«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Автобустар мен шағын автобустарда бір сапар үшін жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдауға 300 (үш жүз) теңге мөлшерінде бірыңғай тариф бекітілсін.
- Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 қазандағы № 308 «Автомобильмен жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда тұрақты тасымалдау үшін тарифтер орнату туралы» қаулысының (Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха ауданының Әділет басқармасында 2018 жылғы 18 қазанда 5-19-191 нөмірімен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха ауданының әкімі Е. Шурманов