ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ШЕМОНАИХА АУДАНЫ ВЫДРИХА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҒЫ ДАМУЫНЫҢ 2024-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

 

Бағдарламаның атауы

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Выдриха ауылдық округі жергілікті қоғамдастығы дамуының 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламасы

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округінің негізгі сипаттамалары

- Выдриха ауылдық округінің құрамында екі елді мекен есепте тұр: Выдриха ауылы және Межовка ауылы. Выдриха ауылдық округі Шемонаиха ауданының оңтүстігінде орналасқан, 1997 жылы құрылды, Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Верх-Уба ауылдық округімен, Каменевский ауылдық округімен, Волчанка ауылдық округімен және Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Калинин ауылдық округімен шекаралас.

- халық саны – 1871 адам;

- Ауылдық округі жерлерінің жалпы ауданы 33750,6 га құрайды, оның ішінде  елді мекендер жерлері – 3428 га, ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлер – 27836,6 га, оның ішінде: егістік – 18504 га, шабындық – 1844,1 га, жайылым – 7490,5 га. Егістіктің бонитет балы – 65.

Басқа жерлер – 1482 га, қор жерлері – 1002 га;

- Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні – 2021 жылғы қараша.

Өкілеттіктің мерзімі төрт жыл;

- Жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны – 11 адам.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

 

  1. Кіріспе

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Выдриха ауылдық округі жергілікті қоғамдастығы дамуының 2024-2026 жылдарға арналған жоспары еңбек тартымдылығын және ауыл тұрғындарының тіршілік деңгейін арттыру мақсатында әзірленген. Округ елді мекендері экономикасының, инфрақұрылымын жетілдіруге; тұрғын үй құрылысын және коммуналдық жайластыруды дамытуға; автомобиль жолдарын жаңартуға және көлік қатынасын дамытуға; білім беру  сапасын арттыруға; мәдени-бос уақыт қызметін дамытуға, ауылда дене шынықтыру мен спортты дамытуға; тұрмыстық және сауда қызмет көрсетуді жақсартуға; ауыл халқының өмір сүру қауіпсіздігіне және саяси тұрақтылығы мен ақпараттандырылуына бағытталған шараларды жүзеге асыруды көздейді.

 

  1. Талдау

2.1. Выдриха ауылының экономикасы және ауыл шаруашылығы

Ауылдық округінің экономикалық мамандандырылуының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы. Ауылдық округ аумағында 54 ауыл шаруашылық кәсіпорын тіркелген, оның ішінде: ЖШС – 5, шқ – 41, АӨК – 1, ПС – 1, ЖК - 5. Выдриха ауылында Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдары сұрыптарын зерттеу жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық инспектура филиалы жұмыс жасайды.

Жерлердің жалпы ауданы 33750,6 га құрайды, оның ішінде: округтің – 31266,6, елді мекендер жерлері – 3428,0 га, ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлер – 27838,6 га, оның ішінде егістік – 18504,0 га, шабындық – 1844,1 га, жайылымдар – 7490,5 га.

Егістіктің бонитет балы – 65.

Басқа жерлер – 1482 га, қор жерлері – 1002 га.

Қожалықтардың барлық санаттарындағы ауыл шаруашылық дақылдардың егіс алаңы құрылымында негізгі үлес дәнді және майлы дақылдарға келеді; бұл ретте дәнді дақылдардың егіс алаңы құрылымында 70 % бидай алады.

Выдриха ауылының ауыл шаруашылығы дамыған мал шаруашылығы және омарташылықпен өсімдік шаруашылығы бағытына ие. Саланы жүргізу тәлімі егін шаруашылығы жағдайында жүзеге асырылады, онда негізінен тараған дақылды және дәнді-бұршақты дақылдарды өндіру, атап айтқанда бидай, арпа, бұршақ, сұлы, қарақұмық, бұл рете бидайды өндіруде басты роль жаздық бидайға тиесілі.

 

2023 жылға астық жинау қорытындылары

 

 

Егілді

га

Орып алынды

га

Жиналды

га

Жалпы

тн

Өнімділік

ц/га

Бұршақ дәнділер

11047,3

11047,3

11047,3

12492,2

11,3

күздік бидай

899,6

899,6

899,6

998,6

11,1

арпа

2122,6

2122,6

2122,6

2950,3

13,9

бидай

7417,6

7417,6

7417,6

7829,1

10,6

бұршақ

403,5

403,5

403,5

508,4

12,6

соя

 

 

 

 

 

сұлы

204,0

204,0

204,0

205,8

10,1

қарақұмық

 

 

 

 

 

күнбағыс

5811,7

5811,7

5811,7

15258,5

26,3

сүрлемге жүгері

287,2

287,2

287,2

6318,4

220,0

сүрі жер

1238,4

 

 

 

 

тәжірибелер

6,0

 

 

 

 

 

Ауылдық округтегі мал шаруашылығы халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарында, ЖК «Бельков А.М.», ЖК «Е.Ф.Васильева», ЖК «Гаврилюк А.», ЖК «Крестьянский двор  Шередеко», ЖК «Кудайкулов Е.С.» және «Выдрихинское» ЖШС дамыған.

2024 жылғы 01 қаңтарға Выдриха ауылы аумағында 2662 ІҚМ есепте тұр, 731 сиыр, 307 жылқы, 1045 бас ШҚМ, 1949 шошқа, 8118 барлық құстар бар.

Округте омарташылық 2680 ара отбасымен ұсынылған, олар тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылықтарында, «Галяпин В.В.» ШҚ, «Серохвостов П.М.» шқ, ЖК «Жмайлов М.Ф.», ЖК «Тоболдин А.К.», ЖК «Банников» дамуда.

Шағын бизнес саласында халыққа қызмет көрсету салысының 26 нысаны бар. Негізгі нысандар: 21 сауда нүктесі, 2 қоғамдық тамақтану пункті, 1 шаштараз, 2 дәріхана пунктері.

 

2.2 Әлеуметтік инфрақұрылым және қызметтер

 

Округтің әлеуметтік инфрақұрылымы қанағаттанарлық жағдайда, халыққа негізгі қызметтер көрсетіледі.

Әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым бір қанағаттанарлық деңгейде дамыған.

2023 жылмен салыстырғанда округ халқы 1924 адамнан 2024 жылы 1871 адамға дейін төмендеді.

Ауылдық округ аумағынан тыс жерлерге 72 адам кетті, 33 адам қайтыс болды, 43 адам келді, 9 адам туды.

Білім беру

Выдриха ауылында «А.С.Иванов атындағы мектеп-балабақша» Выдриха кешені» КММ қызмет жасайды, оқушылар саны 252 адам, мектеп алды біліммен 10 адам қамтылған, балабақшаға 30 адам барады.

Межовка ауылында тұратын оқушылардың білім беру қызметтерін толық алу үшін Выдриха ауылына «А.С.Иванов атындағы мектеп-балабақша» Выдриха кешені» КММ (он бала) баланы тасымалдау ұйымдастырылды.

2023 жылғы түлектер саны 42 адам, оның ішінде 26 оқушы 9-сыныптан, 16 оқушы 11-сыныптан, ҰБТ орташа балы 70 құрады, білім сапасы 61%.

Мектепте медициналық қызмет, оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастырылған.

2023 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша мектеп ғимаратының цоколіне  жөндеу жүргізілді. Жоғары жылдамдықты интернет өткізілді.

Білім беру саласындағы негізгі проблемалар мыналар:

  • балаларды тасымалдауға арналған жаңа автобус сатып алу мәселесі.
  • Мектеп жанындағы аумақтың жағдайы, аумақты абаттандыру талап етіледі.
  • келешекте кадрлық құрамды жаңарту проблемасы туындауы мүмкін.

Денсаулық сақтау

Ауылда мемлекеттік ауылдық дәрігерлік амбулатория тұрғындарға амбулаториялық-емхана көмегін көрсетеді, ол Выдриха ауылында орналасқан, АДА ғимараты 2014 жылы салынған. Қызметкерлер саны 1 дәрігер, 4 адам орташа медперсонал, 5 адам техникалық персонал.

Ерте кезеңде ауруларды анықтау мақсатында скринингтік зерттеулер жүргізіледі. 2023 жылы скринингтік зерттеуден 1055 адам өтті, оның ішінде 712 адам ересек тұрғындар, 343 адам бала.

2023 жылы Межовка ауылында медициналық пункт салынды.

Ауыл тұрғындарын медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мақсатында округ аумағында екі дәріхана пункті жұмыс жасайды.

«ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Уба» шипажайы» КММ Выдриха ауылының визитті карточкасы болып табылады. Выдриха ауылында шипажай қызметкерлерінің саны 139 адам. 2023 жылы шипажайда сауықтырудан 3932 адам өтті.

Медициналық қызмет көрсету саласының негізгі проблемалары:

  • кадрлық құрамды жаңарту.

 

Спорт, мәдениет, бос уақыт

Выдриха ауылында спорт залы, волейбол-баскетбол алаңы, футбол алаңы, хоккей алаңы, спорттық тренажерлер, стрит воркаут алаңы қызмет жасайды.

2023 жылы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындар саны 662 адамды құрады. Ауылда спорттың ат түрлері дамуда, баскетбол, волейбол, еркін күрес, армрестлинг спорттық секциялары жұмыс жасайды.

Ауылда Мәдениет үйі бар, ол 2020 жылғы маусымда «Шемонаиха ауданы әкімдігінің мәдениет үйі» КМҚК теңгеріміне берілді, Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы бойынша 2020 жылы 40 799 917,0 теңге сомасына «Мәдениет үйінің ағымдағы жөндеуі» жобасы жүзеге асырылды: шатырын ауыстыру, ішкі жайларды косметикалық жөндеу жүргізілді. Ғимараттың барлығында пластикалық терезелер мен есіктер орнатылды. Соңғы жылдар ішінде Мәдениет үйінің ғимаратында жылу болмаған. Жөндеу жүргізілгеннен кейін электроқазандық орнатылды, ол шағын залды, кіреберісті, мәдени ұйымдастырушының кабинетін жылытады.

МҮ ғимаратында ауылдық кітапхана жұмыс жасайды, онда онлайн орталық жұмыс жасайды. Кітапхананың кітап қоры 14466 кітапты құрайды (2467 мемлекеттік тілде, 11935 орыс тілінде, 64 шетел тілдерінде).

Спортты, мәдениетті және тұрғындардың бос уақытын дамыту саласындағы проблемалар мыналар:

  • күреспен айналысатын спорт залының жоқтығы
  • Спорттық мүліктің жоқтығы
  • Жарыстарды өткізуге арналған қаржылық қаражаттың жоқтығы (сыйлықтар, іссапар шығындары)
  • МҮ және кітапхана негізгі құралдарының жағдайы (үстелдер, орындықтар)
  • МҮ үлкен залындағы жылыту (теплофондар мен жылытқыштар тиімсіз.

Әлеуметтік қызметтер және қамтамасыз ету

Ауыл тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі.

Выдриха ауылдық округінің аумағында 887 жеке тұрғын үй бар, жалпы ауданы 50,2 шаршы метр. Халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейі бір адамға шаққанда 18 шаршы метрді құрайды. Тұрғын үй қажеттілігі жоқ.

 

2.3. Инженерлік инфрақұрылым, абаттандыру

 

Выдриха ауылдық округінің аумағында инженерлік инфрақұрылым аз дамыған.

Энергиямен жабдықтауды «ШҚ РЭК» АҚ өңірлік энергетика компаниясымен қамтамасыз етіледі. Электр желілері күрделі жөндеуді талап етеді. Электрді беру желілерінің жағдайынан электрэнергиясы жиі өшуі орын алады.

Жалпы Выдриха ауылдық округі телефон байланысымен, желілік және сымсызбен қамтамасыз етілген. Выдриха ауылында интернет байланысымен қамтамасыз етілу 100%, Межовка ауылында ішінара, ұялы байланыс жоқ.

Сумен жабдықтау, суды бұру және көлік қол жетімділігі

Выдриха ауылының аумағында үш су сорғыш ұңғымаларымен 14 км ұзындығы бар су құбыры желілері бар. 2024 жылғы қаңтарда су құбыры желілері  Шемонаиха ауданының ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің теңгеріміне берілді.

Межовка ауылында сумен қамтамасыз ету орталықтандырылмаған. 2020 жылы ауыл орталығында тұрғындардың мұқтаждықтарына ұңғыма қазылды және суды тазарту модулі орнатылды. Ауылдық округте тазарту құрылыстары мен кәріз жүйесі жоқ. 2019 жылы тазарту құылыстары мен кәріз жүйесінің құрылысына ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстар басталған, жұмыстар тоқтатылды.

Выдриха ауылында жолдардың ұзындығы 27 км құрайды, олардың 60 % көшесінің қатты жабуы жоқ. Асфальт жабуының тозуы және көшелердің жүргін бөлігінде оның жоқтығы аталмыш ауылдық округта тұру жайлылығын қамтамасыз етуге әсер ететін өзекті проблема болып табылады. Межовка ауылында 5 км жол бар, қатты жабусыз, П.Н.Худяков көшесінде 1,5 км ұызндығында қиыршық тас жабуы бар.

Жыл бойы үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету, тұрғылықты халықтың көліктік қамтамасыз етілуін жақсарту, жүкті тасымалдауды, жүруді жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында Выдриха ауылында және Межовка ауылында жол төсеміне әрі қарай жөндеуді жүргізу қажет. 2022 жылы Выдриха ауылындағы Ми рный тұйық көшесінің жол жабуына орташа жөндеу жүргізілді (1,5 км), 2023 жылы Центральная көшесі мен А.С.Иванов көшесін орташа жөндеу жүргізілді – 0,800 км.

Выдриха ауылында 872 шаршы метр аумақта жаяужолдар бар. 2022 жылы Казахстанская көшесі бойынша қоршауы бар тротуарды салу жүргізілді, арақашықтығы 35 м.

Бүгінгі таңда Выдриха ауылында жеке темір тіректерде көше жарығы бар. Көше жарығын ауылдың шеттерінде жалғастыру қажет: Малоросиийский, Казахстанский, Целинный көшелерінде. Межовка ауылында көше жарығы ШҚ ӨЭК тіректерінде.

Выдриха ауылының аумағында ҰОс жылдарында қаза тапқан және қайтыс болған ҰОс қатысушыларына арналған обелиск орналасқан Жеңіс Саябағы мен Еңбек озаттығы үшін марапатталған тыл еңбеккерлері, еңбек ардагерлерінің еңбек даңқы саяжолы орналасқан.

Жаппай саяси репрессиялардың құрбандары туралы естелікке арналған Выдриха ауылында Естелік саяжолы салынды.

Инженерлік инфрақұрылым және абаттандыру жағдайындағы проблемалар:

  • Электрді беру желілері мен электр тіректерінің тозуы.
  • Ауылдық округ бойынша мобильді және интернет байланысының жағдайы.
  • Межовка ауылында мобильді байланыстың жоқтығы.
  • Су құбыры желілерінің жағдайы. Жөндеу қажет.
  • Тазарту имараттары мен кәрізз желілерінің жоқтығы.
  • Ауыл ішіндегі жолдардың, барлығы 23км қанағаттанарлықсыз жағдайы.
  • Выдриха ауылдық округтің ауылдарына кіреберістердің қанағаттанарлықсыз жағдайы, барлығы 3,5 км.
  • Көше жарығы желілеріне ағымдағы жөндеу қажет.
  • Выдриха ауылындағы және Межовка ауылындағы көше жарығын орнату.
  • Жеңіс саябағының жағдайы (обелискіге ағымдағы жөндеу қажет, еңбек даңқы саяжолы құрылысының аяқталуы).

 

2.4. Экология және туризм

 

Ауылдық округтің экологиясы қолайлы, ластаудың көздері жоқ, экологиялық тұрғыдан қауіпті өндірістер жоқ.

Мал қорымының, ҚТҚ полигонының, тазарту имараттарының жоқтығы экология қауіпсіздігінің негізгі қатері болып табылады.

Туризмді дамыту үшін инфрақұрылым дамымаған, әзірленген маршруттар, логистика жоқ, демалуға жабдықталған орындар жоқ, ауылдарға кіреберістер жоқ.

 

2.5 Өзекті мәселелер және қауіптер

 

2.5.1. Выдриха ауылы және Межовка ауылының экономикалық дамуын шектейтін негізгі факторлар мыналар:

  1. Ауыл шаруашылық өндірістің жеткіліксіз табыстылығы – ауыл шаруашылық өнімдеріне төмен сатып алу бағалары, өткізу нарықтарына қол жетімділіктің жоқтығы айтарлықтай шектеу болып табылады.
  2. Ауыл шаруашылығы саласында кадрлар тапшылығы анықталды – еңбекақының төмен деңгейі, тұру жағдайларының жайсыздығы, облыс орталығынан алшақтығы салаға кадрлардың келуіне тежеу болуда.
  3. Ауылдық жерлерде банк институттарымен кепілдікті төмен бағалауы (немесе кепілге алудан бас тарту) салдарынан кредиттеумен қиындықтар.

 

 

2.5.2. Әлеуметтік инфрақұрылым мен қызметердің негізгі проблемалары:

  1. Тартымсыз тұрмыстық жағдайлар және жұмысқа орналасу мен лайықты еңбекақыны алу қиыншылығы.
  2. Выдриха орта мектебі ғимаратын сыртқы жөндеу қажеттілігі.
  3. Білім беру нысанының материалдық-техникалық базасын жақсарту.
  4. Мәдени-спорттық салада ескірген материалдық-техникалық база.
  5. Пошта байланысы бөлімінің бейімделген жайда орналасуы, ПҚБ орналастыру үшін ғимарат қажет.
  6. Халықтың тұрақты кетуі әлеуметтік сала әлеуетін төмендету қаупіне әкеледі.

 

2.5.3. Инженерлік инфрақұрылым, абаттандыру, экология және туризмді дамыту саласындағы негізгі проблемалар

  1. Электрмен жабдықтау желілерін жаңартуды жүргізу қажеттілігі.
  2. Сумен жабдықтау желілерін жөндеу.
  3. Выдриха а. төменгі жағын сумен қамтамасыз ету.
  4. Тазарту құрылыстары мен кәріз жүйелірінің жоқтығы.
  5. Су өткізу және көпірлердің қанағаттанарлықсыз жағдайы.
  6. ҚТҚ жою үшін полгионның жоқтығы.
  7. Мал қорымының жоқтығы.
  8. Жағалау аймағы су алу аймағы болып табылады, бұл демалыс аймағын жабдықтауға қиындықтар туғызады.
  9. Жолдар қанағаттанарлықсыз жағдайда.

 

  1. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҒЫ ДАМУЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР

 

№

Іс-шара атауы

Аяқтау нысаны

Қаржылан

дыру көлемі

(мың теңге)

Қаржыландыру көзі

Жүзеге асыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

I. Экономика және ауыл шаруашылығы

1.1

Ауылдық округтің шағын ауыл шаруашылық құрылымдарын ірілендіру

АШҚ ірілендіру

2 000,0

меншік қаражаттар

2024-2026

1.2

Өсімдіктердің зияндары мен ауруларынан а/ш алаптарды қорғау

Өнімділікті арттыру

165 000 000,0

а/ш құрылымдардың меншік қаражаттары

2024-2026

1.3

Топырақтың құнарлығын сақтау

Өнімділікті арттыру

90 000,0

а/ш құрылымдардың меншік қаражаттары

2024-2026

1.4

А/ш техникасымен техникалық қайта жабдықтау, сатып алу (жаңарту)

а/ш техника базасында мемлекет

тік тіркеу

145 000 000,0

а/ш құрылымдардың меншік қаражаттары

2024-2026

II. Әлеуметтік инфрақұрылым және қызметтер

Білім беру

2.1

Мектеп ғимаратын сыртқы жөндеу (сыртқы қаптау)

Орындал

ған жұмыстар актісі

20 000,0

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы

2024-2026

2.2

Бірінші қабат еденін ағымдағы жөндеу

Орындал

ған жұмыстар актісі

30 000,0

Облыстық бюджет

2024-2026

2.3

Шатырдың өртке қарсы қоршауын жайластыру

Орындал

ған жұмыстар актісі

2 000,0

Облыстық бюджет

2024-2026

2.4

Аумақты абаттандыру

Орындал

ған жұмыстар актісі

12 000,0

Облыстық бюджет

2024-2026

2.5

Автобус сатып алу

МТБ нығайту

35 000,0

Облыстық бюджет

2024-2026

Денсаулық сақтау

АДА

2.6

Компьютерлік техниканы жаңарту

МТБ нығайту

2000,0

Жергілікті бюджет

2024-2026

«Уба» шипажайы

2.7

Демалушылардың терренкуры үшін саябақты құнарландыру

Орындал

ған жұмыстар актісі

 

Облыстық бюджет

2024-2026

2.8

Асхананы қайта ққұұруға ЖСҚ әзірлеу

Орындал

ған жұмыстар актісі

 

Облыстық бюджет

2024-2026

2.9

«Уба» шипажайы аумағын абаттандыру

Орындал

ған жұмыстар актісі

 

Облыстық бюджет

2024-2026

Мәдениет, спорт

2.10

МҮ аумағын абаттандыру (жазғы алаңды жайластыру)

Орындал

ған жұмыстар актісі

13 000,0

Жергілікті бюджет

2024-2026

2.11

Тұрмыстық бөлмені жайластыру (су құбыры желілерін, кәріз желісін өткізу)

Орындал

ған жұмыстар актісі

3 000,0

Жергілікті бюджет

2024-2026

2.12

Музыкалық басшы қосымша штаттық бірлікті енгізу

Штаттық бірлік

 

Жергілікті бюджет

2024-2026

2.13

Межовка ауылында ашық әмбебап спорт алаңын жайластыру

Орындал

ған жұмыстар актісі

25 000,0

Жергілікті бюджет

2024-2026

2.14

Выдриха ауылында ашық әмбебап спорт алаңын жайластыру

Орындал

ған жұмыстар актісі

 

25 000,0

Жергілікті бюджет

2024-2026

2.15

Шағын ангар спорт кешенін жайластыру

Орындал

ған жұмыстар актісі

260 000,0

Жергілікті бюджет

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы

2024-2026

III. Инженерлік инфрақұрылым, абаттандыру

3.1

Выдриха ауылында тазарту имараттары мен кәріз жүйесін салу

Сараптама қорытын

дысы

360 000,0 т.т.

Республикалық бюджет

2024-2026

Сумен жабдықтау жүйесі

3.2

Сумен жабдықтау желілерін «Шемонаиха СУ АРНАСЫ» ЖШС теңгеріміне табыстау

Табыстау актісі

 

 

2024 жылғы қаңтар

3.3

Су құбыры жүйесін ағымдағы жөндеу

Орындал

ған жұмыстар актісі

120 000,0

Жергілікті бюджет

2024-2026

Жолдар

3.4

Жаңа материалдарды қосумен ауылдық жолдарды грейдерлеу

Орындал

ған жұмыстар актісі

17 000,0

Жергілікті бюджет, Әлеуметтік жауапкершілік

2024-2026

3.5

Ауыл ішіндегі жолдарды орташа жөндеу, барлығы 5 км

Орындал

ған жұмыстар актісі

135 000,0

Облыстық бюджет, жергілікті бюджет

2024-2026

3.6

Выдриха ауылына кіреберісті орташа жөндеу

Орындал

ған жұмыстар актісі

62 000,0

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы

2024-2026

3.7

Межовка ауылына кіреберісті орташа жөндеу

Орындал

ған жұмыстар актісі

30 000,0

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы

2024-2026

Көше жарығы

3.8

Көше жарығы желілерін жаңарту және ағымдағы жөндеуді жүргізу

Орындал

ған жұмыстар актісі

20 000,0

Жергілікті бюджет

2026

3.9

Солнечная көш.,

Луговая көш., Малороссийская көш.,

Целинная көш.,

Школьная көш.

көше жарығын жайластыру

Орындал

ған жұмыстар актісі

50 000,0

Жергілікті бюджет

2024-2026

3.10

Жеңіс саябағын ағымдағы жөндеу

Орындал

ған жұмыстар актісі

17 000,0

Жергілікті бюджет

2024-2026

3.11

Еңбек даңқы саяжолын жайластыру (2 бөлім)

Орындал

ған жұмыстар актісі

8 000,0

Жергілікті бюджет

2024-2026

 

 

Дата публикации
29 января 2024