2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары өз учаскесін келесі тәсілдер бойынша таба алады:
|
www.gov.kz/sailau |
sailau.gov.kz |
sailau2026.gov.kz |
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
xc
Шығыс Қазақстан облысында Шемонаиха ауданы 3,96 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2026 жылдың 1 қаңтарына ауданның халық саны – 40 047 адамды құрады, оның ішінде қала халқының саны – 17 842 адам, ауыл халқының саны – 22 205 адамды құрады. Ауданда 10 ауылдық округ, 32 елді мекен бар.
ӨНЕРКӘСІП
Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2026 жылдың маусым айында нақты бағада 96,2 млн.теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 101,3% құрады. Тау-кен өнеркәсібі 97,2 %, өңдеуші өнеркәсібі 115,9%, азық түлік өнімдерін өндіру 106,9 % құрады.
2026 жылдың маусым айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 15313,3 млн теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 80,4% құрады. Тұрғын үйді енгізу өткен жылдың сәйкес кезеңіне салыстырғанда 102,4% құрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.
2026 жылдың маусым айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 1366,3 тонна (2025 жылдың сәйкес кезеңіне 88,2%-ды) құрады.
23544,7 тонна (115,6%) - сүт өндірісі.
3176,1 дана (78,2 %) – жұмыртқа.
2026 жылдың маусым айында Ірі қара мал саны 103,8%, оның ішінде сиырдың басы 107,3% көбейді, қой мен ешкі саны 103,3%, жылқы басы 94,2%, шошқа басы 85,7%, құс басы 96,0% құрады.
2026 жылдың маусым айында орташа еңбек ақы мөлшері 406 549 теңгені құрады, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 112,3 %-ға ұлғайды
Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 101,8 % құрады.
shemonaiha.vko.gov.kz / Cтатистика
|
Орындаушы: Шагатаева Р.Б. Тел. +7 (72332) 3-13-55 |
Шемонаиха ауданының Статистика басқармасының басшысы: Шагатаева Р.Б. Тел. +7 (72332) 3-13-55 E-mail: ra.shagataeva@aspire.gov.kz |
Мекенжай: Капорина 35 |
© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
Баспасөз хабарламаларын бекіту
Шемонаиха ауданының 2026 жылғы маусым
әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
№6
2026 жылғы 16 шілде
|
Лауазымы |
Қолы |
Ажыратылуы |
|
Шемонаиха ауданының Статистика басқармасының басшысы |
|
Р.Б. Шағатаева «16» шілде 2026 жыл |
Қазіргі таңда Катонқарағай ауылы мерекелік безендіріліп, халықаралық деңгейдегі айтулы шараның қонақтарын қарсы алуға дайындалуда.
Фестиваль қарсаңында ауыл ерекше сәнге бөленіп, мерекелік атмосфера қалыптасып келеді.
Фестивальға 1 күн қалды.
Дереккөз: rustem_katon
Фотосурет: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
Биыл 1 шілдеден бастап Қазақстанда электрлі самокаттарды жалға беру сервистері мен оларды пайдаланушыларға қойылатын жаңа талап күшіне енді.
Енді электрлі самокаттарды жалға беретін компаниялар қызметті пайдаланушылардың жасын, жүргізуші куәлігінің болуын, олардың көлік құралын басқару құқығынан айырылмағанын тексеруге міндетті. Электрлі самокатпен жолдың жүру бөлігіне тек кәмелетке толған және кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі бар пайдаланушылар ғана шыға алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Игорь Клишин мәлімдеді.
Бұдан бөлек, жалға берілетін самокаттарда мемлекеттік тіркеу нөмірі мен міндетті сақтандыру болуы тиіс. Ал сервистер самокаттардың қозғалыс жылдамдығын, техникалық жай-күйін және олардың тұраққа қойылуын бақылауға міндетті.
«Өзгерістер пайдаланушылардың жауапкершілігіне де қатысты. Жол қозғалысы ережелерін алғаш рет бұзғаны үшін 2 АЕК мөлшерінде, ал бір жыл ішінде заң бұзушылық қайталанған жағдайда – 10 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Егер құқық бұзушылық жол-көлік оқиғасына әкеліп, адамның денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірілсе, айыппұл мөлшері ұлғаяды», – деп нақтылады Игорь Клишин.
Электр самокатын жүргізушілерге жолаушыларды тасымалдауға, жаяу жүргіншілер өткелі арқылы самокаттан түспей жолды кесіп өтуге, сондай-ақ қараңғы уақытта жарық қайтаратын элементтерсіз жолдың жүру бөлігімен қозғалуға тыйым салынады. Жолдың жүру бөлігімен жүрген кезде түймеленген қорғаныс дулығасын кию міндетті.
Тағы бір жаңа талап 2026 жылғы 25 тамыздан бастап күшіне енеді. Осы күннен бастап электрлі самокатпен тротуар және жаяу жүргіншілер жолағымен жүруге тыйым салынады.
Дереккөз: ШҚО ӨКҚ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі
Құрметті отандастар!
Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі – бүкіл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады. Біз саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз.
Осы ерекше күн еліміздің бүкіл саяси жүйесін, сондай-ақ мемлекеттің және азаматтық қоғамның негізгі институттарын түбегейлі жаңғырту кезеңі басталғанын аңғартады.
15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда Қазақстан халқы ел тағдырына тікелей ықпал ететін және мемлекеттің ондаған жылдарға арналған даму бағдарын айқындайтын таңдауын жасады. Миллиондаған отандасымыз берекелі бірлік танытып, шынайы отаншылдық пен жоғары жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетті. Бұл тарихи шешімнің төл шежіремізде алтын әріппен жазылатыны анық.
Бұдан былай Конституция күні «Наурызнама» онкүндігімен қатар аталып өтеді. Мұның символдық мәні зор. Конституция күні ел ішінде ғасырлар бойы орныққан көктемгі жаңару дәстүрлерін Ата заңның басты қағидаттарымен тоғыстырады, яғни азаматтарымыздың ырысты ынтымаққа, озық білімге, ел игілігі жолында адал еңбек етуге деген талпынысымен үндеседі.
Біз нағыз Халық Конституциясының мызғымас құқықтық негізіне арқа сүйеп, барлық мақсат-мұраттарымызға міндетті түрде жетеміз. Заң мен Тәртіп, Еңбексүйгіштік пен Өрлеу, Тазалық пен Табиғатты аялау сынды жасампаздық құндылықтарын қоғамда берік орнықтырамыз. Бұған еш күмәнім жоқ.
Біз бірлігі бекем, біртұтас ұлт ретінде әлемдік өркениеттің шыңын бағындырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін және барлық азаматтың жан-жақты дамуына жол ашатын мемлекетті – Әділетті Қазақстанды құрамыз!
Қастерлі Отанымызды көркейту жолындағы жоспарларымызды ойдағыдай орындаймыз. Мен бұған кәміл сенемін!
Қазақстан Республикасы жасай берсін!
Халқымыз мәңгі жасасын!
👨🏻🌾Құрметті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, фермерлер және тұрғындар!
📞Егер егістік алқаптарында, жайылымдарда немесе елді мекен маңында шегіртке зиянкестерін байқасаңыз, төменде көрсетілген байланыс нөмірлері арқылы Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясына хабарласуыңызды сұраймыз.
Құрметті округ тұрғындары!
2026 жылғы 9 сәуір күні сағат 13:00-де біздің округте жалпыұлттық сенбілік өтеді — тазалық, көркейту және туған жерге қамқорлық күні!
Бұл – округімізді бірге таза, көрікті әрі жайлы етуге тамаша мүмкіндік. Әрбір үлес маңызды — аумақты тазалау, ағаш отырғызу немесе жай ғана жақсы көңіл-күймен қатысу болсын!
Белсенді қатысуға шақырамыз:
🏢 округ ұйымдарын
🧑💼 жеке кәсіпкерлерді
🏡 барлық тұрғындарды
Ортақ игілік үшін күшімізді біріктіріп, өзіміз тұратын жерді қаншалықты жақсы көретінімізді көрсетейік!
✨ Бірге округімізді көркейтіп, жақсарта түсейік! ✨
Волчан ауылдық округі әкімдігі