Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Каменевский ауылдық округі Рулиха ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шемонаиха аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2022 жылғы 1 наурыздағы № 35 ұсынысының негізінде, ШЕШТІМ:

    1. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Каменевский ауылдық округі Рулиха ауылында ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Каменевский ауылдық округі Рулиха ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Дата публикации
02 марта 2022