Первомайский кенттік округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы
Первомайский к. 05.01.2025 жыл
сағат 16-00
Жиналыс мүшелерінің жалпы саны 9.
Жиналысқа қатысушы мүшелердің саны 5 адам.
Шақырылғандар: Первомайский кентінің әкімі Ж.С.Тастенова
инфрақұрылым бөлімінің басшысы Непорожняя О.В.
Первомайский кентінің әкімі жиналысты өткізуге қажетті төраға мен хатшыны сайлауды ұсынды. Құрметті жиналысқа қатысушылар, қандай ұсыныстар болады?
Недобитко Сергей Владимировичті төраға етіп сайлау ұсынылды.
«Жақтағандар» - 5, «қарсы» - 0, «қалыс қалғандар» - 0 дауыс берді.
Жиналыстың төрағасы болып НедобиткоСергей Владимирович сайланды.
Нестеренко Валентина Геннадьевнаны хатшы етіп сайлау ұсынылды.
«Жақтағандар» - 5, «қарсы» - 0, «қалыс қалғандар» - 0 дауыс берді.
Жиналыстың хатшысы болып Нестеренко Валентина Геннадьевна сайланды
Жиналыс төрағасы Недобитко С.В.: Жиналыстың күн тәртібіне көшеміз. Бүгін келесі мәселелер қаралуда:
1.Первомайский кентінің 2025 жылға арналған бюджетін қарау
2, Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Первомайский округінің жергілікті қоғамдастығын дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту
Жиналысты өткізудің келесі регламенті ұсынылады: негізгі сөз сөйлеу үшін - регламент 5 минутқа дейін, сұрақтар, ұсыныстар, түсініктемелер үшін - 3 минутқа дейін. Дауысқа салынады:
«Жақтағандар» - 5, «қарсы» - 0, «қалыс қалғандар» - 0 дауыс берді.
Регламент бекітілді.
Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы Недобитко С.В. күн тәртібіндегі бірінші мәселені қарауға көшуді ұсынды:
Первомайский кентінің әкімі Ж.С.Тастенованы тыңдады, ол 2024 жылы атқарылған жұмыстар, қаржыландыру бағдарламалары бойынша іс-шаралардың орындалуы туралы есеп берді, сондай-ақ 2025 жылға арналған жоспарларын жариялады.
Жиналыс төрағасы Недобитко С.В.: Қандай сұрақтар, ұсыныстар болады?
Жергілікті қоғамдастық мүшелері 2025 жылға арналған жоспарларды талқылағаннан кейін Первомайский кентіндегі шұңқырларды жөндеудің орнына Новая көшесіндегі мектепке дейінгі тротуарды жөндеу ұсынылды, бұл ЖКО-ның алдын алу және халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту үшін неғұрлым орынды және қажетті болып табылады. Көшелерді жарықтандыру және автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу үшін жедел ден қою мақсатында «Недобитко» ЖК және «Торопов» ЖК-мен шарттар жасалсын.
Жиналыс төрағасы Недобитко С.В. осы мәселе бойынша дауыс беруіңізді сұраймын:
«Жақтағандар» - 5, «қарсы» - 0, «қалыс қалғандар» - 0 дауыс берді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының хатшысы О.В.Непорожняяны тыңдады:
2025-2027 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Первомайский округінің жергілікті қоғамдастығын дамыту бағдарламасын бекіту қажет. Даму бағдарламасы қоса берiлiп отыр.
Жиналыс төрағасы Недобитко С.В.: Қандай сұрақтар, ұсыныстар болады?
сұрақтар мен ұсыныстар түскен жоқ
Жиналыс төрағасы Недобитко С.В. осы мәселе бойынша дауыс беруіңізді сұраймын:
«Жақтағандар» - 5, «қарсы» - 0, «қалыс қалғандар» - 0 дауыс берді.
Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша,Первомайский кентінің әкімі Ж.С.Тастенованы тыңдады:
Шемонаиха АІІБ-нен округ аумағында бейнебақылау камераларын орнату қажеттігі туралы бірнеше рет ұсыныс келіп түсті.
Жергілікті қоғамдастық мүшелері талқылағаннан кейін бюджеттік комиссияға қосымша қаржыландыруды жіберу үшін 3 бейнебақылау камерасын орнату және оларға қызмет көрсету үшін алдын ала есеп айырысу ұсынысы келіп түсті.
Жиналыс төрағасы Недобитко С.В. осы мәселе бойынша дауыс беруіңізді сұраймын:
«Жақтағандар» - 5, «қарсы» - 0, «қалыс қалғандар» - 0 дауыс берді.
Округ аумағын абаттандыру бойынша жобаларды одан әрі жоспарлау және іске асыру үшін сметалық есептерді әзірлеу қажет, 5 сметалық есептерді әзірлеуге қаражат бағыттау ұсынылды.
Жиналыс төрағасы Недобитко С.В. осы мәселе бойынша дауыс беруіңізді сұраймын:
«Жақтағандар» - 5, «қарсы» - 0, «қалыс қалғандар» - 0 дауыс берді.
Первомайский округінің жергілікті қоғамдастық жиналысына сәйкес мынадай шешімдер қабылданды:
Төраға Недобитко С.В.
Хатшы Нестеренко В.Г.