2021 жылғы 08 қарашада сағат 17-00-де Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкерлерін тарта отырып, Шемонаиха аудандық сайлау комиссиясы мүшелерінің отырысы өтті, онда Первомайский кенті әкіміне кандидаттарды қолдау үшін сайлаушылардың қойған қолдарының дұрыстығына тексеру жүргізілді. Кандидаттар дауыс беруге құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының кемінде бір пайыз даусымен қолдау тапты.