GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Қызметі
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Все материалы
20 мая 2026
«Жалған iPhone сатып алу: алаяқтықтың жаңа схемасы»

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің
тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы
ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің мәліметінше
(https://www.bleepingcomputer.com/news/security/apple-account-change-alerts-abused-to-sendphishing-
emails/, https://itspeaker.ru/news/khakery-atakuyut-polzovateleyapple/,
https://securitymedia.org/news/list/apple-prevratili-v-fishing-retranslyator-moshennikivshivayut-
primanku-v-legitimnye-uvedomleniya.html), қаскөйлер PayPal төлем жүйесін
пайдалану арқылы iPhone құрылғысын сатып алу туралы жалған
хабарламалар таратуда.
Мұндай хаттар барынша шынайы көрінеді, себебі
киберқылмыскерлер appleid@id.apple.com мекенжайын пайдаланып,
хабарламалардың мазмұнын қолдан өзгертіп жібереді.
Хат мәтінінде пайдаланушыға iPhone құрылғысы сатып алынғаны
туралы хабарланып, транзакцияны тоқтату ұсынылады. Ол үшін көрсетілген
телефон нөмірі арқылы «қолдау қызметіне» хабарласу қажет екені айтылады.
Қоңырау барысында алаяқтар пайдаланушыны Apple ID аккаунты
бұзылды деп сендіріп, аккаунтты «қорғау» сылтауымен:
- құрылғыға қашықтан қол жеткізуге арналған бағдарламаларды
орнатуды ұсынады;
- құпия деректерді, соның ішінде парольдерді сұратады;
- шұғыл және қауіп-қатер сезімін тудыра отырып, психологиялық
тәсілдерді пайдаланады.
Цифрлық қауіпсіздіктің қарапайым шараларын сақтау
ұсынылады:
- күмәнді сілтемелерге өтпеу және хаттағы нөмірлерге қоңырау
шалмау;
- сатып алу туралы ақпаратты тек ресми сервистер арқылы тексеру;
- бөгде бағдарламаларды орнатпау;
- екі факторлы аутентификацияны пайдалану.
Осындай хабарламаларды алған жағдайда дереу ресми қолдау
қызметіне жүгініп, құқық қорғау органдарына хабарлау қажет.
Сақ болыңыздар: кез келген күтпеген хабарламаларға сенбеңіздер

14 мая 2026
🏆 «Еңбек жолы – 2026» республикалық конкурсы

«Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ аудан тұрғындарын «Еңбек жолы – 2026» республикалық конкурсына қатысуға шақырады.

Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
✅ «Үздік еңбек әулеті»;
✅ «Өндірістің үздік жас қызметкері»;
✅ «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері».

Конкурстың мақсаты – еңбек адамының беделін арттыру, жұмысшы мамандықтарын насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және еңбек дәстүрлерін қолдау.

📌 Қатысу үшін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:
▪ конкурсқа қатысу туралы өтініш;
▪ 2 тілде қысқаша түйіндеме;
▪ 1 түрлі-түсті фотосурет;
▪ жұмыс орнынан бейнеролик (міндетті түрде).

Түйіндемеде:
✔ туған жылы;
✔ білімі;
✔ еңбек өтілі мен жұмыс тәжірибесі;
✔ еңбек жолын бастаған орны;
✔ қазіргі жұмыс орны;
✔ отбасы және хобби туралы мәлімет;
✔ еңбек марапаттары (бар болса) көрсетілуі тиіс.

📅 Құжаттар 2026 жылғы 25 мамырға дейін қабылданады.
📧 Құжаттарды жолдау үшін электрондық пошта:
shem_zan@mail.ru

Аудан тұрғындарын конкурсқа белсенді қатысуға шақырамыз!

14 мая 2026
2026 жылғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсы туралы

         Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, экология және табиғи ресурстар министрліктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес, 2026 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурстын өткізілуін ашық деп жариялады.

         Конкурс ірі, орта, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

  1. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».

Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.

  1. «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы».

Халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.

  1. «Үздік ұжымдық шарт».

Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

  1. «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» .

Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады.

  1. «Экологияға қосқан үлесі үшін».

 Бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер конкурсты ұйымдастырушыларға материалдарды бір данада береді (таңдау бойынша бір тілде рұқсат етіледі):

1) өтінім;

2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады.

Үміткердің есебінде: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат.

3) сауалнама.

Бұл номинациялар бойынша құжаттарды мына мекенжайында қабылданады: «Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

Конкурсқа қатысуға үміткерлердің құжаттары ұсыну мерзімі – 2026 жылғы              01 шілде. Толық  ақпаратты www.paryz.kz сайтынан табуға болады.

14 мая 2026
🛡️ «FradGuard» – интернет-алаяқтардан қорғаныс!

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы интернет-алаяқтықтың алдын алу және азаматтарды фишингтік сілтемелер мен алаяқ сайттардан қорғау мақсатында «FradGuard» мобильді қосымшасын әзірледі.

📱 Қосымша фондық режимде жұмыс істеп, күмәнді сілтемелер, сайттар мен бағдарламалар жүктелмей тұрып пайдаланушыны ескертеді.

«FradGuard» қосымшасының көмегімен:
✅ жеке деректеріңізді қорғауға;
✅ алаяқтық сілтемелерге өтудің алдын алуға;
✅ интернет-алаяқтық тәуекелін төмендетуге;
✅ ұялы телефонды қауіпсіз пайдалануға болады.

📌 Қазіргі уақытта қосымша Android платформасындағы құрылғыларға жүктеуге қолжетімді.

⚠️ Сақ болыңыз!
Бөгде адамдарға:
▪ SMS арқылы келген кодтарды;
▪ банк картасының деректерін;
▪ құпиясөздер мен жеке мәліметтерді бермеңіз.

Өзіңізді және жақындарыңызды интернет-алаяқтардан қорғаңыз!

📲 «FradGuard» мобильді қосымшасына сілтеме:

https://drive.google.com/drive/folders/1LEgSiUCjs4GzXUq-cDfy26z4CKjTRFve


Қауіпсіз интернет – сіздің қырағылығыңыздан басталады!

14 мая 2026
🛡️ URPAQ – Балаларды бірге қорғайық!

Балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы «URPAQ» Telegram-ботын құрды — @VKO_URPAQ_BOT.

Чат-бот арқылы:
✅ буллинг және зорлық-зомбылық факілері туралы хабарлауға;
✅ балаға қатыгездік көрсету жағдайлары бойынша жүгінуге;
✅ бопсалау фактілері туралы хабарлауға;
✅ психологиялық және консультативтік көмек алуға;
✅ балалар құқықтарының бұзылуы туралы хабарлауға;
✅ кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайлар туралы сигнал жолдауға болады.

📌 Өтініштер жедел әрі құпия түрде қаралады.

Егер сізге:
▪ мектептегі буллинг;
▪ балаларға қатысты зорлық-зомбылық;
▪ құқыққа қарсы әрекеттер;
▪ кәмелетке толмағандарға қауіп төндіретін жағдайлар туралы белгілі болса —
бейжай қалмаңыз!

📲 Чат-ботқа өту:
@VKO_URPAQ_BOT

Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз!

29 апреля 2026
Құрметті кәсіпкерлер!

 

Мамыр айындағы мерекелік күндер кезеңінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтауларыңызды сұраймыз.

Назарларыңызға саламыз:

  • бұқаралық іс-шараларды (акциялар, флешмобтар, автожорықтар және өзге де іс-шаралар) өткізу тек жергілікті атқарушы органдармен келісілген жағдайда ғана рұқсат етіледі;
  • рұқсат етілмеген іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Қоғамдық тәртіпті бұзбауларыңызды және белгіленген талаптарды сақтауларыңызды сұраймыз.

29 апреля 2026
Құрметті кәсіпкерлер!

Халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында және Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес, келесі талаптарды сақтауларыңызды сұраймыз:

🔹 Көрнекі ақпарат
Маңдайшалар, хабарландырулар, жұмыс режимі және өзге де ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылуы тиіс.

🔹 Баға көрсеткіштері мен қызметтер
Тауар атаулары, баға көрсеткіштері, мәзірлер мен прейскуранттар екі тілде рәсімделуі қажет.

🔹 Тұтынушы бұрышы
Міндетті ақпарат (лицензиялар, сауда ережелері, байланыс деректері) екі тілде ұсынылуы тиіс.

🔹 Клиенттерге қызмет көрсету
Екі тілде сәлемдесуді қолдану және тұтынушы қай тілде жүгінсе, сол тілде қызмет көрсету ұсынылады.

🔹 Цифрлық сервистер
Чектер, сайттар, әлеуметтік желілер және өзге де материалдарды екі тілде жүргізу ұсынылады.

Қызметтеріңізді көрсетілген талаптарға сәйкестендірулеріңізді сұраймыз.

08 апреля 2026
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz бірыңғай интернет-платформасы іске қосылды

«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

 

1. БЖЗҚ енгізген зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі инернет-платформа дегеніміз не?

 

Азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасы инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікке біріктіреді және инвестициялық қызмет туралы деректерді ұсынуға жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді.

 

2. Бұл жобаның мақсаты қандай?

 

Жобаның мақсаты – халықты осы бағыттағы мәліметтен хабардар ету деңгейін арттыру және зейнетақы активтерінің кірістілігі туралы деректерді жариялауды үндестіру және инвестициялау нәтижелеріне әсер ететін факторларды түсіндіру есебінен зейнетақы активтерін инвестициялау тетіктері туралы тұрақты түсінік қалыптастыру.

 

Инвестициялық басқару жөніндегі бірыңғай ақпараттық интернет-платформа – бұл салымшыларға зейнетақы инвестицияларын онлайн-режимде талдауға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс.

 

3. invest.enpf.kz порталында салымшылар қандай ақпаратқа қол жеткізе алады?

 

invest.enpf.kz порталында пайдаланушыларға зейнетақы жинақтарының жүйесі, бағалы қағаздар, инвестициялау стратегиялары (критерийлері), базалық ұғымдар, зейнетақы активтерін орналастыру құрылымы туралы мәліметтер, сондай-ақ әрбір ИПБ-ның қаржылық көрсеткіштері, ИПБ-лардың реттеушілік талаптарды сақтауы туралы деректер және салымшыларға ИПБ мен оның инвестициялық портретін жасауға мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.

 

Интернет-ресурс кірістілік туралы ақпаратқа ыңғайлы әрі жүйеленген түрде қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Ол белгілі бір кезеңдер аралығын таңдау арқылы динамикада сенімгерлік басқарушылардың (ҚР Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар) басқаруындағы зейнетақы активтері портфельдері бойынша әртүрлі деректерді салыстыруға мүмкіндік береді. Салымшыларға инвестициялық портфельдерді өз бетінше бағалауға, сондай-ақ өз мақсаттарына сай келетін басқарушыны және оның инвестициялық стратегиясын таңдауға арналған құралдар ұсынылады.

 

Осылайша, бірыңғай интернет-платформа зейнетақы жүйесіндегі цифрлық сервистерді дамытудың маңызды тетігіне айналып, салымшылардың зейнетақы капиталын басқаруға саналы түрде қатысуына және өзінің қаржылық болашағын қалыптастыруына ықпал етеді.

 

4. Платформаның негізгі мүмкіндіктері қандай?

 

 

 

  • Ақпараттың көрнекілігі мен қолжетімділігі

Барлық деректер пайдаланушылардың кең ауқымы үшін ыңғайлы және түсінікті форматта ұсынылған, бұл салымшыға өз қаражатының қайда және қалай инвестицияланатынын көруге мүмкіндік береді

  • ИПБ-лардың кірістілігі мен көрсеткіштерін салыстыру

  • Платформа ИПБ-ларды портфель құрылымының кірістілігі, зейнетақы активтерінің шартты бірлігінің құны, сондай-ақ қаржылық көрсеткіштер мен инвестициялық қызмет нәтижелері сияқты негізгі өлшемдер бойынша салыстыруға мүмкіндік береді.

  • Инвестициялық стратегияны саналы түрде таңдау

Салымшы инвестициялық декларацияларды дербес зерделей алады және зейнетақы жинақтарын активтерді инвестициялық басқару критерийіне сәйкес өзі таңдаған ИПБ-ның басқаруына бере алады.

  • Салымшы толық ақпараттық бақылау жасай алады

Қажетті талдау жүргізе отырып, Пайдаланушы порталдан жеке кабинетке өту арқылы өзінің жеке зейнетақы активтері туралы егжей-тегжейлі ақпарат алады. Қажет болған жағдайда міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының 50%-на дейін және ерікті зейнетақы жарналарының 100%-на дейін ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға аудара алады.

 

 

 

5. Салымшы жеке кабинетте қандай операцияларды орындай алады?

 

  Жеке кабинетте салымшы:

 

 

 

  • ИПБ-ға/дан – ҚРҰБ-қа/тан беру/қайтаруға қолжетімді соманы тексере алады;

  • ИПБ таңдау (өзгерту туралы) туралы немесе ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініш беру қағидалары және шарттарымен таныса алады;

  • ИПБ таңдау (өзгерту туралы) немесе ҚР ҰБ-ға қайтару туралы өтініш беру және оның мәртебесін қадағалау;

  • басқа да зейнетақы қызметтері қолжетімді.

 

Тақырып бойынша сұхбат: https://youtu.be/W9vL4G67ESc?si=Y-FxABaaMphxsfsp

 

Бейненұсқаулық: https://youtu.be/XH8ZjgxhkpQ?si=RrcYaR64wpj_wbvH

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

10 марта 2026
«Ұлттық қор - балаларға». Өзекті сауалдар.
  1. Баламның «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысушы екенін қалай тексеруге болады?
    БЖЗҚ-ның kids.enpf.kz сайтындағы «Қатысушыны іздеу» бөлімінде баланың ЖСН-ін енгізіп, «Тексеру» батырмасын басыңыз. Нәтижесінде баланың қай есепті жылдан бастап бағдарламаға қатысушы екені және жинақталған мақсатты талаптардың жалпы сомасы көрсетіледі.
  2. Нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтардың айырмашылығы неде? 
    Нысаналы талаптар – Үкіметтің Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтары алдындағы міндеттемелері. Олар Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50%-ы есебінен жыл сайын қалыптастырылады. Нысаналы талаптардың есебі БЖЗҚ-да жүргізіледі, бірақ активтер Ұлттық қор активтерінің құрамында қалып, инвестициялануын одан әрі жалғастырады және оларға жыл сайын қосымша инвестициялық кіріс есептеледі. Нысаналы жинақтар – Қазақстан Республикасының нысаналы жинақ алуға құқығы бар 18 жасқа толған алушы-азаматының нысаналы жинақтау шотында жинақталған нақты ақша. Бала 18 жасқа толғанда оның нысаналы талаптары нысаналы жинаққа айналады. Олар бағдарламаның әрбір қатысушысының БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотында АҚШ долларымен есептеледі және сақталады. 
  3. Нысаналы жинақтар Ұлттық қордан БЖЗҚ-ға түскеннен кейін инвестициялана ма? БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шоттарына есептелген нысаналы жинақтар қаржы құралдарына инвестицияланбайды. Олар АҚШ долларында сақталады және нысаналы жинақ алушылар немесе олардың мұрагерлері пайдалана алады.
  4. Бір отбасының балалары нысаналы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдері сияқты бір-біріне бере ала ма?  Қолданыстағы заңнамада тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе білім алуға ақы төлеу мақсатындағы нысаналы жинақ төлемдерін жақын туыстарының пайдасына беру көзделмеген.
  5. Менің балама БЖЗҚ-да шот ашылды және оның нысаналы жинақтары да аударылды. Бұл қаражатты кім пайдалана алады? Сіздің балаңыз 18 жасқа толғаннан кейін нысаналы жинақтарын екі мақсатқа – тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) білім беру ақысын төлеуге өз бетінше пайдалану құқығына ие болады. Ол үшін балаңызға Уәкілетті операторларға өтініш беру қажет. Бүгінгі күні уәкілетті оператор-банк ретінде: "Отбасы банк" АҚ (тұрғын үй және білім алу), "Халық банкі" АҚ (білім алу), "Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу) тіркелген.
  6. Ата-аналар жинақтарды тексере ала ма? Кәмелетке толмаған баланың ата-аналары немесе заңды өкілдері өз баласына Бағдарлама аясында жасалған есептеулерді kids.enpf.kz сайтында, EGOV mobile мобильді қосымшасында, сондай-ақ кейбір банктердің қосымшаларында көре алады. Бала он сегіз жасқа толғанда "БЖЗҚ" АҚ-да оған нысаналы жинақтау шоты ашылады, оған тек нысаналы жинақтарды алушының (кәмелетке толған баланың) өзі ғана қол жеткізе алады.
  7. Балаға БЖЗҚ-да шот ашылып, оның нысаналы жинақтары есептеліп қойды. Алайда, 18 жасқа толғанға дейін бір ай бұрын бала азаматтығын өзгертті. Оның нысаналы жинақтарымен не болады? Қазақстан Республикасының азаматтығы он сегіз жасқа толғанға дейін немесе одан кейін тоқтатылған кезде нысаналы талаптарға қатысушы немесе нысаналы жинақтарды алушы нысаналы жинақтар төлемін алу құқығынан айырылады. Бұл ретте оның нысаналы талаптары мен нысаналы жинақтары белгіленген тәртіп бойыншапен басқа қатысушылар арасында бөлінетін болады, ал оның нысаналы жинақтау шоты жабылады.
  8. Нысаналы талаптарға қатысушы-нысаналы жинақтарды алушы қайтыс болған жағдайда мұраға қалған нысаналы жинақтарды алу үшін мұрагерге қандай құжаттар талап етіледі және оларды қайда ұсыну қажет? "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына қатысушы қайтыс болған жағдайда оның нысаналы талаптары немесе нысаналы жинақтары азаматтық заңнамаға сәйкес мұраға беріледі. Оларды алу үшін мұрагерлер БЖЗҚ-ға жүгінуі қажет. Қаражат қайтыс болған адамдардың нысаналы жинақтарын нысаналы жинақтау шотына есептегеннен кейін ғана қолжетімді болады. Төлемдерді алу үшін мұрагерлер уәкілетті оператор-банкте АҚШ долларымен банктік шот ашады. Мұрагерлер қаражатты кез-келген мақсатта пайдалана алады, яғни оларды мақсатты пайдалану туралы міндетті талап жойылады. Нысаналы жинақтары бар адамның қайтыс болуына байланысты төлемдерді ресімдеуге қажетті құжаттардың өзекті тізбесі БЖЗҚ сайтында орналастырылған.
  9. Нысаналы жинақтарды бөліп-бөліп пайдалануға бола ма? Нысаналы жинақтарды алушы он сегіз жасқа толған және Қазақстан Республикасының азаматтығы болған жағдайда, нысаналы жинақтау шотындағы нысаналы жинақты қолда бар нысаналы жинақтар шегінде шектеусіз рет пайдалануға болады.
  10. Егер бала ҚР азаматы емес деген ақпарат шықса, не істеу керек?  Егер ЖСН-ы көрсетілген бала "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан (ЖТМДҚ) алынған мәліметтерге сәйкес ҚР азаматы болмаса, сәйкесінше, ол «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына қатыса аламайды және нысаналы талаптары да болмайды. ЖТМДҚ-дағы мәліметтерді өзектендіру қажет болған жағдайда, тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгінуге кеңес береміз. ЖТМДҚ-ға тиісті түзетулер енгізілгеннен кейін, БЖЗҚ осы жеке тұлғаны өткізіп алған кезеңді ескере отырып, нысаналы талаптарға қатысушы балалардың және (немесе) нысаналы жинақтарды алушылардың тізіміне енгізеді.
  11. Жинақтау қандай валютада жүргізіледі және кейіннен нысаналы жинақтарды алушыға аудару қай валютада жүзеге асырылады? ҚР заңнамасына сәйкес нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды есепке алу БЖЗҚ-да АҚШ долларымен жүргізіледі. Төлеген кезде нысаналы жинақтар нысаналы жинақтарды алушылардың уәкілетті оператор - банктерде АҚШ долларымен ашатын банктік шоттарына есептеліп, аударылады.
  12. Ұлттық қордан төлемдер алу үшін қандай банктерде банктік шот ашуға болады? "Ұлттық қор – балаларға" жобасына қатысатын банктерге қойылатын қандай да бір алғышарттар, талаптар бар ма? Заңнамада екінші деңгейдегі банктер бойынша ешқандай шектеулер белгіленбеген, яғни БЖЗҚ-мен тиісті келісім жасасқан Қазақстанның екінші деңгейдегі кез келген Банкі Бағдарламаға қатыса алады. Бүгінгі күні уәкілетті оператор-банк ретінде: "Отбасы банк" АҚ (тұрғын үй және білім алу), "Халық банкі" АҚ (білім алу), "Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу) тіркелген.
  13. Тарихи отанымыз – Қазақстанға көшіп келдік, "қандас" мәртебесіне ие болдық. Біздің баламыз "Ұлттық қор-балаларға"жобасына қатыса ала ма? Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толмаған барлық азаматы жобаға қатысады. Сіздің балаңыз Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасына қатыса алады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

23 февраля 2026
eGov Mobile қосымшасында мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау қызметі қолжетімді болды

Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар енді әлеуметтік көмек алу үшін eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы өтініш бере алады. Бұған дейін бұл мүмкіндік тек eGov.kz порталы арқылы қолжетімді болатын. Енді өтінішті тікелей смартфоннан рәсімдеуге болады.

Әлеуметтік көмек – бұл өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін ақшалай төлем немесе материалдық қолдау. Қызметтің мобильді форматқа көшуі мұндай көмекті алу процесін анағұрлым жеңіл әрі ыңғайлы етеді. Өтінішті кез келген уақытта және кез келген жерден беруге болады, ал рәсімдеу уақыты едәуір қысқарады.

Мәслихаттардың шешімдері бойынша әлеуметтік көмек қосымша қолдауға мұқтаж азаматтарға, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдарға, өз-өзіне қызмет көрсете алмайтын егде жастағы азаматтарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғаларға, сондай-ақ табысы төмен отбасыларға көрсетіледі.

«Өтініш беру процесі барынша автоматтандырылған. Өтінімді толтыру кезінде деректердің бір бөлігі мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде жүктеледі. Бұл рәсімдеуді жеңілдетіп, қателік жіберу ықтималдығын азайтады. Тәжірибе көрсеткендей, тек 2025 жылдың өзінде eGov.kz порталы арқылы 7 мыңнан астам өтініш түскен», – деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Дәулет Бекманов.

Қызметті пайдалану үшін пайдаланушыға:

  • eGov Mobile мобильді қосымшасына кіріп, «eGov мемлекеттік қызметтер» – «Арнайы қызметтер» бөліміне өту;
  • «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» қызметін таңдап, қажетті деректерді толтыру;
  • қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірімен өтінімді растау;
  • «Қызметтер тарихы» бөлімінде өтініштің өңделу мәртебесі туралы хабарламамен танысу қажет.

Қызмет көрсету нәтижесі ретінде әлеуметтік көмектің тағайындалғаны туралы хабарлама немесе өтініштің қанағаттандырылмағаны жөнінде негізделген жауап беріледі.

Өтініш берілгеннен кейін ол уәкілетті орган тарапынан қаралады. Шешім отбасының табыс деңгейін және белгіленген өзге де өлшемдерді ескере отырып қабылданады. Өтінішті қарау мерзімі – 8 жұмыс күніне дейін. Қызмет тегін көрсетіледі.

Қызмет Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан іске асырылды.

 

 

 

 

 

© Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы