Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Спорт

Дене шынықтыру және спортпен айналысушылардың үлесін арттыру және спорттық ғимараттардың қол жетімділігі бойынша ақпарат

Аудан тұрғындарының заманауи сұранысына қарай спорттық объектілерді толық көлемде абаттандыру, спорттық қызмет түрлерінің сапасын арттыруда ауладағы спорт алаңдары тегін түрде тәулік көлемінде (футбол, волейбол, баскетбол алаңдары мен хоккей корттары, ОФП жетілдіру бойынша алаңдары) қызмет көрсетеді.
-2-ФКтүрінде дене шынықтыру және спорт саласындағы негізгі көрсеткіштерге сәйкес:
2019 жылы 117 спорттық ғимараттар, оның ішінде: 3 стадион, 30 спорт залдар, 9 қосалқы спорт залдар, 2 спорт кешендері, 5 шаңғы базалары, 1 ату тирі, 61 алаң (футбол, спорт алаңдары), 5 хоккей қораптары 1 спорт манежі (жеңіл атлетика).
2019-2020 оқу жылдарында спорттық ғимараттардың саны 3 ғимаратқа ұлғайды, олар жаңа мектептер мен мектеп жанындағы спорт алаңдары негізінде жүзеге асты.
Барлық спорттық объектілер спорттың барлық түрінен аудан тұрғындарына арналған бұқаралық спортпен қамтамасыз ету үшін тегін түрде қызмет көрсетеді.
Спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес аудандағы дене шынықтыру және спорт бөлімі өзге де әлеуметтік бөлімдермен бірлесіп:
- 2019 жылы 81 аудандық деңгейдегі 16 ашық аудандық жарыстар ұйымдастырып, өткізді. Жарыстардың жеңімпаздарына мақтау қағаздары және жүлделер табысталды.
2019-2020 жылдары ауданда спорттың 45 түрі дамыды, оның ішінде: 11 жазғы олимпиада, 2 қысқы олимпиада ойындарының түрлерінен, 16 олимпиадалық емес, 9 ұлттық спорт түрлерінен және 7 мүмкінділігі шектеулі жандарға арналған спорттардың түрінен.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Қаулысын орындауда спорттық бұқаралық түрлері бойынша жарыстар өтуті: волейбол, футбол, барлық жастарға арналған шайбалы хоккейден жарыстар өтті.
Жыл сайын ауданның мемлекеттік мекемелері басшыларының қолдауымен спорттың түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады: еңбек ұжымдары арасында волейболдан турнирлер, жасөспірімдер арасында еркін күрестен, Шемонаиха АІІБ басшысының жүлдесіне футболдан жарыстар өтті.
ОВ 156/6 арнайы түзету мекемесімен бірлесіп ерлер арасында шағын футболдан турнир, самбо, күрестен спорт шебері Шалқар Сарсекеновты еске алуда жарыстар ұйымдастырылады.
Ауған батыры В.Зубконың естелігіне шаңғы жарыстарына 200-ден астам 5-жастан 80 жасқа дейінгі спорт сүйер қауым шаруа қожалықтары басшыларының қолдауымен қатысып келеді.
Жыл сайын шаруа қожалықтарының жүлдесіне ат спорты бойынша жарыстар ұйымдастырылады, 2018 жылы жүлделік қоры 10 млн. теңгенің жарыстары өтіп, 2000 адам қамтылды. Шемонаиха ауданы әкімінің жүлдесіне ұлттық ойындар өтті. Шемонаиха ауданының ауылдары, кенттерінде Президенттік тестілеуден тұрғындарға жарыстар ұйымдастырылды.
Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Қызықты үйірмелер» ашылған. Қатысушылар аудандық, облыстық жарыстарға қатысып, шахмат, шашки, жеңіл атлетика, стол теннисі мен армлеслингтен жүлделі орындар алды.
Жыл сайын Зевакино ауылына қарасты АӘҚКО мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін әр түрлі спорттың түрінен спартакиада ұйымдастырылады. Ағымдағы жылы шахмат, шашки, армрестлинг, бильярдтан жарыстар өтті.
Дене шынықтыру және спорт бөлімі республикалық спорттцық акцияларға: «Денсаулық фестивалі», «Спорт мерекесі» мемлекеттік, ұлттық және халықтық мерекелерге қатысады.
Әр жастағы және әр салмақ дәрежесінде спорттың түрлері бойынша аудандық және ашық аудандық біріншіліктер мен Чемпионаттар өткізіледі.
Өткізіліп келе жатқан іс-шаралар жайында аудандық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланады.
Сонымен қатар спорттың бқөаралық түрлерінен облыстық- аудандық ашық біріншіліктер бойынша жарыстар ұйымдастырылып, қолданыста бар спорттық түрлерінен тегін клубтар, үйірмелер балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жұмыс жасайды.
Ауданның аумағында БЖСМ және «Жұлдыз» спорт клубы жұмыс істейді.
«Шемонаиха ауданының дене шынықтыру спорт бөлімі» ММ «Шемонаиха ауданы бойынша балалар жасөспірімдер спорт мектебі» КММ спорттың 7 түрінен қызмет көрсетіледі: волейбол, акробатика, дзюдо, жеңіл атлетика, футбол, шаңғы жарысы, еркін күрес; жаттығушылардың саны – 534 адам, жаттықтырушылардың саны -13, жоғары білімді.
БЖСМ топтардың саны:
- 2018 жылы 33 оқу тобы, оның ішінде 8 оқу-жаттығу топтары және 25 топ алғашықы дайындық топтары.
- 2019 жылы 33 оқу тобы, оның ішінде 8 оқу-жаттығу және 25 топ алғашқы дайындық. БЖСМ оқу топтарының саны өткен 2018 жылмен салыстырғанда өскен жоқ, 0,8 % өсті.
Усть-Таловка кентіне қарасты «Шемонаиха ауданының дене шынықтыру спорт бөлімі» ММ «Жұлдыз» спорт клубы КММ спорттың 9 түрінен қызмет көрсетіледі: волейбол, баскетбол, футбол, шайбалы хоккей, жеңіл атлетика, шаңғы жарысы, президенттік көпсайыс, дзюдо, атлетикалық гимнастика (ауыр атлетика, пауэрлифтинг). Спортпен айналысатындардың жалпы саны 658 адам, оның ішінде мектеп жасындағы балалардың саны 361, жаттықтырушылардың саны 15, оның ішінде 11 –нің жоғары білімі бар және 4 жаттықтырушыда арнайы білімді.
«Жұлдыз» спорт клубы КММ:
-33 оқу тобы бар.2019 жылы спортпен айналысушылардың саны 2018 жылмен салыстырғанда 2,6% өсті.
Атақты спортшыларды қатыстыра отырып, жастар мен балаларды спортқа баулу мақсатында спорттық іс-шаралар өтеді:
- Халықаралық спорт шебері, Бүкіләлемдік универсиада Чемпионы- Иван Люфт, шаңғы жарыстары бойынша СШК, әлем Чемпионатына қатысушы-Азамат Нургазин, биатлоннан Қазақстан Республикасының спорт шебері, Азия Чемпионатының жүлдегері, биатлоннан әлемдік чемпионатқа қатысушы-Ирина Шаяхмет, биатлоннан КСРО спорт шебері-Лариса Юрьевна Кужильская, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы-Владимир Петрович Захарченко қатысқан 4-жастан 80 жасқа дейінгі жалпы саны 200 астам қатысушымен шаңғы жарыстары ұйымдастырылды.
Дзюдодан Қазақстан Республикасының құрметті қайраткері-Владимир Петрович Цыкуновтың құрметіне арналған іс-шараға 100 астам қатысушы қатысты.
- Шығыс Қазақстан облысының аңызына айналған «Қайрат» спорт клубының мүшесі Асқарбек Жаксылықұлы Еңсебеаевтың құрметіне жасөспірімдер арасында өткен футбол жарысына 100 астам қатысушылар келді.
- қол күресі бойынша спорт түрлері жақсы дамып келеді: гір, армрестлинг, воркаут –пауэрлифтингтен жатып көтеруден Чемпион, әлемдік жарыстырдың жүлдегерлері-Нукишев Куаныш Даниярович, Майер Романның қатысуымен өткізіледі.
Дзюдодан Қазақстан Республикасының құрметті қайраткері-Владимир Петрович Цыкуновтың құрметіне арналған іс-шараға 100 астам қатысушы қатысты.
- Шығыс Қазақстан облысының аңызына айналған «Қайрат» спорт клубының мүшесі Асқарбек Жаксылықұлы Еңсебеаевтың құрметіне жасөспірімдер арасында өткен футбол жарысына 100 астам қатысушылар келді және кикбоксингтен әлем чемпионатының жүлдегері Ринат Мукеньевтің құрметіне өткізілді..
-күш бойынша спорттың келесі түрлері аудан көлемінде қарқын алып келеді: гір көтеру, армрестлинг, воркаут пауэрлифтингтен және жатып көтеруден халықаралық жарыстардың жүлдегері Қуаныш Даниярович Нукишев пен Роман майердің тікелей қолдауымен өтеді.
Аудан аумағында 9 ұлттық спорт түрлері дамып келеді: ат спорты түрлері (көкпар,арбаға жегілген аттар, байге түрлері, қыз қуу,теңге алу, аударыспақ, жорға жарыс), тоғыз құмалақ, қазақша күрес.
Барлық спорттық іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.


Шемонаиха ауданының дене шынықтыру
және спорт бөлімінің басшысы

Документы
Новости
Полезные материалы
Спорт
Спорт
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы