Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады.
Бұл құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды мұқият талдаудың, ашық қоғамдық талқылаулардың, сондай-ақ жаңа нормалар мен ережелерді жан-жақты әрі тиянақты пысықтаудың нәтижесінде пайда болды.
Конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасының негізінде туындады. Президент бұл идеяны 2025 жылғы 8 қыркүйекте өзінің халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауында елдің саяси жүйесін кешенді жаңғырту және жасанды интеллект дәуірінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі оң серпін беру мақсатында айтқан болатын.
2025 жылғы 8 қазанда Парламенттік реформаны іске асыру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойылды. Оның құрамына белгілі құқықтанушы ғалымдар, сарапшылар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді.
Алайда талқылауларға барлық белсенді азаматтар қосылып, өз пікірлері мен ұсыныстарын e-Otinish және eGov порталдары арқылы жолдай бастады. Осылайша, жаңа реформаны кеңінен әрі қарқынды талқылау шамамен алты айға созылды. Осы кезең ішінде Жұмыс тобы азаматтардан түскен екі мыңнан астам ұсынысты жан-жақты қарап, жүйелеп шықты.
2026 жылғы қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы атқарылған жұмыстың қорытындысын шығарып, алдағы өзгерістерге қатысты өз көзқарасын білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ, парламенттік реформа аясында бастапқыда Ата Заңның шамамен 40 бабына өзгерістер енгізу көзделгенін атап өтті. Алайда жұмыс барысында өзгерістер көлемі әлдеқайда ауқымды болатыны айқындалып, олар саяси және қоғамдық өмірдің көптеген өзге де қырларын қамтитыны белгілі болды.
2026 жылғы 21 қаңтарда Конституциялық комиссия құрылды. Оның құрамына Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі құқықтанушылар, орталық мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, БАҚ басшылары, мәслихат төрағалары, аймақтық қоғамдық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ сарапшылық және ғылыми қауымдастық өкілдерін қоса алғанда 130 адам кірді. Осылайша, Комиссия құрамында Қазақстанның барлық әлеуметтік топтары мен аймақтары толық қамтылды.
Комиссияға Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова басшылық етеді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оның орынбасарлары болып белгіленді.
«Комиссияның құрылуын секторлық өзгерістерден кешенді конституциялық трансформацияға өтудің көрінісі ретінде қарастыруға болады. Оның алдында ерекше миссия тұр. Ол – Ата Заңда бір жағынан конституциялық құрылыстың негізгі принциптерін сақтау, екінші жағынан қазіргі заманғы сын-қатерлерге лайықты көзқарасты білдіру мүмкіндігін қамтамасыз ету», – деп атап өтті алғашқы отырыста Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова.
Комиссияның барлық отырыстары толықтай ашық түрде өткізіліп, тікелей эфирде көрсетілді. Оның жұмысы БАҚ-та кеңінен және егжей-тегжейлі баяндалды. Өз пікірлерін, ескертпелерін және ұсыныстарын белгілі заңгерлер, құқық қорғаушылар, қоғамдық белсенділер, депутаттар, саяси зерттеушілер және басқа да сарапшылар білдірді.
Жұмыс барысында Комиссия мүшелері республиканың Ата Заңының барлық негізгі түзетулерін жан-жақты қарап шықты. Бұл түзетулер Конституцияның барлық бөлімдеріне және 77 бабына қатысты, яғни жалпы мәтіннің 84%-ын қамтыды. Осылайша, Комиссия мүшелері Қазақстанның жаңа Конституциясын әзірлеу мәселесін алға тартты.
Қазақстан Республикасы Ата Заңының тұжырымдамалық өзгерістері мемлекеттің адамға бағдарланғанын арттыруға, Қазақстан халқына тән өзекті құндылықтар мен қағидаттарды көрсетуге, сондай-ақ республикадағы саяси институттар құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталған.
Жаңа Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жария етілді. Бірлік пен ынтымақтастық, ұлтаралық және дінаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде белгіленді.
Егемендік пен Тәуелсіздік, біртұтастық, аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар санатына жатқызылды.
Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау сияқты қағидаттар алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілген.
Сонымен қатар, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендіктің иесі Қазақстан халқы болып табылатыны бекітілген.
Ата Заңымыздың жаңа мәтінінің басты идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация анықталды. Бұл мемлекеттің болашағы минералды ресурстар мен табиғи байлықтармен емес, адами капиталмен және азаматтардың жетістіктерімен анықталатынын көрсететін түбегейлі маңызды бетбұрыс.
Тағы бір маңызды мағыналық бағыт – цифрландыру. Осыған байланысты Конституцияның жаңа мәтінінде алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норма бекітілді.
Конституцияның жаңа мәтінінің басты ерекшелігі – адам құқықтарына бағдарлануы. Осылайша, адам құқықтары мен бостандықтары жаңа Преамбулада ғана бекітіліп қоймай, бүкіл Конституцияның ерекше басымдығы әрі мағыналық өзегі ретінде айқындалған.
Дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылып бекітіледі. Білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты айқындалады.
Неке ер адам мен әйел адамның ерікті және тең құқықты одағы екендігі туралы ереже енгізіледі. Бұл шешім дәстүрлі құндылықтарды ең жоғары құқықтық деңгейде қорғауға және әйелдердің құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.
Конституция жобасының негізгі новеллаларының ішінде мыналарды атап өтуге болады:
145 депутаттан тұратын және жаңа, кеңейтілген өкілеттіктерге ие бір палаталы жаңа Парламент – Құрылтай құрылады. Оны құру кезінде пропорционалды сайлау жүйесі қолданылады, ал депутаттардың өкілеттік мерзімі 5 жылды құрайды.
Пропорционалды жүйе партиялардың кадрлық саясатын дамытуға, олардың институционалдық рөлін арттыруға және саяси күштердің қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді.
Жаңа жалпыұлттық диалог платформасы – Қазақстанның Халық Кеңесі құрылады, ол Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын жалғастырады. Бұл Қазақстан халқының мүдделерін білдіретін, заң шығару бастамасы құқығына ие жоғарғы консультативтік орган болады.
Вице-президент институтын құру. Ол ҚР Президентінің атынан Қазақстан мен шетелдердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады.
Адвокаттық қызметке және адвокатураға арналған арнайы бап алғаш рет Конституцияда бекітіледі.
Зияткерлік меншік құқығын қорғау қамтамасыз етіледі.
Азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдарға, сол құқық бұзушылық үшін қайтадан жауапқа тартуға жол бермеуге тыйым салуды және кінәсіздік презумпциясы қағидаттарына, қоса алғанда, азаматтардың құқықтарына кепілдік күшейтіледі.
«Миранда ережесі» бекітіледі.
Сонымен қатар, Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасында ескірген терминологиялық аппарат мәселесі кешенді түрде шешілуде.
Еліміздің жаңа Ата Заңының мәтіні қалыптасқан мемлекеттік құрылымды, халықаралық беделді, адами капиталды, білім, ғылым және инновацияларды дамытудағы Қазақстанның айқын басымдығын атап көрсетеді, ол сенімді түрде болашаққа көз тастайды.
Сонымен қатар, мемлекеттік құрылымның қалыптасуына және Қазақстанның тарихи дамуында маңызды рөл атқарған қазіргі Конституцияға құрмет көрсетіледі.
Жалпы, Конституцияның жаңа редакциясының алғашқы жобасында Преамбула, 11 бөлім және 95 бап бекітілу ұсынылады.
Ұсыныстар қабылдау e-Otinish және eGov порталдары арқылы жалғасып жатыр.
Жаңа Конституция бойынша нақты шешімді еліміздің азаматтары жалпыұлттық референдумда қабылдайды.
Конституциялық комиссияның жұмысы жалғасуда.
Конституциялық реформа жөніндегі комиссия (Конституциялық комиссия)
****
2026 жылғы 30 қаңтар
ЖОБА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ
Біз, біртұтас Қазақстан халқы,
байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып,
Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтап,
мемлекеттің унитарлы сипатын, оның шекарасы мен аумағының тұтастығына қол сұғуға болмайтынын нақтылап,
Әділетті Қазақстан идеясын және Заң мен Тәртіп қағидатын ұстанып,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталатынын мәлімдеп,
бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарына сүйеніп,
мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтарын бағдарға алып,
табиғатты аялау қажеттігін мойындап,
бейбітшілікке және барлық елмен достыққа ұмтылып,
келешек ұрпақ алдындағы аса жоғары жауапкершілікті сезініп,
Қазақстан Республикасының Ата Заңын – осы Конституцияны қабылдаймыз.
І бөлім
Конституциялық құрылыс негіздері
1-бап
Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
2-бап
3-бап
4-бап
5-бап
Жауаптылықты белгілейтін немесе күшейтетін заңдардың кері күші болмайды.
Жаңа заң бұрын жасалған құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жоятын немесе жеңілдететін болса, жаңа заң қолданылады.
6-бап
7-бап
8-бап
9-бап
10-бап
Қазақстан Республикасы халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларын құрметтейді, мүдделі мемлекеттермен бейбітшілік пен ынтымақтастықты, олардың ішкі ісіне араласпауды, халықаралық дауды бейбіт жолмен шешуді көздейтін сыртқы саясат жүргізеді.
11-бап
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран. Олардың сипаттамасы және пайдалану тәртібі конституциялық заңда белгіленеді.
II бөлім
Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер
12-бап
13-бап
14-бап
15-бап
16-бап
17-бап
18-бап
Күзетпен ұстауға сот шешімімен ғана рұқсат етіледі және оған шағым жасау құқығы беріледі.
19-бап
Діни қызметшілер өздеріне сеніп, сырын ашқан адамдарға қарсы куәлік етуге міндетті емес.
20-бап
21-бап
22-бап
23-бап
24-бап
25-бап
26-бап
27-бап
28-бап
29-бап
30-бап
ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi.
31-бап
32-бап
33-бап
34-бап
35-бап
Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбiт жиналыс, митинг, демонстрация өткізуге құқығы бар. Бұл құқықты пайдалану конституциялық құрылыс негіздерін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысын сақтау мақсатында шектелуі мүмкін.
36-бап
Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға қатысты кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлануға құқығы жоқ.
37-бап
38-бап
Заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу – әр адамның борышы мен мiндетi.
39-бап
40-бап
Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұраның сақталуына қамқор болуға, тарих пен мәдениет ескерткiштерiне ұқыпты қарауға мiндеттi.
41-бап
III бөлім
Президент
42-бап
43-бап
Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлана алмайды.
44-бап
45-бап
46-бап
Қазақстан Республикасының Президенті:
1) Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жолдау жасайды;
2) депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Құрылтай келісімімен Қазақстан Республикасының Вице-Президентін тағайындайды; Қазақстан Республикасының Вице-Президентін лауазымынан босатады, оның өкілеттігін айқындайды.
Құрылтай Қазақстан Республикасының Вице-Президентін тағайындауға келісім беруден қайта бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратады;
3) Қазақстан Республикасы Құрылтайының кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Құрылтайдың бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Құрылтайдың кезектен тыс сессиясын шақырады; Құрылтай ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді немесе заңды не оның жекелеген баптарын қайта талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;
4) Құрылтайда өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациядан кейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кандидатурасын келісім беру үшін Құрылтайдың қарауына ұсынады; депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Құрылтай келісімімен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін тағайындайды; Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін лауазымынан босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Үкімет құрылымын айқындайды; Құрылтаймен консультациядан кейін Премьер-Министр ұсынған Үкімет мүшелерін тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін дербес тағайындайды; Үкімет мүшелерін лауазымынан босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; аса маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді.
Құрылтай Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін тағайындауға келісім беруден қайта бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратады;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын, Жоғарғы Сотының Төрағасын, Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас Прокурорын, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын, Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасын, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығын, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді тағайындайды және оларды лауазымынан босатады;
6) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады, олардың басшыларын тағайындайды және лауазымынан босатады;
7) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдік басшыларын тағайындайды және кері шақырып алады;
8) депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Құрылтай келісімімен Конституциялық Соттың он судьясын сегіз жыл мерзімге, Орталық сайлау комиссиясының алты мүшесін бес жыл мерзімге, Жоғары аудиторлық палатаның сегіз мүшесін бес жыл мерзімге тағайындайды; оларды лауазымынан босатады.
Құрылтай Конституциялық Сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындауға келісім беруден қайта бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратады;
9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын тағайындайды және лауазымынан босатады;
10) жалпыхалықтық референдум өткізу туралы шешім қабылдайды;
11) адамның және Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің Егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету үшін Конституциялық Сотқа күшіне енген заңның немесе өзге де нормативтік құқықтық актінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 93-бабында көзделген жағдайда қорытынды беру туралы өтініш жібереді;
12) Қазақстан Республикасының атынан келіссөздер жүргізеді және халықаралық шарттарға қол қояды; ратификациялық грамоталарға қол қояды; Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің, сондай-ақ халықаралық ұйым басшыларының сенім және кері шақыру грамоталарын қабылдайды;
13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын, құрметті атақтарды белгілейді;
14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттайды, құрметті атақтарды, жоғары әскери атақтарды, сыныптық шендерді, дипломатиялық дәрежелерді, біліктілік сыныптарын береді;
15) Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселесін, саяси баспана беру мәселесін шешеді;
16) кешірім беруді жүзеге асырады;
17) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, ішкі саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауіпсіздігіне тікелей қатер төнсе және бұл мемлекеттік конституциялық органдардың жұмыс істеуін бұзуға алып келсе, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен және Құрылтайының Төрағасымен ресми консультациядан кейін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе жекелеген аймақтарында төтенше жағдай енгізуді, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдануды қоса алғанда, осы мән-жайлар талап ететін шараларды қабылдайды;
18) Қазақстан Республикасына қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген жағдайда Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген аймақтарында әскери жағдай енгізеді, ішінара не жалпы жұмылдыру жариялайды, бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Құрылтайына дереу хабарлайды;
19) өзіне бағынатын Мемлекеттік күзет қызметін құрады;
20) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін құрады;
21) Қауіпсіздік Кеңесін, өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесін құрады;
22) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
47-бап
Үкімет бастамасымен шығарылатын Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне Премьер-Министр алдын ала қол қояды және оған актілердің Конституция мен заңдарға сәйкестігі үшін жауаптылық жүктеледі.
48-бап
Мемлекетке опасыздық жасауды қоспағанда, Президент өкілеттігін атқару барысындағы әрекеті үшін Қазақстан Республикасының Президенті қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.
49-бап
1) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен халықаралық аренада Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді;
2) Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің атынан өкілдік етеді;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағарту ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
4) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
50-бап
51-бап
Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдаған тұлға Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаудан бас тарту туралы өтініш береді. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты осы тұлғаның Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаудан бас тарту туралы өтінішті өз еркімен бергенін растайды және тиісті қорытынды береді.
Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаған тұлға тиісінше Вице-Президент, Құрылтай Төрағасы, Премьер-Министр өкілеттігін доғарады. Бұл жағдайда бос мемлекеттік лауазымдарға орналасу Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
IV бөлім
Құрылтай
52-бап
53-бап
54-бап
55-бап
Құрылтай депутаты:
1) Қазақстаннан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
2) өзіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
4) өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;
5) өзін сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан кезде мандатынан айырылады.
Құрылтай депутаттарының өкілеттігі Құрылтай таратылған жағдайда тоқтатылады.
56-бап
Құрылтай:
1) конституциялық заңдарды және заңдарды қабылдайды;
2) Қазақстан Республикасының Президенті қарсылық білдірген заңдарды немесе заң баптарын қарсылық жіберілген күннен бастап бір ай мерзімде қайта талқылап, дауысқа салады. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын білдіреді. Егер Құрылтай конституциялық заңдар немесе конституциялық заң баптары бойынша депутаттардың жалпы санының төрттен үшінің дауысымен, ал заңдар немесе заң баптары бойынша депутаттардың жалпы санының үштен екісінің дауысымен Президенттің қарсылығын еңсерсе, Президент бір ай ішінде конституциялық заңға және заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығы еңсерілмесе, конституциялық заң және заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп саналады;
3) соғыс және бітім мәселелерін шешеді;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану туралы шешім қабылдайды;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын жариялайды;
6) жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтереді;
7) Қазақстан Республикасының Президентіне Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Қазақстан Республикасының Вице-Президентін тағайындауға келісім береді;
8) Қазақстан Республикасының Президентіне Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін тағайындауға келісім береді;
9) Президенттің Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьяларын, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатасының мүшелерін тағайындауына Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен келісім береді;
10) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын сайлайды және лауазымынан босатады, олардың антын қабылдайды;
11) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьяларын, Жоғарғы Сотының судьяларын тиіспеу кепілдігінен айырады;
12) Құрылтай депутатының өкілеттігін тоқтатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуы бойынша Құрылтай депутатын тиіспеу кепілдігінен айыру мәселелерін шешеді;
13) Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасымен Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруге құқылы;
14) Конституциялық Соттың Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;
15) жылына екі рет Жоғары аудиторлық палата Төрағасының есебін тыңдайды;
16) Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылайды және бекітеді. Құрылтайдың республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін бекітпеуі Құрылтайдың Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруі деп саналады;
17) Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің өз қызметі жөніндегі есептерін тыңдауға құқылы. Қазақстан Республикасының заңдары орындалмаған жағдайда есепті тыңдау қорытындысы бойынша Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің дауысымен Қазақстан Республикасының Президентіне Үкімет мүшесін лауазымынан босату туралы өтініш қабылдауға құқылы. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Үкімет мүшесін лауазымынан босатады;
18) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша тыңдау өткізеді;
19) өз қызметінің регламентін және Құрылтайдың жұмысын ұйымдастыруға, ішкі тәртіптемесіне байланысты мәселелер бойынша өзге де шешім қабылдайды;
20) Құрылтайдың үйлестіру органын және жұмыс органдарын құрады;
21) Құрылтай комиссияларын құрады, төрағаларын сайлайды және лауазымынан босатады, комиссиялардың қызметі туралы есепті тыңдайды;
22) Құрылтайға Конституцияда жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
57-бап
Құрылтай Төрағасын сайлаудан қайта бас тартылған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратады.
1) Құрылтай отырысын шақырады және оған төрағалық етеді;
2) Құрылтайдың қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға жалпы басшылық етеді;
3) Құрылтай Төрағасының орынбасарлары лауазымына сайлау үшін Құрылтайға кандидатуралар ұсынады;
4) Құрылтайдың қызметінде регламенттің сақталуын қамтамасыз етеді;
5) Құрылтайдың үйлестіру органының қызметіне басшылық етеді;
6) Құрылтай шығаратын актіге қол қояды;
7) өзіне Құрылтай регламентімен жүктелетін басқа да міндеттерді атқарады.
58-бап
59-бап
60-бап
1) жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтық құқықтар мен бостандықтарға, жеке және заңды тұлғалардың міндеттемелері мен жауаптылығына;
2) меншік режиміне және өзге де заттық құқықтарға;
3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне;
4) салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге немесе олардың күшін жоюға;
5) республикалық бюджетке, мемлекеттік қарыз, Қазақстан Республикасының экономикалық және өзге де көмек көрсету мәселелеріне;
6) сот құрылысы мен сот ісін жүргізу мәселелеріне;
7) рақымшылық мәселелеріне;
8) білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға;
9) кәсіпорындарды және олардың мүлкін жекешелендіруге;
10) қоршаған ортаны қорғауға;
11) Қазақстан Республикаcының әкімшілік-аумақтық құрылысына;
12) мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне;
14) халықаралық шарттарды ратификациялауға және денонсациялауға қатысты аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, негіз құраушы қағидаттар мен нормаларды белгілейтін заң шығаруға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген заң жобалары Құрылтайға енгізілген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне жауапкершілікті ала отырып, осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша заң күші бар уақытша нормативтік құқықтық акт қабылдауға құқылы. Мұндай акт Құрылтай қабылдаған заң күшіне енгенге дейін немесе Құрылтай заң жобаларын қабылдамай тастағанға дейін қолданыста болады.
Құрылтай заң жобасын депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен тұтастай қабылдамауға құқылы. Мұндай жағдайда заң жобасы қабылданбады деп саналады және бастамашыға қайтарылады.
61-бап
Егер Қазақстан Республикасының Конституциясында өзгеше көзделмесе, Құрылтай қаулысы депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
62-бап
V бөлім
Үкімет
63-бап
64-бап
65-бап
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету ісінің негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) Құрылтайға республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;
3) Құрылтайға заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;
4) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
5) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүргізу шараларын әзірлейді;
6) министрліктердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық етеді;
7) Қазақстан Республикасының министрліктері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің қолданысын толық немесе бір бөлігінде жояды не тоқтата тұрады;
8) мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық орган үшін қаржыландырудың және қызметкерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін Қазақстан Республикасы Президентiнің келісімімен бекітеді;
9) өзіне Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
66-бап
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі:
1) Үкімет қызметін ұйымдастырады және басқарады, оның жұмысы үшін дербес жауап береді;
2) Үкімет қаулысына қол қояды;
3) Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның барлық аса маңызды шешімдері туралы Президент пен Құрылтайға баяндайды;
4) Үкімет қызметін ұйымдастыруға және басқаруға байланысты басқа да функцияларды орындайды.
67-бап
68-бап
69-бап
VI бөлім
Қазақстан Халық Кеңесі
70-бап
71-бап
Қазақстан Халық Кеңесі:
1) мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары;
қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту;
Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді;
2) Құрылтайға заң жобаларын енгізеді;
3) жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтереді.
VII бөлім
Конституциялық Сот
72-бап
Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Конституциялық Сот судьясы болып тағайындалмайды.
Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Конституциялық Сот Төрағасы болып тағайындалмайды.
Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуымен Конституциялық Сот судьялары арасынан Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
73-бап
1) дау туындаған жағдайда Президенттің, Құрылтай депутаттарының сайлауын және жалпыхалықтық референдум өткізудің дұрыстығы мәселесін шешеді;
2) Президент қол қойғанға дейін Құрылтай қабылдаған заңдардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарайды;
3) Құрылтай қабылдаған қаулылардың Конституцияға сәйкестігін қарайды;
4) халықаралық шарттарды ратификациялағанға дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды;
5) халықаралық ұйымдар мен олардың органдары шешімдерінің орындалуының Конституцияға сәйкестігін қарайды;
6) Конституция нормаларына ресми түсіндірме береді;
7) Конституцияның 50 және 51-баптарында белгіленген жағдайларда қорытынды береді.
Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібі мен шарттары конституциялық заңда айқындалады.
74-бап
75-бап
Конституциялық Соттың түсіндірмесінде Конституцияға сәйкес келеді деп танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер, олардың жекелеген ережелері осы түсіндірмедегідей қолданылуға тиіс.
VIII бөлім
Сот төрелiгi. Прокуратура.
Құқық қорғау тетіктері
76-бап
77-бап
78-бап
1) ешкімнің өзіне заңда көзделген соттылығын оның келісімінсіз өзгертуге болмайды;
2) сотта әр адамның өз сөзін тыңдатуға құқығы бар;
3) айыпталушы өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуге міндетті емес;
4) адамның кінәлі екеніне қатысты кез келген күмән айыпталушының пайдасына қарастырылады;
5) заңсыз тәсілмен жиналған дәлелдемелердің заңды күші жоқ. Ешкімді өзінің жеке мойындауы негізінде ғана соттауға болмайды;
6) қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
79-бап
Соттар адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқылы емес.
Егер сот қолданылуға тиіс заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, ол іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсынумен Конституциялық Сотқа жүгінуге міндетті.
80-бап
81-бап
Соттарды қаржыландыру, судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі және сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
82-бап
Жоғарғы Сот – жергілікті және басқа да соттардың қарауына жататын азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және өзге де істер бойынша жоғары сот органы, ол заңда көзделген жағдайда өзінің қарауына жататын сот істерін қарайды және сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндіру береді.
83-бап
Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Жоғарғы Сот Төрағасы болып тағайындалмайды.
Жоғарғы Сот судьяларын Құрылтай Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен сайлайды.
84-бап
Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалмайды.
85-бап
86-бап
IX бөлім
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
87-бап
Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы ахуалдың жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады.
88-бап
1) аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту;
2) өз қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;
3) заңмен мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жергілікті атқарушы орган басшыларының есебін қарау;
4) мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру, олардың қызметі туралы есепті тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
89-бап
1) аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу мен олардың атқарылуын қамтамасыз ету;
2) коммуналдық меншікті басқару;
3) жергілікті атқарушы орган басшыларын тағайындау және лауазымынан босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
4) жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру жатады.
Қазақстан Республикасының Президенті кемінде екі кандидатураны ұсынады, олар дауысқа салынады. Дауыс беруге қатысқан мəслихат депутаттарының көпшілік дауыс санын алған кандидат келісім алды деп саналады.
Өзге əкімшілік-аумақтық бірлік əкімдері заңда айқындалатын тəртіппен тағайындалады немесе сайланады, сондай-ақ лауазымынан босатылады. Қазақстан Республикасының Президенті өз ұйғаруымен астана, облыс, республикалық маңызы бар қала əкімдерін лауазымынан босатуға құқылы.
90-бап
91-бап
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына заңға сәйкес мемлекеттік функциялар берілуі мүмкін.
X бөлім Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу
92-бап
93-бап
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулардың Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабы 6-тармағының және 43-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкестігі туралы Конституциялық Сот қорытындысы болған жағдайда олар жалпыхалықтық референдумға шығарылады.
XI бөлім Қорытынды және өтпелі ережелер
94-бап
95-бап
Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда. Жыл соңына дейін мұнда "Ауыл құтқарушылары"ведомстволық бағдарламасы аясында ерікті өртке қарсы құралымдардың жаңа бекеттері салынатын болады.
Бүгінде өңірде 718 мыңнан астам тұрғыны бар 357 елді мекен бар. Қазақстан ТЖМ бөлімшелері 125 елді мекенді (629 мың тұрғынды) қорғауды қамтамасыз етеді. Қосымша 170 ауылды қорғайтын жергілікті атқарушы органдардың 57 өрт сөндіру пункті жұмыс істейді, оның тек 14-і жыл бойы жұмыс істейді. Қалғандары тұрақты жұмыс режиміне ауысуды немесе жаңартуды қажет етеді.
Жұмыс сапары барысында ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Кеген Тұрсынбаев Шығыс Қазақстан облысындағы азаматтық қорғау бөлімшелеріне барып, өңір басшылығымен кеңес өткізді. Материалдық-техникалық базаны жаңғырту және бөлімшелер желісін, әсіресе шалғай аудандарда дамыту жөніндегі шаралар талқыланды.
"Біз техника мен арнайы көлікті жаңа ерікті өртке қарсы құралымдарға беруді жоспарлап отырмыз. Бұл бөлімшелердің болашақ қызметкерлері де арнайы оқытудан өтеді",-деп вице-министр Кеген Тұрсынбаев атап өтті.
"Ауыл құтқарушылары" бағдарламасын іске асыру ҚР ТЖМ басым міндеті болып табылады, ол ауылдық аудандарда өртке қарсы қауіпсіздікті нығайтуға, бөлімшелердің тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай жасауға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
ШҚО негізгі бағыттар бойынша тұрақты даму қарқынын көрсетіп отыр – инвестициялар тартудан бастап ауылдарды цифрландыруға және жаңа оқу жылына мектептерді дайындауға дейін.
2025 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 239 млрд теңгені құрады, бұл жылдық жоспардың 17,9%-ына сәйкес келеді. Өңірде Қытай, Ресей, Германия және Түркия инвесторларымен бірлескен жеті жоба жүзеге асырылуда. Жалпы құны – 344 млрд теңге.
Ірі бастамалардың бірі – Германия инвесторымен бірлесіп литий өндіру және өңдеу жөніндегі тау-кен байыту комбинатын салу. Жобаның құны – 235 млрд теңге. Қазіргі уақытта «HMS Bergbau AG» компаниясы «Алатау Литий» ЖШС, «Qazaq Lithium» ЖШС және «Bergbau Altai» ЖШС-мен бірлесіп литий кен орындарына барлау жұмыстарын жүргізуде. Кешенді барлау кезеңі шамамен 3–4 жылға созылады деп болжануда. Егер жерасты игеруге жарамды коммерциялық қорлар анықталса, кен өндіретін кәсіпорындар мен бастапқы байыту кешендері салынады. Олар бірнеше түрлі концентрат өндіретін болады.
2025 жылдың жеті айында өңірге 384,6 млрд теңге инвестиция тартылды — өсім 112%-ды құрады. Жыл соңына дейін жалпы құны 104 млрд теңгені құрайтын 11 ірі жобаны іске қосу жоспарланған. Салалық құрылымда: өнеркәсіп, энергетика және логистика – 242 млрд теңге, АӨК – 60 млрд теңге, сауда мен туризм – 26,7 млрд теңге қарастырылған. Елеулі инвестициялар өндірістік жабдықтарды жаңғыртуға бағытталды:
Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту өңірдің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Бүгінде интернетке 234 елді мекен қосылған, бұл облыс халқының 97,1%-ын қамтиды. 2025 жылдың соңына дейін тағы 57 ауылды, ал 2027 жылға дейін барлық қиын қолжетімді елді мекендерді қосу көзделген.
Өскемен қаласында жаңа буын мобильді байланысы белсенді енгізілуде: бүгінде 32 базалық 5G станциясы орнатылған, жыл соңына дейін олардың саны 62-ге жетеді. Сонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 188 әлеуметтік маңызы бар нысанды жоғары жылдамдықты желіге қосуды жүргізіп жатыр.
1 қыркүйекте ШҚО-да 99 107 оқушы мектепке барады, оның ішінде 9 729-ы – бірінші сынып оқушылары. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында өңірде 3 мың орындық алты жаңа мектеп салынды, Өскемен қаласындағы тағы бір мектептің құрылысы аяқталуға жақын.
92 білім беру ұйымын жөндеуге 2 684,2 млн теңге бөлінді. Бұдан бөлек, мектептер химия, физика, биология, STEM және робототехника бағытындағы 40 заманауи кабинетпен жабдықталады.
ТжКБ жүйесінде 19 966 студент білім алуда, олардың 83,8%-ы – мемлекеттік тапсырыс бойынша. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жаңа бағыттар ашылуда: ұшқышсыз әуе жүйелері, әуе тасымалдарын ұйымдастыру, логистика, су көлігін пайдалану және т.б. Осы мамандықтарға 290 грант бөлінген.
2025 жылы 48 982 оқушы ыстық тамақпен қамтылады, ал 20 518 әлеуметтік осал отбасыдан шыққан балаға мектеп формасы мен аяқ киім беріледі. Қазіргі таңда оқушыларды 127 мектеп автобусы тасымалдайды, алайда парк жаңартуды қажет етеді – жаңа көлік сатып алу мүмкіндігі қарастырылуда.
Шілде айында өңір өзінің инвестициялық әлеуетін ұсынып, шетелдік инвесторларға ашық жобаларын таныстырды. Ал қыркүйекте Өскеменде «Altai Invest-2025» халықаралық форумы өтеді. Онда шетелдік серіктестермен жаңа келісімдерге қол қою жоспарлануда.
21 шілде күні Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Қытайдың Guangdong Huaxintao Group Co., Ltd. компаниясы арасында тау-кен және металлургия өнеркәсібінің қатты минералды қалдықтарын экологиялық таза кәдеге жарату және қайта өңдеу жобасын жүзеге асыру бойынша бес жылдық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Жоба аясында өндірістік қалдықтарды қайта өңдеп, пайдалы компоненттерді алу үшін заманауи технологияларды енгізу көзделген. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов атап өткендей, Шығыс Қазақстан минералды ресурстарға бай өңір, сондықтан мұндай бастамалар экологиялық мәселелерді шешуге және орнықты «жасыл» экономиканы құруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Тараптар жобаны халықаралық стандарттар мен Қазақстан заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға келісті. Меморандумда жергілікті мамандарды басымдықпен жұмысқа алу, инфрақұрылымды дамыту және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне ерекше көңіл бөлінген.
Қытайлық әріптестердің жабдықтары мен технологиялары қоршаған ортаға техногендік жүктемені азайтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық бастапқы медициналық-санитариялық көмек орталығының директоры Айгүл Қасымова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елімізде бастапқы медициналық көмек деңгейінде балалар қызметінің жаңа үлгісі енгізіліп жатқанын хабарлады.
2025 жылы бекітілген № 396 бұйрық (МСАК деңгейінде балалар қызметінің құрылымын, функцияларын және бағытталуын регламенттейді) МСАК деңгейінде балалар қызметінің жаңа моделін бастады. Маршруттау орталығы - учаскелік педиатр дәрігер болып табылады .
Даму ерекшеліктері анықталған жағдайда бала ерте араласу орталығына жіберіледі, онда патронаждың қадағалауы қамтамасыз етіледі, тамақтану, даму мамандары, телемедицина және ведомствоаралық қызметтер қосылады. Жүйеге мектеп медицинасы, кәсіби тексеру және вакцинациялау кабинеттері салынған. Басымдық - баланы үздіксіз бақылау және бүкіл отбасы үшін көмекті үйлестіру.
Түбегейлі өзгерістер қабылдау мен қызмет көрсетуді ұйымдастырудың логикасына әсер етті.
Бірінші - тәуелсіз мейіргерлік қабылдау. Дәрігерден мейіргерге функцияларды беру шеңберінде ОМҚ жұмыс істей алатын жағдайлардың тізімі кеңейтілді. Бұл қол жетімділікті арттырып қана қоймайды, сонымен қатар дәрігерлерге күрделі клиникалық жағдайларға назар аударуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде-динамикалық бақылаумен қамту 30-дан 38%-ға дейін өсті, бұл созылмалы пациенттерге көзқараста жүйеліліктің жоғарылауын көрсетеді.
Екінші - «Жоспарланған қабылдау» форматын енгізу. Келесі қабылдау уақыты созылмалы аурулары бар пациенттерді белсенді бақылау және кенеттен жүгінулерді төмендету үшін алдын-ала анықталады. Бұл шұғыл өтініштер санын қысқартуға, емдеуге жатқызу деңгейін төмендетуге және халықтың бастапқы буын мамандарына деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.
Үшінші - динамикалық бақылауда тұрған пациенттер үшін «өзін-өзі жазу» функциясы. Пациенттер енді тіркеушінің немесе учаскелік дәрігердің делдалынсыз бейінді мамандарға жазыла алады.
Сондай-ақ диагностикалық қызметтер нәтижелерінің қолданылу мерзімі 10 күннен 1-3 айға дейін ұзартылды. Бұл қайталанатын емтихандардың санын азайтуға мүмкіндік берді.
Тзім бойынша диагностикалық қызметтер саны 507-ден 344-ке дейін азайғанын айта кеткен жөн. Енді олар міндетті негіздемемен нақты клиникалық көрсеткіштер бойынша тағайындалады. Бұл диагностикалық қызметтердің шамадан тыс жүктелуін азайтуға және тағайындау дәлдігін арттыруға көмектесті. Медициналық оңалтудың үшінші кезеңінің қызметтер тізбесі де — 97-ден 26-ға дейін оңтайландырылды.
Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты «БЖЗҚ» АҚ-дан (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы төлемдерін алу құқығын Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда басқаша көзделмесе, елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, БЖЗҚ-да міндетті, міндетті кәсіптік (МЗЖ, МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар пайдалана алады.
Төлем рәсімдеу үшін Қорға құжаттар тапсыру керек. Оның 3 түрлі тәсілі бар:
БЖЗҚ сайтында Қорға беру тәсіліне қарай төлемдерді алуға қажетті құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ, өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі орналастырылған. Қордың "Төлемге құжаттарды алдын ала тексеру" электрондық қызметін пайдалана отырып, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдеріне жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеруге болады.
Құжаттарды алған кезде БЖЗҚ Қазақстанның мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен өтініш берген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарының не шетелдіктің Қазақстанда тұруға ықтиярхатының не уәкілетті қазақстандық орган берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің болуы және олардың жарамдылығы туралы мәліметтерді сұратады. Егер көрсетілген құжаттар өтініш білдірген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне не шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға берілген рұқсаттың күшінің жойылуына, не Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуына, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына байланысты жарамсыз болса, БЖЗҚ зейнетақы төлемін құжаттар Қорға қабылданған не түскен күннен бастап 10 күн ішінде жүзеге асырады.
Зейнетақы жинақтарының төлемі зейнетақы төлемдерін алушы әрекетке қабілетсіз/әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған тұлға болса да, тек сол алушының банктік шотына аударылады. Зейнетақы жинақтары төлемін заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының), сондай-ақ, сенім білдірілген тұлғаның банк шотына аударуға жол берілмейді. Осылайша, басқа елде тұрақты тұруды рәсімдеуші адам өзінің зейнетақы жинақтарын жақын туыстарына немесе басқа адамдарға бере алмайды.
БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін деректемелері өтініште көрсетілген алушының банктік шотына тек ұлттық валютада – Қазақстан аумағындағы екінші деңгейлі банктерде/банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шоттарға аударған кезде; сондай-ақ АҚШ долларымен, еуромен, фунт стерлингпен немесе Ресей рублімен – Қазақстаннан тыс жерлердегі шетелдік банктерде ашылған банктік шоттарға аударған кезде жүзеге асырады.
БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, X(Twitter), Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу мәмілелерін рәсімдеу қызметі жалғасуда. Бұл мүмкіндік арқылы азаматтар меншік құқығын тікелей бере алады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалында хабарлады.
ХҚКО қызметкерлері азаматтарға әр кезеңде көмек көрсетіп, құжаттарды ресімдеуге жәрдемдеседі және барлық мәліметтерді түсіндіреді.
Филиал мамандарының айтуынша, рәсімдеу процесі мемлекеттік органдар бекіткен үлгілік шарттар негізінде жүзеге асырылады. Қызметті алу үшін азаматтар жақын маңдағы ХҚКО-ға барып, жеке куәлік пен меншік құқығын растайтын құжаттарды ұсынуы, маманның көмегімен үлгілік шартты толтырып, мәмілені тіркеуі қажет.
Айта кетейік, жыл басынан бері филиал арқылы мыңнан астам мәміле тіркелген.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес БЖЗҚ-дан белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдарға ай сайын зейнетақы төлемдері жасалады:
- зейнет жасына жеткендерге (ерлер – 63 жас, әйелдер – 61 жас (2028 жылдан бастап жыл сайын 6 айға ұзарып, 2031 жылы 63 жас болады));
- 55 жасқа жеткендедерге (кәсіптері уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда еңбек қызметі тоқтатылған жағдайда, зейнетақы төлеміне жүгінген кезде жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай МКЗЖ төленген болса);
- мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға,
БЖЗҚ-дан төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Кесте бойынша төлемдер келесідей есептеледі: төлемдерді алатын бірінші жылы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының төлем мөлшерлемесіне – 6,5%-ға көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Келесі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне – 5%-ға өседі. Бұл ретте БЖЗҚ-дан жасалатын ай сайынғы зейнетақы төлем республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі - КД) кемінде 70% мөлшерінде болады (2025 жылы КД 46 228 теңге).
Белгілі бір санаттағы төем алушылар үшін: мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген, жинақтары жиынтығында кемінде алпыс ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған адамдар үшін Әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген. Бұл шарттардың біреуінен астамын қанағаттандыратын тұлғалар үшін ең жоғары мәні бар түзету коэффициенті қолданылады.
55 жасқа толған тұлғаларға зейнетақы төлемдерін есептеу және төлем жасау, сондай-ақ олар үшін жиынтығында кемінде 84 ай МКЗЖ төлеу кезінде:
- зейнетақы төлемін жүзеге асыру үшін КД кемінде 70% мөлшеріндегі шегі қолданылмайды;
- түзету коэффициенттері қолданылмайды;
- кезекті зейнетақы төлемінің сомасымен бірге КД-нің 70%-дан кем мөлшеріндегі жеке зейнетақы шотындағы қалдық төленбейді.
Айта кету керек, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.
Егер БЖЗҚ-дан төлем жасау күніндегі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса (2025 жылы 753 252 теңге = 62 771х12), төлем бір рет толығымен жасалады.
Зейнетақы жасына жетуіне байланысты зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін төлемдерді алушылар тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) уақтылы жүгінуі қажет. Мұны зейнеткерлік жасқа 10 күн қалғанда жасауға болады. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі. Бұл ретте егер алушы зейнеткерлік жасқа толған болса, өтініштің және қажетті құжаттардың ХҚКО-да тіркелген күні өтініш берілген күн болып есептеледі, ал егер ол ертерек жүгінген болса – зейнеткерлік жасқа толған күн өтініш берілген күн болып есептеледі. Бюджеттен төлемдер алу үшін уақтылы жүгіну өте маңызды, оны тағайындау үшін алушы ұсынған құжаттар бойынша еңбек өтілін тексеру қажет. Бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдері өмір бойы, ал БЖЗҚ-дан алушының зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.
Телефон нөмірлері еgov мобильді азаматтар базасында тіркелген болашақ зейнеткерлерге (әлеуетті алушыларға) 1414 нөмірінен зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 2 ай бұрын egov.kz сайтындағы құжаттар тізбесіне сілтеме жасай отырып, зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі қызметтерді алу үшін Мемлекеттік корпорацияның жақын маңдағы бөлімшесіне уақтылы жүгіну мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жіберіледі. Яғни мемлекеттік органдар зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде ресімдеу үшін тиісті хабарламалар жібереді, өйткені өткізіп алған кезең үшін төлемдер тағайындалмайды.
Сондай-ақ, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жасау бойынша белсенді қызмет көрсету мақсатында зейнеткерлік жасқа толған, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және оларды алуға өтініш білдірмеген тұлғаларға қатысты БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп осы азаматтарда жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемдерінің және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің бар-жоғын жыл сайын салыстырып, тексеру жүргізеді. Жыл сайын жүргізілетін тексерулердің нәтижелері бойынша бюджет қаражаты есебінен тағайындалған зейнетақы төлемдері бар адамдар анықталған кезде БЖЗҚ оларға мемлекеттік корпорациямен жасалған тиісті келісім шеңберінде, яғни өтінішсіз зейнетақы төлемдерін жасайды.
Мерзімсіз 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарын алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне немесе сайттағы (enpf.kz) жеке кабинет арқылы немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, БЖЗҚ мобильді қосымшасында жүгіну қажет.
БЖЗҚ-да мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін көшпелі қызмет көрсетудің ұйымдастырылғанына назар аударамыз. Бұл ретте алдын ала кеңес беру, оның ішінде қызметтерді үйден шықпай, қашықтан алу мүмкіндігінің бар-жоғын тексеру жүзеге асырылады.
enpf.kz сайтында "қызметтер – зейнетақы төлемдері" бөлімінде зейнетақы төлемдерінің түріне және оларды беру тәсіліне байланысты қажетті құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, өтініш бланкілері және оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі орналастырылған. "Онлайн-сервистер" бөлімінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеру мүмкіндігі бар ("төлеуге арналған құжаттарды алдын ала тексеру" сервисінің атауы: https://www.enpf.kz/ru/elektronnye-servisy/checkdoc.php).
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушілер арасында цифрлық сервистерге деген сұраныстың артқанын атап өтті. Жыл басынан бері «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы 1,7 миллионнан астам электронды талон берілді, бұл қызмет көрсету процесін едәуір жеделдетті.
QR-код арқылы кезек алу функциясы жоғары пайдаланушылық белсенділікті көрсетіп, Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-ларға барған кезде таптырмас көмекшіге айналды. Жыл басынан бері «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы электронды форматта 1 764 007 талон берілді. Бұл ресепшн аймағындағы жүктемені азайтуға және қызмет көрсету жылдамдығын арттыруға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, виртуалды талон қызмет алушыға тіркеу аймағына жүгінбей, жалпы кезектегі орынды бекітуге мүмкіндік беретін қағаз талонның аналогы болып табылады,
Сервисті қолдану үшін смартфонға "ЦОН" мобильді қосымшасын орнату керек (Google Play немесе App Store-да қолжетімді). Әрі қарай, қосымшаға кіріп, "ХҚКО кезегіне талон" батырмасына басып, ресепшн аймағында орналасқан QR-кодты сканерлеу қажет. Одан кейін қажетті қызмет түрі таңдалады. «Жалғастыру» түймесін басқаннан кейін жүйе автоматты түрде виртуалды талон береді. Қызмет алушы нөмірі ақпараттық таблода көрсетілген кезде тиісті маманға барып, қызметін алады.
Мемлекеттік корпорация азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын неғұрлым ыңғайлы және тиімді ету мақсатында цифрландырылған сервистер ұсыну және заманауи шешімдерді енгізу бойынша жұмысты жалғастыруда.
Сақтандыру саласындағы Allianz[1] жетекші компаниясы өзінің Allianz зейнетақы индексін (Индекс) пайдалана отырып, 71 елдің зейнетақы жүйесі талданған жаһандық зейнетақы есебінің жаңа басылымын шығарды. Онда Қазақстан Австрия, Испания, Чили, Сингапур, Гонконг, Қытай және басқа да көптеген елдерден озып, 26-орынға орналасты (2023 жылы Қазақстан Индекстегі 75 елдің ішінде 34-орынға ие болған еді).
Allianz зейнетақы индексі (API) зейнетақы жүйелерінің тұрақтылығы мен тұтастығын кешенді бағалауға негізделген. Ол үш ішкі индекстен және 1-ден 7-ге дейінгі шәкіл бойынша бағаланған 40 түрлі өлшемнен тұрады, мұндағы 1 ең жақсы нәтижені білдіреді. Қазақстанның зейнетақы жүйесінің API индексі - 3,5 балл.
Демографиялық өзгерістердің қарқынын, мемлекеттік қарызды және жалпы өмір сүру деңгейін бағалайтын бірінші суб-индекс бойынша Қазақстанның жинаған ұпайы 4,1 балға жетті (2023 жылы – 3,5 балл). Бұл көрсеткіш БАӘ-де (2,3 балл), Австралияда (2,6 ұпай) және Израильде (2,9 ұпай) жоғары.
Зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын бағалайтын екінші суб-индекс бойынша Қазақстан 3,6 балл жинады (2023 жылы – 3,6 балл). Бұл суб-индекстегі ең жақсы нәтижелерді Индонезия, Дания және Болгария (2,1-ден 2,3-ке дейінгі ұпайлармен) негізінен зейнет жасын ұлғайту және олардың зейнетақы жүйелеріне қор құрамдауышын енгізу арқылы қол жеткізді.
Зейнетақы жүйесінің қарттық кезеңде өмір сүрудің лайықты (жеткілікті) деңгейін қаншалықты қамтамасыз ете алатынын бағалайтын үшінші суб-индекс бойынша қазақстандық зейнетақы жүйесі 3,2 балл (2023 жылы – 3,3 балл) жинады. Дания, Нидерланды және Жаңа Зеландия - осы рейтингтің көшбасшылары (ұпайлары 1,7-ден 2,0-ге дейін), олар зейнетақы жүйесінің екінші және үшінші деңгейлерінің мықты қор құрамдауыштарына ие.
Есепке сай, барлық талданған зейнетақы жүйелері бойынша орташа балл 3,7 болды. Allianz нұсқасы бойынша зейнетақы жүйесі ең жақсы ел – Дания. 2023 жылы да осы ел көшті бастаған еді, жинаған ұпай саны - 2,3. Екінші және үшінші орында - Нидерланды мен Швеция (2,6 балл), одан әрі Жаңа Зеландияны ығыстырып, 2,7 балл жинаған Жапония төртінші орынға жайғасты. Жаңа Зеландия 2,8 балл, Израиль - 3, Австралия, Ұлыбритания, Норвегия және АҚШ - 3,2 балл жинады.
Рейтингтегі ең төменгі орындарды Марокко, Үндістан, Лаос, Малайзия, Шри-Ланка елдерінің зейнетақы жүйелері алады (4,5-тен 5 ұпайға дейін). Бұл елдерде халықты зейнетақы жүйесімен қамту мәселесі аса өткір боп тұр, себебі - бейресми жұмыспен қамту басым.
Есепте халықтың қартаю мәселесіне ерекше назар аударылады. БҰҰ-ның соңғы болжамдарына сәйкес алдағы 25 жыл ішінде 65 және одан жоғары жастағы адамдардың саны 2 есеге жуық, яғни қазіргі 857 миллионнан 2050 жылы 1 578 миллионға дейін өсетіні атап өтілген. Бала туу деңгейінің төмендеуі еңбекке қабілетті жастағы халық санының өсуін баяулатып, ғасырдың ортасына қарай 15 пен 64 жас аралығындағы әрбір 100 адамға 65 жастан асқан 26 адам келетін болады. Ал қазіргі уақытта бұл көрсеткіш саны 16 адамға тең. Бүкіл жер шарының 75% құрап, талдауға түскен 71 елдегі туу деңгейі Гонконгтағы бір әйелге 0,7 баладан, Нигерияда 4,4 балаға дейін құбылып отырады. Бұл елдер, сондай-ақ, өмір сүру ұзақтығының да жоғарғы және төменгі шектерін көрсете алады. Гонконгта - орта есеппен 85,6 жыл болса, Нигерияда - 54,6 жыл. Зейнет жасындағы адамдардың еңбекке қабілетті жастағы 100 адамға шаққандағы санын көрсететін демографиялық жүктеме коэффициентінің (ДЖК) көрсеткіштері әр елде әртүрлі. Индустриалдық жағынан дамыған елдердің көпшілігінде ДЖК-ның жалпы деңгейі алаңдаушылық тудырса, көптеген дамушы елдерде жылдам қартаю қарқыны алаңдаушылыққа себеп болып отыр. Қартаю қарқыны ең жылдам елдер - Гонконг, Оңтүстік Корея, Тайвань және Сауд Арабиясы. Десек те, 2050 жылы әлемдегі ең «кәрі» 20 ел негізінен ЕО-ға мүше елдерден тұратын болады: Италия, Испания, Греция және Португалия елдерінде ДЖК 60% асады. Нигерия, Кения және Пәкістандағы туу деңгейі әлі де жоғары, ал өмір сүру ұзақтығының салыстырмалы түрде төмен болуына орай, халқы ең жас мемлекеттер қатарында болады.
Allianz сарапшылары демографиялық өзгерістердің зейнетақы жүйесіне тигізетін кері әсерін азайтудың бір жолы - мемлекеттік зейнетақы жүйесін жинақтаушы құрамдауышпен толықтыру екенін атап көрсетті.
Есепте, сонымен қатар, зейнетақы жүйесінің негізгі мақсаты - қарттық шақтағы ұзақ өмір сүру мен кедейлік қаупінен қорғау, сондай-ақ қарттықта лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету екендігі ескертілген. Сондықтан зейнетақы жүйелерін реформалау немесе құру кезінде саясаткерлер олардың ұзақ мерзімді тұрақтылығын ғана емес, сонымен бірге олардың лайықтылығын да ескеруі керек. Егер мемлекеттік зейнетақы жүйелері қария шақтағы лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете алмаса, онда салық салу жоспарында қосымша жеңілдіктер қарастырылып, мемлекет субсидия бөлетін зейнетақы өнімдері, кәсіби және жеке зейнетақы жоспарлары қолжетімді болуы тиіс.
Зейнетақы жүйесінің лайықтылығы тұрғысынан реформалауды аз дәрежеде қажет ететін елдер - Дания, Нидерланды және Жаңа Зеландия. Бұл елдерде қазірдің өзінде қосымша кәсіби жинақтау бағдарламалары мен жеке зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақы жүйелерінің негізгі элементі болып табылады.
Зейнетақы жүйелерінің лайықтылығы, сондай-ақ, кірісті алмастыру коэффициентімен (КАК) де анықталады. Талдауға алынған елдердің мемлекеттік зейнетақы жүйелеріндегі орташа жалпы КАК 53% тең. Бұл ретте коэффициенттер Оңтүстік Африкада 8%-дан Бразилияда 88%-ға дейін өзгереді. Қазақстандағы КАК 2024 жылдың қорытындысы бойынша 41% көрсетті. Алайда, Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) зейнетақы реформаларына байланысты кейбір еуропалық мемлекеттердегі зейнетақы төлемдерінің деңгейі жарналарды 30 жыл бойына жүзеге асырғаннан кейін кірістің ұсынылып жүрген 40-45% ең төменгі деңгейінен де азаю қаупі бар екенін атап өтті. Бұл зейнетақы жүйелерінің қосымша жинақтаушы деңгейлерін шұғыл нығайту қажеттілігін растайды.
Allianz есебінде мемлекеттік зейнетақы жүйелері туу коэффициентінің төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының артуы жағдайында демографиялық қиындықтарды жеңе ала ма деген сұрақ қойылған. Әртүрлі елдердің зейнетақы жүйелерін жан-жақты талдау нәтижесінде еңбекке қабілетті халықтың жарналары қазіргі зейнеткерлердің зейнетақысын қаржыландыруға пайдаланылатын "pay-as-you-go" (тарату жүйелері) қағидаты бойынша қаржыландырылатын жүйелер ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылықты және қарттық шақта лайықты зейнетақы төлемдерімен қамсыздандыра алатын жақсы өмір сүру деңгейіне кепілдік бере алмайды деген қорытынды жасалды.
Міндет - зейнетақы жүйелерінің тұрақтылығы мен лайықтылығын қамтамасыз ету және зейнетақыны жинақтаушы құрамдауыш есебінен қосымша қаржыландыру үшін қажетті жағдайлар жасау арасындағы теңгерімді табу. Сонымен қатар, егде жастағы жұмысшыларға еңбек қызметін жалғастыруға мүмкіндік беру мемлекеттік зейнетақы жүйелерінің тепе-теңдігін сақтау үшін де маңызды.
Осылайша, есепте "мінсіз" зейнетақы жүйесі – бұл мемлекеттік зейнетақы жүйесі (pay-as-you-go) мен жинақтаушы зейнетақы жүйесі арасындағы дұрыс теңгерім деген қорытынды жасалған. Осы екі құрамдауышты біріктіретін елдердің демографиялық өзгерістерге және зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді келешектегі тұрақтылығы мен зейнетақы төлемдерінің жеткіліктілігін қамтамасыз етуге дайындығы жақсы болмақ. Алайда, жұмысы тиімді еңбек нарығы кез келген зейнетақы реформасын сәтті іске асыру үшін қажетті шарт болып табылады, бұл дамушы нарықтардағы ресми жұмыспен қамту үлесінің ұлғаюын және еңбек нарықтарының өндірісі дамыған елдердегі қартайған жұмыс күшінің қажеттіліктеріне бейімделуін білдіреді.
"Сөзден іске өту уақыты" деп аталатын Allianz жаһандық зейнетақы есебі бойынша ақпараттық анықтама мен әлемнің зейнетақы жүйелерін 2025 жылы талдау нәтижелері туралы Allianz есебі мына сілтеме бойынша орналастырылған:
https://www.enpf.kz/kz/indicators/obzory-mezhdunarodnykh-ekspertov/mezhdunarodnye-reitingi/
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
[1] Allianz Group-әлемнің 70-ке жуық еліндегі 125 миллион жеке тұлғалар мен корпоративтік клиенттерге қызмет көрсететін сақтандыру компаниялары мен активтерді басқарушылар арасындағы әлемдік көшбасшы. Өз қызметі аясында Allianz жеке және корпоративті сақтандыру қызметтерінің кең спектрін ұсынады, соның ішінде жылжымайтын мүлікті, өмірді және денсаулықты сақтандыру, көмек қызметтері, несиелік сақтандыру және халықаралық бизнесті сақтандыру. Сонымен қатар, компания экономиканың әртүрлі салаларында зерттеулер жүргізумен белсенді айналысады, соның ішінде әлемнің зейнетақы жүйелерін талдау бойынша есептер шығарады.