«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Первомайский кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «____»___________

№ ___________қаулысына

қосымша

 

 

«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Первомайский кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы

ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Первомайский кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-әкім аппараты) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Первомайский кенті әкімінің және әкім аппаратының қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
  2. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Әкім аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі мен мөртаңбалары және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. Әкім аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
  5. Әкім аппаратының, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. Әкім аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен әкімнің өкімімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. Әкім аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

8.Заңды тұлғаның орналасқан жері: 071809, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, Первомайский кенті, Маяковский көшесі, 27-құрылыс.

Жұмыс уақыты: сағат 8: 00 - ден 17: 00-ге дейін. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Бес күндік жұмыс аптасы белгіленді. Демалыс және мереке күндері жұмыс, кезекшілік округ әкімінің жеке актілерімен белгіленеді.

  1. Осы Ереже әкім аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
  2. Әкім аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  3. Әкім аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен әкім аппаратының өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Әкім аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
  2. Міндеттер:

Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу;

  1. Өкілеттіктер:

1) құқықтар:

- мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

- құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

- жергілікті бюджетті бекіту және нақтылау кезінде аудандық мәслихат сессияларының жұмысына қатысу;

- мүліктік және мүліктік емес құқықтарды сатып алу және жүзеге асыру;

- мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық дерекқорларын пайдалану;

- өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

2) міндеттері:

- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ету.

- қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;

- Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

- қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

  1. Функциялар:

1) өз құзыреті шеңберінде әкім аппараты:

- әкімнің және округ әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз етеді;

- азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдайды;

- салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;    

- азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

- өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

- коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, жөндеуді және күтіп ұстауды қамтамасыз етеді;

- шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға ықпал етеді;

- Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді;

- өз құзыреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

- азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын органдар жоқ жерлерде нотариаттық іс-әрекеттер жасауды ұйымдастырады, олардың аумағында тұратын азаматтардың азаматтық хал актілерін тіркеуге құжаттарды қабылдайды және оларды азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу және жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға мәліметтер енгізу үшін ауданның азаматтық хал актілерін тіркеу органына береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәліктерді және қажет болған жағдайда анықтамаларды беру және тапсыру;

- жұмыспен қамту органдары жоқ жерлерде жұмыссыздарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен белгілейді;

- тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

- аз қамтылған адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша ұсыныстар енгізеді, жалғыз басты қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

- сынамалау қызметінің есебінде тұрған қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға ықпал етеді, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді;

- мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсетуді ұйымдастырады;

- қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

- дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедек адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп мүгедек адамдар арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

- мүгедек адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады;

- мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;

- халықтың әлеуметтік осал топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

- Денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

- «Алтын алқа» алқаларымен марапатталған аналарға тұрғын үй бөлуге жәрдемдеседі;

- жазаның осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;

- жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдеседі;

- қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

- шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда науқастарды дәрігерлік көмек көрсететін жақын маңдағы Денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастырады;

- тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария саласындағы функцияларды орындау кезінде облыстардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға жәрдем көрсетеді;

- қажет болған жағдайда жатқан науқасты Денсаулық сақтау ұйымының стационарынан тұрғылықты жеріне дейін тасымалдауды ұйымдастырады;

- жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

- жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудандық мәслихат сессияларының жұмысына қатысады;

- Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

- өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;

- елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастырады;

- туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті жағдайда ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

- жерлеу және қабірлерге күтім жасау жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларына сәйкес қабірлерге арналған жер учаскелерін есепке алуды және тіркеуді жүргізеді;

- қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізеді;

- жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша және олардың жаппай демалатын орындарында спортпен шұғылдану үшін инфрақұрылым жасайды;

- қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі, оның ішінде:

     қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындары мен мекемелері өндіретін, орындайтын және көрсететін Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тапсырыстарды орналастыру;

     сотталғандардың еңбегін пайдаланатын өндірістердің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында кәсіпкерлік субъектілерін ашуға, кеңейтуге және жаңғыртуға тарту.

- округ бюджетін жоспарлау мен орындауды қамтамасыз етеді;

- жергілікті қоғамдастық жиналысына және аудандық мәслихатқа округ бюджетінің атқарылуы туралы есеп береді;

- округ бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;

- жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

- округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша Тапсырыс беруші ретінде әрекет етеді;

- өзіне осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 1-1) аудандық атқарушы органға аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді.

1-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

- бюджеттен қаржыландырылатын, берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) міндетті көлемін айқындайды;

- берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

- берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

- жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның басқармасына берілген жылдық қаржылық есептілікті келіседі;

- басқаруға берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;

- жергілікті бюджеттен берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелерді қаржыландырудың жеке жоспарларын бекітеді;

- Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген бюджет қаражатын және (немесе) түсімдерді үнемдеу есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлерді қабылдайды;

- Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді;

- тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;

- аудан әкімінің және жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша апатты тұрғын үйді бұзуды ұйымдастырады;

- мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары шеңберінде халыққа микрокредит беруге жәрдемдеседі;

- Әкім «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 729-бабының 3-бөлігі шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға құқылы;

1-3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес:

- мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізеді;

- мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастырады;

- шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен әкімнің қарауына өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.

3) әкім өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жоғары тұрған әкімнің, аудандық мәслихаттың алдында өзіне жүктелген функцияларды іске асыруға жауапты болады.

 

  1. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. Әкім аппаратына басшылықты әкім аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы - округ әкімі (бұдан әрі-әкім) жүзеге асырады.
  2. Әкім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке сайланады және қызметтен босатылады.
  3. Әкім әкім аппаратының лауазымды адамы болып табылады және оның атынан мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынаста сенімхатсыз әрекет етеді.
  4. Әкімнің өкілеттіктері:

- әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

- жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

- жергілікті қоғамдастық жиынын, бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, көшені, көппәтерлі үйді, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастырады;

- әкім аппараты қызметкерлерінің міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін бөледі;

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкім аппаратының қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

- әкім аппаратының барлық қызметкерлері орындауға міндетті шешімдер мен өкімдер шығарады, оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нұсқаулар береді;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әкім аппаратының қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді жүзеге асырады;

- қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

- аудан әкімдігі актілерінің, оның тапсырмаларының орындалуын және әкім аппаратында құжаттардың өтуін бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді;

- әкім аппаратында ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

- әкім аппаратының қаржыландыру жоспарын бекітеді және оның шегінде қаржы қаражатына билік етеді;

- қызметтік құжаттамаға қол қояды;

- әкім аппаратының қызметшілерін іссапарларға жібереді;

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда әкім аппаратын ұсынады;

- тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін қарайды және әкім аппаратының қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартады;

- әкім аппаратының перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

- өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

- Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Әкім әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді.
  2. Әкімнің өкілеттіктерін ол болмаған кезеңде орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес міндеттерін атқару жүктелген тұлға жүзеге асырады.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. Әкім аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Әкім аппаратына бекітілген мүлік жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіне жатады.
  2. Әкім аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісім бойынша:

- өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін шешеді және жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындауды және жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін кейіннен сатып алу құқығынсыз жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны жалға беру, өтеусіз пайдалану және сенімгерлік басқару туралы шешімдер қабылдайды;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

- осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Округ әкімінің аппараты:

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін мақсатты және тиімді пайдалануға бақылауды жүзеге асырады;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

- сенімгерлік басқарушының жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Әкім аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

Шемонаиха ауданы әкімі

аппаратының басшысы                                                                       Л. Марченко

 

Дата публикации
19 марта 2026