«Шемонаиха ауданының Вавилон ауылдық округі әкімнің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2024 жылғы қызметі туралы есеп
Қазақстан Республикасының Цифрық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39Н/Қ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Шығыс Қазақстан облысы Вавилон ауылдық округі әкімінің аппараты»ММ жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 түрін көрсетеді.
2024 жылы Вавилон ауылдық округі әкімінің аппараты 6 мемлекеттік қызмет көрсетті:
- «Сауда-саттықты (конкурстарды,аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 5.
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту – 1.
2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тарту саны - 0.
Бір жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар туралы мәліметтер түскен жоқ, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу болған жоқ.
Вавилонка ауылдық округінің әкімі А. Ожекенова