Жоба Қазақстан Президенті жария еткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында іске қосылды. Кеңсе open-space форматында жұмыс істейді және жер қатынастары мен сәулет, әлеуметтік салаларда «бір терезе» қағидаты бойынша елуге жуық мемлекеттік қызмет көрсетеді. Енді әр түрлі инстанцияларда жүгірудің қажеті жоқ, барлығы бір жерде. Жобаның басты мақсаты - азаматтардың мемлекеттік қызметшілерге деген сенімін арттыру және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету.
«Ореп Space» форматындағы кеңседе келушілер «Электрондық үкімет» порталын өз бетінше пайдалана алады»
«Сервистік әкімдіктің» негізгі міндеті - атқарушы органдар қызметінің ашықтығын, көрсетілетін қызметті алушылар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілермен байланыс кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету.