Положение о государственном учреждении «Аппарат акима Разинского сельского округа Шемонаихинского района Восточно-Казахстанской области»

Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2023 жылғы «__» ___________

№ _____ қаулысына қосымша

 

 

«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы

Разин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Разин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкім аппараты) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Разин ауылдық округі әкімі мен әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

2. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Әкім аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

4. Әкім аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

5. Әкім аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

6. Әкім аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен әкімнің өкімімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Әкім аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 071807, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, Красная Шемонаиха  ауылы, Новосельская көшесі, 12.

Жұмыс тәртібі: сағат 900-ден 1800-ге дейін. Түскі үзіліс сағат 1300-ден 1400-ге дейін. Бес күндік жұмыс аптасы белгіленді. Демалыс және мереке күндері жұмыс, кезекшілік ауылдық округі әкімінің жеке актілерімен белгіленеді.

9. Осы Ереже әкім аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

10. Әкім аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

11. Әкім аппаратының кәсіпкерлік субъектілерімен әкім аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер Әкім аппаратына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

 

12. Мақсаттары:

Әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешу.

13. Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

- мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауа және алу;

- құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

- жергілікті бюджетті бекіту және нақтылау кезінде мәслихат сессияларының жұмысына қатысу;

- мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алу және жүзеге асыру;

- мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалану;

- өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

2) міндеттері:

- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ету;

- қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;

- Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

- қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

14.Функцииялары:

1) Әкім аппараты өз құзыреті аясында:

- ауылдық округ әкімі мен әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз етеді;

- азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

- салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

- азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

- өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

- коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ автомобиль  жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

- шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

- Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді;

- өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

- азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын органдар жоқ кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде кент, ауыл, ауылдық округ әкімі нотариаттық әрекеттер жасауды ұйымдастырады, өз аумағында тұратын азаматтардың азаматтық хал актілерін тіркеуге құжаттар қабылдауды және оларды азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу және жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға мәліметтер енгізу үшін ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың азаматтық хал актілерін тіркеу органына беруді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәліктерді және қажет болған кезде анықтамаларды беруді және табыс етуді жүргізеді;

- жұмыспен қамту органдары жоқ жерлердегі кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп отырады;

- тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

- табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

- қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді;

- мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсетуді ұйымдастырады;

- қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

- дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып, мүгедектігі бар адамдар арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

- мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып, мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады;

- мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;

- халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

- ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

- «Алтын алқа» алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі;

- жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;

- жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

- қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

- шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

- облыстардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға олар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария саласындағы функцияларды орындаған кезде жәрдем көрсетеді;

- қажет болған жағдайда жатқан науқасты денсаулық сақтау ұйымының стационарынан тұрғылықты жеріне дейін тасымалдауды ұйымдастырады;

- жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

- жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде мәслихат сессияларының жұмысына қатысады;

- Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

- өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

- елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

- туысы жоқ адамдарды жерлеуді және жерлеу орындарын күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

- қоғамдық медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

- жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

- қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жұмыспен қамтылуына, оның ішінде:

қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындары мен мекемелері өндіретін тауарларға, орындайтын жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тапсырыстарды орналастыру;

қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында сотталғандардың еңбегін пайдаланатын өндірістер ашу, оларды кеңейту және жаңғырту үшін кәсіпкерлік субъектілерін тарту арқылы жәрдемдеседі.

- ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;

- жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан мәслихатына ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;

- ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешімді қабылдайды;

- жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

- ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

- осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

1-1) Аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды аудандық атқарушы органға енгізеді.

1-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

- берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

- берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

- берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

- жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;

- басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;

- берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;

- бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

- мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

-  тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;

- аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша авариялық жағдайдағы үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

- мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді.

1-3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес:

- мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізеді;

- мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастырады;

- шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын қамтамасыз етеді.

2) әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.

3) әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық мәслихатының алдында жауап бередi.

 

3. Мемлекеттік орган бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
 

15. Әкім аппаратын басқаруды бірінші басшы - ауылдық округ әкімі жүзеге асырады, ол әкім аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

16. Әкім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға сайланады және лауазымнан босатылады.

17. Әкім әкім аппаратының лауазымды тұлғасы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз сөйлейді;

18. Әкімнің өкілеттігі:

- әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметін басшылықты жүзеге асырады;

- жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

- жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

- әкім аппараты қызметкерлерінің міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін бөледі;

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкім аппаратының қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

- әкім аппаратының барлық қызметкерлері орындауға міндетті шешімдер мен өкімдер шығарады, оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нұсқаулар береді;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әкім аппаратының қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді жүзеге асырады;

- қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

- аудан әкімдігі актілерінің, оның тапсырмаларының орындалуын және әкім аппаратында құжаттардың өтуін бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді;

- әкім аппаратында ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

- әкім аппаратының қаржыландыру жоспарын бекітеді және оның шегінде қаржы қаражатына билік етеді;

- қызметтік құжаттамаға қол қояды;

- әкім аппаратының қызметшілерін іссапарларға жібереді;

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда әкім аппаратын ұсынады;

- тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін қарайды және әкім аппаратының қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартады;

- әкім аппаратының перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

- өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ҚР заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

- Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

19. Әкім әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді.

Әкімнің өкілеттіктерін ол болмаған кезеңде орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес міндеттерін атқару жүктелген тұлға жүзеге асырады.

 

4. Мемлекеттік органының мүлкі

 

20. Әкім аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

21. Әкім аппаратына бекітілген мүлік жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншікке жатады.

22. Әкім аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:

- өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

- егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

- шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

- осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

23. Ауылдық округ әкімінің аппараты::

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

- осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
 

24. Әкім аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

Шемонаиха ауданы әкімі

аппаратының басшысы                                                             Л.Марченко

Дата публикации
21 декабря 2023