Шығыс қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Вавилон ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының 2026-2028 жылдарға арналған даму бағдарламасы

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

 

Бағдарлама атауы

Шемонаиха ауданы Вавилон ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының 2026-2028 жылдарға арналған даму бағдарламасы

Округтің негізгі сипаттамасы

- Вавилон округі әкімшілік-аумақтық округ ретінде 1997 жылы құрылды;

- округ аумағы бес елді мекеннен тұрады- Камышинка а, Пруггерово а, Сугатовка а, Кенюхово а, Горкуново а.

- округтегі тұрғындар саны 2196 адам;

- округ орталығы Камышинка ауылы;

-жергілікті қоғамдастық жиыны 2015 жылы құрылды, 2022 жылы 4 жыл мерзімге қайта сайланды;

-жергілікті қоғамдастық құрамы 18 адамнан тұрады.

 Кіріспе

Шемонаиха ауданының Вавилон ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастық даму бағдарламасы онда тұратын халық пен оған іргелес жатқан аумақтардың тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге арналған

Вавилон ауылдық округі Шемонаиха ауданының солтүстігінде орналасқан, аумақтық-әкімшілік округ болып 1997 жылы құрылған. Ресей Федерациясымен, Бородулиха ауданы, Октябрь ауылдық округімен шектеседі.

Вавилон ауылдық округі бес елді мекеннен тұрады; Камышинка, Пруггерово, Сугатовка, Кенюхово, Горкуново, жалпы саны 2196 адам, ауылдың әкімшілік орталығы - Камышинка. Халықтың этникалық құрамын 12 ұлттың өкілдері құрайды, олардың ішінде қазақтар – 7,22 %, орыстар - 79,9%,  басқа ұлт өкілдері – 12,88 %.

Округ аумағы - 31877 га, оның ішінде елді мекендердің жерлері - 2338 га, ауылшаруашылық жерлер - 28 315 га, оның ішінде егістік - 20 085 га, жайылымдар - 5 931 га, шабындықтар - 1772 га, 391 га шаруашылық ішіндегі жолдар, коммуникациялар, ауылшаруашылығының жұмыс істеуі үшін қажетті жабық су қоймалары, ғимараттар мен құрылыстар алып жатыр.

 

Дата публикации
05 февраля 2026