«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Вавилон ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтама

«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Вавилон ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері негізінде 2026 жылғы 04 мамыр мен 04 маусым аралығында құрамында: А.К. Ожекенова, Т.И. Майорова,   Н.О. Вакулина, Т.С. Войтович, Е. А. Крущук бар жұмыс тобы. «Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Вавилон ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-әкім аппараты) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

- әкім аппаратының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде және ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

- мемлекеттік органның ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

- кадрлық процестерді талдау;

- мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау;

- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау;

-қаржы-шаруашылық қызметті және мемлекеттік сатып алуды талдау;

-сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және қызметтік әдеп нормаларының сақталуын талдау.

Дата публикации
28 мая 2026