Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

 

      

Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

                           

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабына, 84-бабы,                       2-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақсан Республикасы Заңының 6-тарауына, абаттандыру іс-шаралары шеңберінде Шемонаиха қаласының «Шәкәрім атындағы № 4 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ іргелес аумағында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскені рәсімдеу туралы Шемонаиха ауданы әкімінің хаты негізінде, Шемонаиха ауданының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жеке меншік құқығында Амир Айтпекович Бекетовқа тиесілі нысаналы мақсаты шағын кәсіпкерлік субъектілері (құрылыстар пен ғимараттар) ғимараттарына қызмет көрсету үшін Шемонаиха қаласы, Заслонов көшесі, 3 учаскесі мекенжайында орналасқан кадастрлық нөмірі 05-086-001-869, ауданы 0,0225 га жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлер иеліктен шығаруға байланысты жер учаскені мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі -2025 жылғы 31 желтоқсан.

  1. «Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі меншік иелеріне осы қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмей жер учаскені мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама жіберсін және оларды заңды талап ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
  2. Келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иесі «Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты» және «Шемонаиха ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемелеріне жүгінуге құқылы.
  3. «Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
  4. «Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Шемонаиха ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, заңнамада белігіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.А. Уахитовқа жүктелсін.

 

 

Шемонаиха ауданының әкімі                                                            Д. Кеңесбаев

Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы
Дата публикации
16 июня 2025