Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабына, 84-бабы, 2-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына, «Шемонаиха-Усть-Таловка автомобиль жолының ШҚО Уба өзені арқылы өтетін көпірі бар жол полициясы бекетіне дейінгі учаскесін қайта жаңарту» жобасына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1-тармақтағы «Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерді мәжбүрлеп иеліктен шығар мерзімі-2025 жылғы 31 желтоқсан» сөздері «Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерді мәжбүрлеп иеліктен шығар мерзімі-2025 жылғы 01 шілде» сөздеріне ауыстырылсын.
«жеке меншік құқығында Оксана Михайловна Литвиноваға тиесілі, нысаналы мақсаты дүкен және дөңгелек жөндеу цехын орналастыру үшін Шемонаиха қаласы, Узкий тұйық көшесі, 1 құрылыс мекенжайы бойынша орналасқан кадастрлық нөмірі 05-086-004-236, ауданы 0,0228 га жер учаскесі» абзац «Надежда Ивановна Литвиноваға, Арина Александровна Шаньшинаға (Литвиноваға)» сөздерімен толықтырылсын.
Шемонаиха ауданының әкімі Д. Кеңесбаев