«Бизнестің жол картасы-2025 «бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысына және «жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына сәйкес Шемонаиха ауданы бойынша кәсіпкерлер арасында бағдарламаның жаңа тәсілдері мен мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу кестесі бекітілді.
«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы мыналарды анықтайды:
-жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру шарттары мен тетігі;
- кәсіпкерлердің несиелері бойынша міндеттемелерді орындауды ішінара қамтамасыз ету ретінде кепілдіктер беру;
- шағын және орта кәсіпкерлік пен индустриялық аймақтардың жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу шарттары мен тетігі.
«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасына қатысу бойынша толық ақпарат алу үшін Шемонаиха қ., Аврора к-сі, 2 үйде орналасқан «Шемонаиха ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-не немесе 8-72332-92183 телефоны бойынша хабарласуға болады.