«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Вавилон ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Вавилон ауылдық округі әкімнің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2025 жылғы қызметі туралы есеп
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39 Н/Қ «Мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Вавилон ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жеке және заңды тұлғаларға 5 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2025 жылы Вавилон ауылдық округі әкімінің аппараты 10 мемлекеттік қызмет көрсетті.
- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 2 қызмет.
- Жер учаскесін жеке меншікке, бір реттік немесе бөліп төлеу арқылы сату - 1 қызмет.
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару - 2 қызмет.
- Елді мекен немесе ауыл жерлерінен жер учаскесін беру - 5 қызмет.
2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартудың негізді саны нөлге тең болды.
Жыл ішінде мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ, мемлекеттік қызметтерді көрсетуде кідірістер болған жоқ.
Вавилон ауылдық округінің әкімі А. Ожекенова