Құрметті отандастар!
Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі – бүкіл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады. Біз саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз.
Осы ерекше күн еліміздің бүкіл саяси жүйесін, сондай-ақ мемлекеттің және азаматтық қоғамның негізгі институттарын түбегейлі жаңғырту кезеңі басталғанын аңғартады.
15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда Қазақстан халқы ел тағдырына тікелей ықпал ететін және мемлекеттің ондаған жылдарға арналған даму бағдарын айқындайтын таңдауын жасады. Миллиондаған отандасымыз берекелі бірлік танытып, шынайы отаншылдық пен жоғары жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетті. Бұл тарихи шешімнің төл шежіремізде алтын әріппен жазылатыны анық.
Бұдан былай Конституция күні «Наурызнама» онкүндігімен қатар аталып өтеді. Мұның символдық мәні зор. Конституция күні ел ішінде ғасырлар бойы орныққан көктемгі жаңару дәстүрлерін Ата заңның басты қағидаттарымен тоғыстырады, яғни азаматтарымыздың ырысты ынтымаққа, озық білімге, ел игілігі жолында адал еңбек етуге деген талпынысымен үндеседі.
Біз нағыз Халық Конституциясының мызғымас құқықтық негізіне арқа сүйеп, барлық мақсат-мұраттарымызға міндетті түрде жетеміз. Заң мен Тәртіп, Еңбексүйгіштік пен Өрлеу, Тазалық пен Табиғатты аялау сынды жасампаздық құндылықтарын қоғамда берік орнықтырамыз. Бұған еш күмәнім жоқ.
Біз бірлігі бекем, біртұтас ұлт ретінде әлемдік өркениеттің шыңын бағындырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін және барлық азаматтың жан-жақты дамуына жол ашатын мемлекетті – Әділетті Қазақстанды құрамыз!
Қастерлі Отанымызды көркейту жолындағы жоспарларымызды ойдағыдай орындаймыз. Мен бұған кәміл сенемін!
Қазақстан Республикасы жасай берсін!
Халқымыз мәңгі жасасын!
2025 жылдың 20 қарашасында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
«Жиырма жыл ішінде ХҚКО-лар азаматтардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Олар мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етіп келеді. Біздің жұмысымыз – ашықтық, айқындық және қызметалушыға бағдарлану қағидаттарының көрінісі. Соның арқасында мыңдаған облыс тұрғындары күн сайын заманауи әрі қолайлы жағдайда қызмет алады», – деп атап өтті филиал директоры Азамат Есембулов.
Іс-шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшылығы, мемлекеттік органдардың өкілдері және жүйе ардагерлері қатысты.
Бағдарлама аясында атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, ХҚКО желісінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан қызметкерлер марапатталды. Іс-шара жылы және достық атмосферада еркін әңгімелесумен аяқталды.
20 жыл – бұл жай ғана дата емес, тұрақтылықтың, сенімнің және жетілдіруге деген үздіксіз ұмтылыстың нышаны. ХҚКО-лар өз қызметін жетілдіруді, инновациялар мен цифрлық технологияларды енгізуді жалғастырып, мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара әрекеттестікті одан әрі ыңғайлы етуді мақсат етеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 10) тармақшасына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізілсін.
2. Республикалық референдумға: «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сауал шығарылсын.
3. Осы Жарлық 2024 жылғы 3 қыркүйекте бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын.
4. Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметін атқаратын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік органдарымен және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Қ.Тоқаев
Президенті
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 2 қыркүйек
№ 636
Ағымдағы жылғы шілде айында Шемонаиха ауданының жергілікті атқарушы органдарында:
Егер Сіз заңдардағы, мемлекеттік органдарының қызметіндегі қайшылықтарға тап болсаңыз, немесе ұсыныстар мен ұсынымдар болған жағдайда, Зевакино а., Халықтық көшесі, 61 мекенжайына, электронды поштаға zh.siniayzov@akimvko.gov.kz , 8(72332) 76221 жұмыс телефонына хабарласа аласыз.
Business.enbek.kz порталында (бұдан әрі – Портал) 2024 жылғы 8 сәуірден бастап 1-лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады. Шемонаиха ауданы бойынша бірінші лекте 5 адамға грант беру жоспарлануда.
Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты жаңа бизнесті бастау және дамыту болып табылады.
Грант көлемі 400 АЕК-ті (1 476 800 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.
Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өтінім беру үшін қажет:
- Порталда тіркелу;
- грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
- бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
- өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.
Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.
Грант алу үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет.
Жаңа бизнес-идеяны іске асыруға грант алуға үміткер бола алады:
- тіркелген жұмыссыздар;
- жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін).
Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:
- мүгедектігі бар адамдар;
- қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;
- өңіраралық қоныс аударушылар
- аз қамтылған отбасы мүшелері;
- көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы / зайыбы);
- мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);
- асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.
Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.
Рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, адами факторды азайту, өтініш берушілерге ыңғайлы болу үшін гранттар берудің бүкіл процесі электрондық форматқа ауыстырылды. Грант алуға өтінімдерді қабылдау бірыңғай терезе – Business.enbek.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.
Грантты: қажетті құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, малдарды, жануарларды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады.
Гранттар: тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.
Гранттарды Еңбек мобильділігі орталықтары грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық/қалалық комиссияның шешімі негізінде береді.
Үміткерлер өз бизнес-жобасын комиссия отырыстарында таныстырады. Бұл ретте комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды және бағалау парағын мынадай өлшемшарттар бойынша толтырады: бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру.
Осылайша, грант беру туралы шешім комиссиялық түрде және үміткерлердің бизнес-жобаларының пысықталуын бағалаудың нақты өлшемшарттары негізінде қабылданады.
Комиссия шешімі үміткердің Порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. Комиссияның оң шешімі болған жағдайда үміткер банк деректемелерін ұсынады, шартқа қол қояды және одан әрі тоқсан сайын қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп береді. Мұның бәрі Еңбек мобильділігі орталықтары мен оның филиалдарына (мансап орталықтарына) бармай-ақ, электрондық форматта жасалады.
Су басу деп қар еру мен қатты жауған жауыншашыннан, көтерме желдің әсерінен (желдің су бетіне әсер етуінен, су деңгейінің көтерілуі), мұз кептелістерден (көктем кезіндегі мұздың кету кездерінде өзен арнасының жіңішкерген және тіке бұрылыстарындағы мұз үйінділердің пайда болуы), қар астындағы судың (қыс басталған кезенде мұз пайда бола бастағанда өзен арнасының жіңішкерген және тіке бұрылыстарында қопсытылған мұз материалдарының жиналуы), бөгеттердің жарылу нәтижесінде мол судың келіп құйылуынан өзендердің, су қоймаларының, көлдер мен теңіздердің су деңгейі көтеріліп елді-мекеннің көп бөлігін су басып қалуды атайды.
Жүйелі түрде су басатын аймақтарда орналасқан тұрғындар аталған қауіп-қатер туралы алдын ала құлағдар болуы тиіс, су басу кезінде және қауіп-қатер төнген кезде орындайтын іс-әрекеттерге дайындалған және оқытылған болуы керек. Су басу жайлы болжам келіп түсе салысымен тұрғындарға радио байланыс және теледидар арқылы хабар таратылады. Өкінішке орай, төнген қауіп-қатер туралы жиі су басатын аудан тұрғындарын күні-бұрын ескертуге мүмкіндік бола бермейді.
Әйтсе де, Сіз айтылған төтенше жағдайда болып қалсаңыз, не істеу керек? Кенеттен су басу жағдайы орын алғанда пәтерден неғұрлым тез бірінші қажеттіліктегі заттарды жинастыру қажет: құжаттарды, медициналық қобдишаны, сіріңке (оттық), нан, ішетін су,-маңайдағы қауіпсіз көтерілген орындарға бару, сондай-ақ қолдан жасалған суда қалқып жүзу құралдардың көмегімен суда жылжып көшуге дайын болу. Осындай жағжай орнаған кезде үрейге бой алдыруға, өзін-өзі басқаралмауға жол бермеуге, құтқарушылардың суда қалған және көмекке мұқтаж адамдарды уақытында анықтауға көмектесетін, сабырлы іс-шаралар қабылдау керек.
Егер су басу Сізге тәуліктің күндізгі мезгілінде тап болса, онда құтқарушылар назарын аударту үшін биік бір жерге үлкен көлемді ақ немесе түрлі-түсті кенеп матасын ілу керек, ал түнгі уақытта- ең тиімді болып жарық белгілерін беру- шам, прожектор, алаулатып от жағуды пайдалану болып табылады.
Су басу аудандарында қалған адамдарға арнайы көмек келгенге дейін, ғимараттың бірінші қабатында немесе шатырларда, ағаштар мен басқа да көтерілген орындарда қалу керек. Көбінесе адамдардың су басу аудандарында қалуы су деңгейінің төмендеуіне дейін немесе қауіпсіз ауданға көшіру үшін берік құралдармен жабдықталған құтқарушылар жақтан көмек келгенше созылады. Су баспаған ауданға тұрғындардың өз бетімен көшуі науқастарға шұғыл көмек керек жағдайда, азық-түлік қорының азаюы мен таусылған жағдайда, жағдайдың нашарлау қаупі немесе сырттан көмек келетініне сенімнің жойылуы кезінде жүзеге асырылады. Суда өздігінен орын ауыстыру кезінде жеке қайық немесе кішкене кемелер, салмалардан жасалған сал және басқа да қолдан табылған материалдар пайдаланылады.
Су бетінен құтқарған адамдарды, неғұрлым тез киімін құрғақ киімге ауыстыру қажет, тыныштандыратын дәрі-дәрмек беру қажет, ал судан немесе су айдынының түбінен құтқарылған адамдарға, жасанды тыныс алдыруды жүргізу қажет. Су деңгейі төмендеген кезде адамдар өз пәтердеріне асығады. Алайда барлық ескерту шараларын естен шығармау қажет.
Ғимаратқа кірместен бұрын оның түзілісі қандай, айқын бұзушылықтар байқалама және олар адам өміріне қандай қауіп тудыруы мүмкін екенін анықтап алған жөн. Пәтерге қайта қоныс аудармас бұрын, бөлменің барлық есік терезесін айқара ашып желдету және 30 минуттай уақыт шамасында кірмеу қажет. Ғимараттың (үйдің) ішкі бөлмелерін бақылау кезінде сіріңке немесе оттықты жарық сәулесі ретінде пайдалануға болмайды, себебі ауада газдың болуы мүмкін. Осы мақсатта электр шамдарын пайдаланған жөн. Үзілген немесе ілініп тұрған электр сымдардан абай болу қажет. Элект жүйесінің жағдайын мамандар тексермей электр энергиясы көздерін пайдалануға тыйым салынады. Су құбырының, газ және канализация магистралінің ақаулары немесе бүлінгенін байқасаңыз дереу коммүналды қызметтерге немесе ұйымдарға хабарлау қажет.
Шемонаиха ауданының ТЖБ
111 қызметі отбасы және әйелдер мен балалар мүдделерін қорғайды
«Азаматтарға арналған үкіметтегі» төрт ай ішінде 111 байланыс орталығы 9 мыңға жуық қоңырау қабылдаған. Оның 500-ге жуығы зорлық пен қатыгездік жайында және оның көбі балаларға қатысты болған.
Азаматтардың ең көп сауалдары заңгерлік кеңес, әлеуметтік қорғау, білім беру саласы, денсаулық сақтау саласына қатысты.
111 қызметі мен жағдайға бейжай қарай алмайтын азаматтардың көмегімен соңғы айларда бірнеше қиын жағдайлар шешілді: мүгедек қыздың мектептегі зорлық-зомбылықпен күресуіне көмек берілді, ер адам құлдықтан құтқарылды, әкімдіктің қолдауымен аз қамтылған отбасына өрттен кейін тұрғын үйі қалпына келді, жалғызбасты қарт әкенің ұлын циркке апару арқылы арманы орындалды, сонымен қатар, оқушы балаға күнделікті мектепке қатынауы үшін жол жүру картасын алуға көмек көрсетілді. 111 қызметінің кеңесшілері әрбір қоңырауды жеке мәселе ретінде емес, белгілі бір отбасының бірнеше мәселелерін шешу мүмкіндігі ретінде қарастырады.
111 қызметіне жиі жүгінетін 30 бен 44 жас аралығындағы әйелдер болып табылады – олардың қоңыраулары 60% құрайды. Бұл бала құқығын қорғап, отбасындағы озбырлыққа қарсы күресетін ең белсенді қоғамдық тобы.
Байланыс орталығының заңгерлері мен психологтары хабарласқан әрбір адамға мәселесі шешілгенше қолдау көрсетіп, кеңес береді, қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына ақпарат береді.
Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғаудағы 111 қызметі 2023 жылдың 16 қазанынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілген болатын. 111 нөміріне тәулік бойы қоңырау шалуға болады, анонимдік және жеке деректердің қорғалуына кепілдік беріледі. Байланыс орталығы құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста, барлық қоңырауларды тіркеп, дағдарыс шешілгенше әрбір отбасының жағдайын бақылайды.
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев аймақта ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді қолға алып, ішкі нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз етуді тапсырды.
Үкімет отырысынан кейін әкімдікте өткен жиналыста ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттыру, оларды қайта өңдеу сияқты бірқатар мәселелер қозғалды.
– Облыс аумағында өндірілетін ауылшаруашылық өнімдерінің сапасы айтарлықтай жоғары. Мысалы, жергілікті сүт өнімдерінің сапасы шетелдік өнімдерден артық түспесе кем емес, ішкі нарықты жоғары сұранысқа ие. Осылайша ет сынды басқа да бағыттарды дамытуға ден қою қажет – деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.
Аймақ басшысы ауылшаруашылық ошақтарын дамытып қана қоймай, өнімдерді жарнамалау және маркетингтік жолмен қолдау көрсетілуі қажеттігін де еске салды. Осылайша жеке кәсіпкерлерге өнімдерін брендке айналдыруда қолдау көрсетілмек.
Сондай-ақ, облыс әкімі қала ішіндегі туризмді қолға алуды тапсырды. Шетелдік туристерге арналған нысандардың әлеуетін арттырып, ақпараттық базасын қалыптастыру қажет. Яғни қала аумағындағы қонақ үй кешендерінің саны, мәдени - тарихи нысандарда сервис сапасын арттыру міндеті тұр.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Шығыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Жасұлан Сатбалдиев көктемгі мерзімді қызметке шақыру басталғаны, ол 1 наурыздан 30 маусымға дейін жалғасатыны туралы айтты.
Шығыс Қазақстаннан көктемгі әскери қызметке 800-ден астам адамды шақыру жоспарланған.
«Қарулы Күштерге 400-ден астам адам қызмет етуге барса, шекара әскерлері мен ҰҚК-ға - 100 адам, ҚР Ішкі істер Ұлттық гвардиясына - 250 адам, ТЖД-ға - 30-дан астам адам, ал қалғандары мемлекеттік күзетке барады», - деді Жасұлан Сатбалдиев.
Жалпы, көктемгі-күзгі шақырылымға облыстың 1600 азаматын шақыру жоспарланған.
Сонымен қатар баспасөз конференциясы барысында спикер әскерге шақырылушылар мерзімді қызметтің орнына әскери ЖОО-да оқуды таңдай алатынын атап өтті.
"Әскери оқу орындарында оқитын жастар мерзімді әскери қызметтен босатылады. Оқуға түспеген жағдайда жалпы негіздерде шақырылады. Әскери оқу орнына түсу үшін барлық ниет білдірушілер әскери есепте тұрған жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына тиісті өтінішпен жүгінеді, жеке істі қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды жинап, медициналық комиссиядан өтеді және ҰБТ-ға қатысады. Содан кейін жастар тиісті бағыттар бойынша байқауға қатысу үшін әскери ЖОО-ға келеді", - деп толықтырды Жасұлан Сатбалдиев.
Сонымен қатар спикер мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарғаны үшін заңнамада әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салды.
Шығыс Қазақстан облысының 171 мектебі алдағы уақытта Starlink технологиясы бойынша кең жолақты интернетке қосылады.
Бұл туралы бүгін өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында ШҚО әкімі Ермек Көшербаев мәлім етті.
Аймақ басшысының айтуынша, өңірімізге жеткізілген заманауи құрылғы алдағы сәуір айынан бастап орнатыла бастайды. Нәтижесінде шалғайдағы ауыл халқы да сапалы интернеттің игілігін көретін болады. Мұндай тәжірибе Алматы облысында бар екенін айта кеткен жөн.
Starlink – 2015 жылдан бері іске асырылып келе жатқан америкалық SpaceX компаниясының жобасы. Ондағы мақсат – әлемнің кез келген нүктесіндегі пайдаланушыны жылдамдығы жоғары кең жолақты интернетпен қамтамасыз ететін ғаламдық спутниктік жүйе құру. Ол үшін әйгілі Илон Масктың компаниясы орбитаға 30 мыңға жуық спутник ұшыруды көздеп отыр.