Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың 2022 жылға ең төмен мөлшерін бекіту туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабы 1-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының 27-бабына сәйкес, Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшері бір шаршы метр үшін 2022 жылға 42,38 теңге сомада бекітілсін.
  2. «Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың 2022 жылға ең аз мөлшерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 тамыздағы № 7/5-VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 24143 нөмірімен тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
НҚА жобасы
Дата публикации
03 марта 2022