«Шемонаиха ауданының Шемонаиха қаласы әкімнің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2025 жылдың 3 тоқсандағы қызметі туралы есеп

Қазақстан Республикасының Цифрық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39Н/Қ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты»ММ жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 түрін көрсетеді.

         Ағымдағы жылдың 3 тоқсанында 7 адамға,оның ішінде жеке тұлғаларға–5, заңды тұлғаларға–2, Ақпараттық жүйелер арқылы қағаз және электрондық түрде мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Қағаз түрінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – 3 қызмет көрсетілді: (жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп – бөліп сату), оның ішінде жеке тұлғаларға - 0, заңды тұлғаларға-0; (Жер учаскесін жалға беруді ұзарту), оның ішінде жеке тұлғаларға – 3,заңды тұлғаларға - 0.

Электрондық түрде Е-лицензиялау порталы арқылы– 4 қызмет көрсетілді: (жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру), оның ішінде жеке тұлғалар - 2, заңды тұлғаларға- 2. (Сауда-саттықты( конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу, оның ішінде жеке тұлғаларға-0, заңды тұлғаларға-0. (Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу), оның ішінде жеке тұлғаларға–0. заңды тұлғаларға-0;

         Ағымдағы жылдың 3 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тарту саны -6. Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу - 5 бас тарту. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 1 бас тарту.

Ағымдағы жылдың 3 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар туралы мәліметтер түскен жоқ, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу болған жоқ.

 

 

Дата публикации
07 октября 2025