Шемонаиха қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы

Шемонаиха қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысының

хаттамасы

 

Шемонаиха қ.                                                                       28 қыркүйек 2026 жыл

 

Жиналыс өкілдерінің жалпы саны-18

Жиналысқа қатысады-10

 

Желдыбаев М. Е. – Шемонаиха қаласы әкімінің орынбасары:

Жиналыс хаттамасын жүргізу үшін төраға мен хатшыны сайлау қажет. Құрметті жиналысқа қатысушылар, қандай ұсыныстар болады?

Ираида ПетровнаКапоринанытөраға етіп сайлау туралы ұсыныс түсті. «қолдаймын» - 10, «қарсы» - 0, «қалыс қалғандар» - 0 дауыс берді. Жиналыс төрағасы сайланды.

Хатшы болып Жанат ЗияфатовнаКалиеванысайлау туралы ұсыныс түсті. «қолдаймын» - 10, «қарсы» - 0, «қалыс қалғандар» - 0 дауыс берді. Жиналыс хатшысы сайланды.

Сөз жиналыс төрағасына беріледі.

 

Жиналыс төрағасы: Жиналыстың күн тәртібіне көшейік. Бүгін келесі мәселелер қаралуда:

1.     Үнемдеуді қайта бөлу.

2.     Әр түрлі.

 

Күн тәртібі бойынша дауыс беруіңізді сұраймын: «қолдаймын» - 10, «қарсы» -0, «қалыс қалғандар» - 0. Жиналыстың күн тәртібі бекітілді. Жиналысты өткізудің мынадай регламенті ұсынылады: негізгі сөз сөйлеу үшін – 5 минутқа дейінгі регламент, сұрақтар, ұсыныстар, түсініктемелер – 3 минутқа дейін. Дауыс беруге: «қолдаймын» - 10, «қарсы» - 0, «қалыс қалғандар» - 0 қойылады. Регламент бекітілді.

 

1)           Жиналыс төрағасы: Үнемдеуді айта бөлу» мәселесі бойынша Шемонаиха қаласы әкімі- Мурат ЕлюбаевичЖелдыбаевқасөз беріледі.

 

Бағдарлама атауы

2026 жыл мың теңге

009 Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету»

349,00

010 «Жерлеу орындарын ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу»

1 394,00

013 «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету»

59 816,00

045 «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу»

13 267,00

БАРЛЫҒЫ

74 826,00 

 

009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 60 791,0 мың теңге сомасында қаржыландыру көзделген. 2026 жылғы 28 қыркүйектегі жағдай бойынша қабылданған міндеттемелер қаржыландырудың жалпы көлемінің  99,4% -. құрайды. Мемлекеттік сатып алуды өткізу қорытындысы бойынша жалпы сомасы 60 442,0 мың теңгеге шарттар жасалды, нәтижесінде 349,0 мың теңге мөлшерінде бюджет қаражатын үнемдеу қалыптасты.

 

010 «Жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу» бағдарламасы бойынша 1 394,0 мың теңге сомасында қаржыландыру көзделген. 2026 жылғы 28 қыркүйектегі жағдай бойынша туысы жоқ адамдарды жерлеуге көзделген қаражатқа нақты қажеттілік көрсетілген шығыстарды жүзеге асыруды талап ететін жағдайлардың болмауына байланысты жоқ.

 

013 «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 2026 жылға 173 226,0 мың теңге сомасында қаржыландыру көзделген. 2026 жылғы 28 қыркүйектегі жағдай бойынша қабылданған міндеттемелер қаржыландырудың жалпы көлемінің 65,5% -. құрайды.

Мердігердің Шарттың талаптарында көзделген жұмыстарды орындауды бастау жөніндегі міндеттемелерді орындамауына байланысты шарт белгіленген тәртіппен бұзылды. Шартты бұзу нәтижесінде 59 816,0 мың теңге сомасында бюджет қаражатын үнемдеу қалыптасты.

 

045 «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу» бағдарламасы бойынша 342 461,0 мың теңге сомасында қаржыландыру көзделген. 2026 жылғы 28 қыркүйектегі жағдай бойынша қабылданған міндеттемелер қаржыландырудың жалпы көлемінің 96,1% -. құрайды. Мемлекеттік сатып алуды өткізу қорытындысы бойынша жалпы сомасы 329 194,0 мың теңгеге шарттар жасалды, нәтижесінде 13 267,0 мың теңге мөлшерінде бюджет қаражатын үнемдеу қалыптасты.

 

Бюджет қаражатын тиімді және ұтымды пайдалану мақсатында, сондай-ақ нақты қажеттілігі бар іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету үшін қалыптасқан үнемдеуді келесі іс-шараларға қайта бөлуді ұсынамын.

 

Бағдарлама атауы

2026 жыл мың теңге

001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер»

•        2027 жылға арналған БНУ бойынша әмбебап спорт алаңына ЖСҚ әзірлеу.– 3 800,0 мың теңге;

•        Шемонаиха қ. көшелерін орташа жөндеу үшін ведомстволық сараптама жүргізу қызметтері (7 жоба)Жуков-Восточный, Дальняя, Вокзальная 2 участке, А.Капорин, C.Бекбосынов, Наурыз, Б.Момышұлы – 3 601,0 мың теңге;

•        әкімдік ғимаратында жылыту жүйесінің ескірген бөлшектерін ауыстыру – 4 430,0 мың теңге;

•        әкімдік ғимаратында күзет дабылын орнату –1 990,0 мың теңге;

•        баннерлер дайындау – 1 000,0 мың теңге;

•        полиграфиялық қызметтер– 300,0 мың  теңге.

15 121,00

011 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру»

·                     ағаштарды санитарлық кесу (10 дана.)  –  2 439,0 мың теңге;

·                     қаланы мерекелік іс-шараларға безендіру –6 000,0 мың теңге.

 

8 439,00

022 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары»

·                  1 (бір) моноблок сатып алу546,0 мың теңге

546,00

БАРЛЫҒЫ

24 106,00 

 

Баяндалғанға байланысты жобаларды толық көлемде және белгіленген мерзімде іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында жоғарыда көрсетілген іс шараларды орындауға қалыптасқан үнемдеуді қайта бөлу туралы мәселені қарау қажет.

 

Жиналыс төрағасы- Капорина И.П қандай сұрақтар, ұсыныстар болады?

Дауыс беруіңізді сұраймын: «қолдағандар» - 10, «қарсы» - 0, «қалыс қалғандар»- 0.

Қарастырылып отырған мәселені талқылағаннан кейін ШЕШІМ қабылданды: қалыптасқан үнемдеуді қайта бөлу келісілсін.

 

 

Төраға                                                                                                   Капорина И.П.

 

Хатшы                                                                                                     Калиева Ж.З.

 

Дата публикации
01 октября 2026