Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ауыл шаруашылық

Ауыл шаруашылығы бөлімінің жұмысын талдауы

Жерді пайдаланушылардың иеліктерінде 230,4 мың га ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлер бар, оның ішінде 140,5 мың га егістік, 17,8 мың га шабындық және 65,4 мың га жайылым жерлер. Қазіргі таңда ауданда 299 ауыл шаруашылық құрылымдар бар, оның ішінде 250 шаруа (фермерлік) қожалығы және 49 заңды тұлға.
17 сәуірден бастап ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары көктемгі егіс жұмыстарын өткізуге кірісті.
Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өңірлік бағдарламасын жүзеге асырудың әзірленген тұжырымдамасына сәйкес, Шемонаиха ауданы бойынша 2021 жылғы егіндікті егу алаңының жоспарланған құрылымы 137,4 мың га құрау керек. Бүгінгі күні 120,0 мың га егілді, оның ішінде:
- дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 74,5 мың га (жоспардан 97% - 76,9 мың га),
- майлы дақылдар – 45,5 мың га (жоспардан 94% - 48,4 мың га).
2021 жылғы егістікке 8 мыңнан астам га күздік ауыл шаруашылық дақылдар егілді. Оның ішінде: күздік қарабидай 1500 га, күздік бидай 6400 га алаңына және күздік рапс 65 га егілді.
Ауыл шаруашылық дақылдар егістерінің жоспарланған көлемін орындау үшін 15,7 мың тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың және 205 тонна майлы дақылдардың тұқымдары қажет. 2021 жылғы егістікке ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары 16 мың тонна дәнді және дәнді-бұршақты ауыл шаруашылық дақылдарды екті. «КазАгрЭкс» Шемонаиха аудандық зертханасы филиалының деректері бойынша тексеруге 2020 жылғы егістіктің 16237 тонна дәнді дақылдардың және бұршақтың тұқымдары келіп түсті (талап етілген 15,4 мың тоннадан 104 %), оның ішінде тексерілгені 16 237 тонна. Тексеру нәтижелері бойынша түскен тұқымдар шартқа сәйкес деп танылды және егін стандартының 1-2-3 кластарына сәйкес келеді. Оның ішінде 7249 тонна (45%) егін стандартының 1-класына жатқызылды, 7510 тонна (46%) 2-класына және 1478 тонна (9%) 3-класына жатқызылды.
Ауданда ауыл шаруашылық дақылдардың тұқымдарын өндіру және сатуды 1 аттестациядан өткен өндіруші І, ІІ және ІІІ репродукциялы арпа мен бидай тұқымдарын өндіретін «Камышинское» ШҚ жүзеге асырады.
Сонымен қатар, Шемонаиха ауданының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері сұрыпты жаңарту ретінде түрлі дәнді ауыл шаруашылық дақылдардың жаңа элитті тұқымдарын белсенді сатып алуда. 2021 жылы алты ауыл шаруашылық құрылымдар 162,3 млн. теңге сомасына 1250 тонна дәнді бұршақты дақылдардың элитті тұқымдарын сатып алды.
Күнбағыстың жоспарланған егін көлемін орындау үшін күнбағыс тұқымдарының 24,0 мың тоннадан астам тұқымы қажет, ауданның АШТӨ оның 90% астамын жоғары өнімділігінен шетелде (Швейцария, Түркия, Германия және Қытай тұқым шаруашылық фирмалары) өнідірілген гибридтердің тұқымдарын егеді. 10% жуығы «Заря», «Гульбагыс», «Скороспелый» және т.б. отандық селекциялы аудандастырылған сұрыптарын пайдаланады. 2021 жылғы егіске 1 356,0 млн. теңге сомасына күнбағыс және жүгерінің гибридті тұқымдарының 24 мың егін бірліктеріне жуығы сатып алынды.
2021 жылғы егістікке ауданның АШТӨ 17 мың тоннадан астам әртүрлі минералды тыңайтқыштарды (50 % дейін субсидияланатын) жеткізушілермен және отандық өндіруші зауыттармен шарттар жасасты (бұл ретте азотты тыңайтқыштардың үлесіне 49 %, фософорлыға - 47 %, калий тыңайтқыштардың үлесіне - 3 % және басқа кешенді микротыңайтқыштардың 1% келеді. Ауыл шаруашылық құрылымдарға тиеліп жеткізілгені 100 %). 935,7 млн. теңгеге жуық сомада.
Сонымен қатар, ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары өсімдіктердің әртүрлі қорғау құрадарын (гербицидтер, фунгицидтер, инсектицидтер) сатып алуға шарттар жасалуда.
Көктемгі егіс жұмыстарының агро-технологиялық іс-шараларын өткізу үшін ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарына 600 тоннаға жуық бензин және 4000 тоннадан астам диз. отын мен 150 тонна мотор майы қажет. ШҚО ауыл шаруашылық басқармасы егін кампаниясын өткізуге Шемонаиха ауданына 3185 тонна кепілді (жеңілдік) дизель отынын жеткізді, оның ішінде:
- 195 тонна наурызға
- 1495 тонна сәуірге
- 1235 тонна мамырға
- 260 тонна маусым айына.
Жыл сайын мыналар операторлар ретінде шығады: «ШемАвтоДизель» ЖШС, «Юпитер-Шульгин» ПС және «Металл-Импекс» ЖШС.
Шемонаиха ауданының аумағында 3058 бірлік ауыл шаруашылық техникасы жұмыс жасайды, оның ішінде көктемгі егістік жұмыстарына 1985 бірлік іске қосылған, оның ішінде 810 бірлік түрлі модификациялы трактор, 9 бірлік егін кешендері, 502 бірлік түрлі сепкіштер және 600-ден астам бірлік басқа аспалы топырақ өңдейтін техника. Иесіз және жөндеуге келмейтін тозған ауыл шаруашылық техникасын жою бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда 64 бірлік жарамсыз деп танылған техника анықталды және оларға актілер жасалды.
Ауданның АШТӨ ресурсты, энергияны үнемдейтін жаңа ауыл шаруашылық техникасын сатып алуда.

Документы
Новости
Полезные материалы
Ауыл шаруашылық
Ауыл шаруашылық
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы