шағымдар түскен жоқ және бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарында мекеме қызметiне қатысты сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерінің атына сын айтылған теріс мақалалар жарияланбаған.

Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, «Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет кәсіпқойлығы төмендеу қауіпі жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді болдырмау бойынша ұсыныстар:

Округтің барлық мемекелерінің басшыларының және басқа мүдделі құрылымдардың қызметкерлерін қатыстыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларын түсіндіру бойынша семинарлар өткізу;

Мемлекет қызметшілердің құқықтық ақпараттылық деңгейін көтеру мақсатында құқықтық оқу сабақтар жұмысын жалғастыру;

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін сапалы орындау мақсатында, жүйелі түрде мемлекеттік сатып алу веб-порталының үздіксіз жұмыс істеуіне көңіл бөлу.

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдауы бойынша аналитикалық анықтама
Дата публикации
15 марта 2022