2026 жылдың басынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің ауылдық елді мекендер тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді алу және цифрлық сервистерді пайдалану бойынша оқыту жұмыстарын жүргізді. Бір жарым ай ішінде еліміздің түрлі өңірлерінен 18 мыңнан астам азамат оқудан өтті.
Қазақстан Республикасында жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылып жатқан бұл бастама халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге және оларды онлайн форматта өз бетінше алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Өңірлер арасында Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында оқытылған азаматтар саны басым.
Оқу сабақтарын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары еліміздің әр өңіріндегі ауылдық округтер мен елді мекендерде өткізді.
Сонымен қатар, жыл басынан бері «Таным» корпоративтік оқу орталығының қатысуымен облыс орталықтарында 5 мыңға жуық азамат оқытудан өтті. Сабақ барысында азаматтар мемлекеттік қызметтерді онлайн режимде алу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік цифрлық инфрақұрылымның негізгі құралдары мен мүмкіндіктерін меңгерді.
Еске сала кетейік, электрондық мемлекеттік қызметтерді және заманауи онлайн-сервистерді пайдалануды тегін үйренгісі келетін азаматтар үшін еліміздің әр облыс орталығында оқу сыныптары жұмыс істейді. Сабақтар сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі.
Бекітемін
Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары
_______________Д. Жунусов
«___» _____________ 2026 жыл
Сайлау өткізу кезеңінде
кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшіншарттық негізде берілетін үй-жайлардың
тізбесі
|
№ |
Елдімекенніңатауы |
Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар |
|
Шемонаиха қаласы |
||
|
1 |
Шемонаиха қаласы |
«Шемонаиха ауданы әкімдігінің мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Астафьев көшесі, 36 |
|
2 |
«Гуманитарлық-техникалық колледж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (акт залы), Жуков көшесі, 2 (келісім бойынша) |
|
|
Первомайский кенті |
||
|
3 |
Первомайский кенті |
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Д.М.Карбышев атындағы Первомай жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Металлургов көшесі, 5 (келісім бойынша) |
|
Усть-Таловка кенті |
||
|
4 |
Усть-Таловка кенті |
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімі аппаратының «Горняк» клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Школьный көшесі, 1 |
|
Вавилон ауылдық округі |
||
|
5 |
Камышинка ауылы |
«Камышинское» шаруа қожалығының Мәдениет үйі, Дружба көшесі,2 (келісім бойынша) |
|
6 |
Сугатовка ауылы |
«Шемонаиха ауданы әкімдігінің мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Ленинкөшесі, 3 |
|
Верх-Уба ауылдық округі |
||
|
7 |
Верх-Уба ауылы |
«Шемонаиха ауданы әкімдігінің мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Верх-Уба ауылының Мәдениет үйі, Бейбітшілік көшесі, 2а |
|
Волчанка ауылдық округі |
||
|
8 |
Волчанка ауылы |
«Шемонаиха ауданы әкімдігінің мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Победа көшесі, 10 |
|
9 |
Большая Речка ауылы |
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Большая Речка жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Школьный көшесі, 20 (келісім бойынша) |
|
Выдриха ауылдық округі |
||
|
10 |
Выдриха ауылы |
«Шемонаиха ауданы әкімдігінің мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Центральный көшесі, 67 |
|
Зевакино ауылдық округі |
||
|
11 |
Зевакино ауылы |
«Шемонаиха ауданы әкімдігінің мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Халықтық көшесі, 61 |
|
12 |
Убинка ауылы |
«Шемонаиха ауданы әкімдігінің мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Школьный көшесі, 22 |
|
Каменевка ауылдық округі |
||
|
13 |
Рулиха ауылы |
«Шемонаиха ауданы әкімдігінің мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Центральный көшесі, 63 |
|
14 |
Рассыпное ауылы |
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Школьный көшесі, 9 (келісім бойынша) |
|
15 |
Коневка ауылы |
«Коневское» ЖШС, Молодежный көшесі, 2 (келісім бойынша) |
|
Октябрь ауылдықокругі |
||
|
16 |
Октябрьское ауылы |
«Хамзин С және К» КС Мәдениетүйі, В. Зубко көшесі, 2 (келісім бойынша) |
|
Разин ауылдық округі |
||
|
17 |
Красная Шемонаиха ауылы |
«Шемонаиха ауданы әкімдігінің мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Центральный көшесі, 26 |
Ішкі саясат бөлімінің басшысы Д. Кусманова
"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына қатысушылардың
заңды өкілдеріне арналған нысаналы талаптар мен жинақтарға қатысты ақпарат
Заңды өкілдер тарапынан eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте, сондай-ақ eGov Mobile және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында 2025 есепті жылы балаларына есептелген нысаналы талаптар туралы ақпараттың көрсетілмеуі мәселесі бойынша өтініштердің түсуіне орай БЖЗҚ аталған жағдай келесі себептерге байланысты болуы мүмкін екенін хабарлайды:
1. Мобильді қосымшаларда құжаттар жаңартылмаған. Ақпараттың дұрыс көрсетілуі үшін келесі амалды орындау қажет:
• eGov Mobile қосымшасында: "цифрлық құжаттар" - "отбасы" - "құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер";
• екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында, мысалы Kaspi.kz:" Мемлекеттік қызметтер " - "барлық құжаттар" - "құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер".
2. Биыл 18 жасқа толған немесе толатын балаларға нысаналы талаптарды есептеу туралы мәліметтер көрінбейді. Бұл жағдайда ақпарат заңды өкілдің жеке кабинетінде көрсетілмейді, себебі нысаналы талаптар нысаналы жинақтар (НЖ) мәртебесіне ие болды және енді НЖ туралы мәліметтерге қол жеткізу құқығы оларды алушыға (2026 жылы 18 жасқа толған немесе толатын азамат) тікелей қолжетімді болады.
Естеріңізге сала кетейік, есепті жылы 18 жасқа толатын азаматтардың нысаналы талаптары НЖ-ға айналады және жыл басында олардың БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шоттарына (НЖШ) автоматты түрде АҚШ долларымен есептеледі. 18 жасқа толған күннен бастап жастар өздерінің нысаналы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және/немесе білім алуға пайдалануға немесе болашаққа зейнетақы жинақтары ретінде сақтауға құқылы.
Бұл ретте НЖ алушылар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өздері алуға тиіс. БЖЗҚ қазақстандық заңнамаға сәйкес НЖШ-дағы қалдықтар мен ақша қозғалысы туралы мәліметтерді қоса алғанда, НЖ құпиялылығына кепілдік береді.
БЖЗҚ балалардың заңды өкілдеріне цифрлық құжаттарды мобильді қосымшаларда уақытылы жаңарту, сондай-ақ кәмелетке толған азаматтарға НЖ туралы ақпаратқа оны пайдаланушылардың өздері ғана қол жеткізе алатындығын түсіндіру қажет екенін еске салады.
Баланың бағдарламаға қатысу фактісі және 18 жасқа дейінгі балаларға есептелген нысаналы талаптар туралы ақпаратты кәмелетке толмаған азаматтың ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдері баланың ЖСН бойынша kids.enpf.kz сайтынан тексере алады, мұнда бағдарламаның шарттарымен, нұсқаулықтармен, сондай-ақ қызықтырған сұрақтардың жауаптарымен танысуға мүмкіндік бар.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасы инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікке біріктіреді және инвестициялық қызмет туралы деректерді ұсынуға жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді.
Жобаның мақсаты – халықты осы бағыттағы мәліметтен хабардар ету деңгейін арттыру және зейнетақы активтерінің кірістілігі туралы деректерді жариялауды үндестіру және инвестициялау нәтижелеріне әсер ететін факторларды түсіндіру есебінен зейнетақы активтерін инвестициялау тетіктері туралы тұрақты түсінік қалыптастыру.
Инвестициялық басқару жөніндегі бірыңғай ақпараттық интернет-платформа – бұл салымшыларға зейнетақы инвестицияларын онлайн-режимде талдауға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс.
invest.enpf.kz порталында пайдаланушыларға зейнетақы жинақтарының жүйесі, бағалы қағаздар, инвестициялау стратегиялары (критерийлері), базалық ұғымдар, зейнетақы активтерін орналастыру құрылымы туралы мәліметтер, сондай-ақ әрбір ИПБ-ның қаржылық көрсеткіштері, ИПБ-лардың реттеушілік талаптарды сақтауы туралы деректер және салымшыларға ИПБ мен оның инвестициялық портретін жасауға мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.
Интернет-ресурс кірістілік туралы ақпаратқа ыңғайлы әрі жүйеленген түрде қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Ол белгілі бір кезеңдер аралығын таңдау арқылы динамикада сенімгерлік басқарушылардың (ҚР Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар) басқаруындағы зейнетақы активтері портфельдері бойынша әртүрлі деректерді салыстыруға мүмкіндік береді. Салымшыларға инвестициялық портфельдерді өз бетінше бағалауға, сондай-ақ өз мақсаттарына сай келетін басқарушыны және оның инвестициялық стратегиясын таңдауға арналған құралдар ұсынылады.
Осылайша, бірыңғай интернет-платформа зейнетақы жүйесіндегі цифрлық сервистерді дамытудың маңызды тетігіне айналып, салымшылардың зейнетақы капиталын басқаруға саналы түрде қатысуына және өзінің қаржылық болашағын қалыптастыруына ықпал етеді.
Барлық деректер пайдаланушылардың кең ауқымы үшін ыңғайлы және түсінікті форматта ұсынылған, бұл салымшыға өз қаражатының қайда және қалай инвестицияланатынын көруге мүмкіндік береді
Платформа ИПБ-ларды портфель құрылымының кірістілігі, зейнетақы активтерінің шартты бірлігінің құны, сондай-ақ қаржылық көрсеткіштер мен инвестициялық қызмет нәтижелері сияқты негізгі өлшемдер бойынша салыстыруға мүмкіндік береді.
Салымшы инвестициялық декларацияларды дербес зерделей алады және зейнетақы жинақтарын активтерді инвестициялық басқару критерийіне сәйкес өзі таңдаған ИПБ-ның басқаруына бере алады.
Қажетті талдау жүргізе отырып, Пайдаланушы порталдан жеке кабинетке өту арқылы өзінің жеке зейнетақы активтері туралы егжей-тегжейлі ақпарат алады. Қажет болған жағдайда міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының 50%-на дейін және ерікті зейнетақы жарналарының 100%-на дейін ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға аудара алады.
Жеке кабинетте салымшы:
Тақырып бойынша сұхбат: https://youtu.be/W9vL4G67ESc?si=Y-FxABaaMphxsfsp
Бейненұсқаулық: https://youtu.be/XH8ZjgxhkpQ?si=RrcYaR64wpj_wbvH
Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады.
Бұл құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды мұқият талдаудың, ашық қоғамдық талқылаулардың, сондай-ақ жаңа нормалар мен ережелерді жан-жақты әрі тиянақты пысықтаудың нәтижесінде пайда болды.
Конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасының негізінде туындады. Президент бұл идеяны 2025 жылғы 8 қыркүйекте өзінің халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауында елдің саяси жүйесін кешенді жаңғырту және жасанды интеллект дәуірінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі оң серпін беру мақсатында айтқан болатын.
2025 жылғы 8 қазанда Парламенттік реформаны іске асыру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойылды. Оның құрамына белгілі құқықтанушы ғалымдар, сарапшылар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді.
Алайда талқылауларға барлық белсенді азаматтар қосылып, өз пікірлері мен ұсыныстарын e-Otinish және eGov порталдары арқылы жолдай бастады. Осылайша, жаңа реформаны кеңінен әрі қарқынды талқылау шамамен алты айға созылды. Осы кезең ішінде Жұмыс тобы азаматтардан түскен екі мыңнан астам ұсынысты жан-жақты қарап, жүйелеп шықты.
2026 жылғы қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы атқарылған жұмыстың қорытындысын шығарып, алдағы өзгерістерге қатысты өз көзқарасын білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ, парламенттік реформа аясында бастапқыда Ата Заңның шамамен 40 бабына өзгерістер енгізу көзделгенін атап өтті. Алайда жұмыс барысында өзгерістер көлемі әлдеқайда ауқымды болатыны айқындалып, олар саяси және қоғамдық өмірдің көптеген өзге де қырларын қамтитыны белгілі болды.
2026 жылғы 21 қаңтарда Конституциялық комиссия құрылды. Оның құрамына Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі құқықтанушылар, орталық мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, БАҚ басшылары, мәслихат төрағалары, аймақтық қоғамдық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ сарапшылық және ғылыми қауымдастық өкілдерін қоса алғанда 130 адам кірді. Осылайша, Комиссия құрамында Қазақстанның барлық әлеуметтік топтары мен аймақтары толық қамтылды.
Комиссияға Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова басшылық етеді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оның орынбасарлары болып белгіленді.
«Комиссияның құрылуын секторлық өзгерістерден кешенді конституциялық трансформацияға өтудің көрінісі ретінде қарастыруға болады. Оның алдында ерекше миссия тұр. Ол – Ата Заңда бір жағынан конституциялық құрылыстың негізгі принциптерін сақтау, екінші жағынан қазіргі заманғы сын-қатерлерге лайықты көзқарасты білдіру мүмкіндігін қамтамасыз ету», – деп атап өтті алғашқы отырыста Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова.
Комиссияның барлық отырыстары толықтай ашық түрде өткізіліп, тікелей эфирде көрсетілді. Оның жұмысы БАҚ-та кеңінен және егжей-тегжейлі баяндалды. Өз пікірлерін, ескертпелерін және ұсыныстарын белгілі заңгерлер, құқық қорғаушылар, қоғамдық белсенділер, депутаттар, саяси зерттеушілер және басқа да сарапшылар білдірді.
Жұмыс барысында Комиссия мүшелері республиканың Ата Заңының барлық негізгі түзетулерін жан-жақты қарап шықты. Бұл түзетулер Конституцияның барлық бөлімдеріне және 77 бабына қатысты, яғни жалпы мәтіннің 84%-ын қамтыды. Осылайша, Комиссия мүшелері Қазақстанның жаңа Конституциясын әзірлеу мәселесін алға тартты.
Қазақстан Республикасы Ата Заңының тұжырымдамалық өзгерістері мемлекеттің адамға бағдарланғанын арттыруға, Қазақстан халқына тән өзекті құндылықтар мен қағидаттарды көрсетуге, сондай-ақ республикадағы саяси институттар құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталған.
Жаңа Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жария етілді. Бірлік пен ынтымақтастық, ұлтаралық және дінаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде белгіленді.
Егемендік пен Тәуелсіздік, біртұтастық, аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар санатына жатқызылды.
Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау сияқты қағидаттар алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілген.
Сонымен қатар, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендіктің иесі Қазақстан халқы болып табылатыны бекітілген.
Ата Заңымыздың жаңа мәтінінің басты идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация анықталды. Бұл мемлекеттің болашағы минералды ресурстар мен табиғи байлықтармен емес, адами капиталмен және азаматтардың жетістіктерімен анықталатынын көрсететін түбегейлі маңызды бетбұрыс.
Тағы бір маңызды мағыналық бағыт – цифрландыру. Осыған байланысты Конституцияның жаңа мәтінінде алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норма бекітілді.
Конституцияның жаңа мәтінінің басты ерекшелігі – адам құқықтарына бағдарлануы. Осылайша, адам құқықтары мен бостандықтары жаңа Преамбулада ғана бекітіліп қоймай, бүкіл Конституцияның ерекше басымдығы әрі мағыналық өзегі ретінде айқындалған.
Дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылып бекітіледі. Білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты айқындалады.
Неке ер адам мен әйел адамның ерікті және тең құқықты одағы екендігі туралы ереже енгізіледі. Бұл шешім дәстүрлі құндылықтарды ең жоғары құқықтық деңгейде қорғауға және әйелдердің құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.
Конституция жобасының негізгі новеллаларының ішінде мыналарды атап өтуге болады:
145 депутаттан тұратын және жаңа, кеңейтілген өкілеттіктерге ие бір палаталы жаңа Парламент – Құрылтай құрылады. Оны құру кезінде пропорционалды сайлау жүйесі қолданылады, ал депутаттардың өкілеттік мерзімі 5 жылды құрайды.
Пропорционалды жүйе партиялардың кадрлық саясатын дамытуға, олардың институционалдық рөлін арттыруға және саяси күштердің қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді.
Жаңа жалпыұлттық диалог платформасы – Қазақстанның Халық Кеңесі құрылады, ол Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын жалғастырады. Бұл Қазақстан халқының мүдделерін білдіретін, заң шығару бастамасы құқығына ие жоғарғы консультативтік орган болады.
Вице-президент институтын құру. Ол ҚР Президентінің атынан Қазақстан мен шетелдердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады.
Адвокаттық қызметке және адвокатураға арналған арнайы бап алғаш рет Конституцияда бекітіледі.
Зияткерлік меншік құқығын қорғау қамтамасыз етіледі.
Азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдарға, сол құқық бұзушылық үшін қайтадан жауапқа тартуға жол бермеуге тыйым салуды және кінәсіздік презумпциясы қағидаттарына, қоса алғанда, азаматтардың құқықтарына кепілдік күшейтіледі.
«Миранда ережесі» бекітіледі.
Сонымен қатар, Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасында ескірген терминологиялық аппарат мәселесі кешенді түрде шешілуде.
Еліміздің жаңа Ата Заңының мәтіні қалыптасқан мемлекеттік құрылымды, халықаралық беделді, адами капиталды, білім, ғылым және инновацияларды дамытудағы Қазақстанның айқын басымдығын атап көрсетеді, ол сенімді түрде болашаққа көз тастайды.
Сонымен қатар, мемлекеттік құрылымның қалыптасуына және Қазақстанның тарихи дамуында маңызды рөл атқарған қазіргі Конституцияға құрмет көрсетіледі.
Жалпы, Конституцияның жаңа редакциясының алғашқы жобасында Преамбула, 11 бөлім және 95 бап бекітілу ұсынылады.
Ұсыныстар қабылдау e-Otinish және eGov порталдары арқылы жалғасып жатыр.
Жаңа Конституция бойынша нақты шешімді еліміздің азаматтары жалпыұлттық референдумда қабылдайды.
Конституциялық комиссияның жұмысы жалғасуда.
Конституциялық реформа жөніндегі комиссия (Конституциялық комиссия)
****
2026 жылғы 30 қаңтар
ЖОБА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ
Біз, біртұтас Қазақстан халқы,
байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып,
Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтап,
мемлекеттің унитарлы сипатын, оның шекарасы мен аумағының тұтастығына қол сұғуға болмайтынын нақтылап,
Әділетті Қазақстан идеясын және Заң мен Тәртіп қағидатын ұстанып,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталатынын мәлімдеп,
бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарына сүйеніп,
мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтарын бағдарға алып,
табиғатты аялау қажеттігін мойындап,
бейбітшілікке және барлық елмен достыққа ұмтылып,
келешек ұрпақ алдындағы аса жоғары жауапкершілікті сезініп,
Қазақстан Республикасының Ата Заңын – осы Конституцияны қабылдаймыз.
І бөлім
Конституциялық құрылыс негіздері
1-бап
Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
2-бап
3-бап
4-бап
5-бап
Жауаптылықты белгілейтін немесе күшейтетін заңдардың кері күші болмайды.
Жаңа заң бұрын жасалған құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жоятын немесе жеңілдететін болса, жаңа заң қолданылады.
6-бап
7-бап
8-бап
9-бап
10-бап
Қазақстан Республикасы халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларын құрметтейді, мүдделі мемлекеттермен бейбітшілік пен ынтымақтастықты, олардың ішкі ісіне араласпауды, халықаралық дауды бейбіт жолмен шешуді көздейтін сыртқы саясат жүргізеді.
11-бап
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран. Олардың сипаттамасы және пайдалану тәртібі конституциялық заңда белгіленеді.
II бөлім
Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер
12-бап
13-бап
14-бап
15-бап
16-бап
17-бап
18-бап
Күзетпен ұстауға сот шешімімен ғана рұқсат етіледі және оған шағым жасау құқығы беріледі.
19-бап
Діни қызметшілер өздеріне сеніп, сырын ашқан адамдарға қарсы куәлік етуге міндетті емес.
20-бап
21-бап
22-бап
23-бап
24-бап
25-бап
26-бап
27-бап
28-бап
29-бап
30-бап
ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi.
31-бап
32-бап
33-бап
34-бап
35-бап
Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбiт жиналыс, митинг, демонстрация өткізуге құқығы бар. Бұл құқықты пайдалану конституциялық құрылыс негіздерін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысын сақтау мақсатында шектелуі мүмкін.
36-бап
Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға қатысты кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлануға құқығы жоқ.
37-бап
38-бап
Заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу – әр адамның борышы мен мiндетi.
39-бап
40-бап
Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұраның сақталуына қамқор болуға, тарих пен мәдениет ескерткiштерiне ұқыпты қарауға мiндеттi.
41-бап
III бөлім
Президент
42-бап
43-бап
Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлана алмайды.
44-бап
45-бап
46-бап
Қазақстан Республикасының Президенті:
1) Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жолдау жасайды;
2) депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Құрылтай келісімімен Қазақстан Республикасының Вице-Президентін тағайындайды; Қазақстан Республикасының Вице-Президентін лауазымынан босатады, оның өкілеттігін айқындайды.
Құрылтай Қазақстан Республикасының Вице-Президентін тағайындауға келісім беруден қайта бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратады;
3) Қазақстан Республикасы Құрылтайының кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Құрылтайдың бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Құрылтайдың кезектен тыс сессиясын шақырады; Құрылтай ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді немесе заңды не оның жекелеген баптарын қайта талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;
4) Құрылтайда өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациядан кейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кандидатурасын келісім беру үшін Құрылтайдың қарауына ұсынады; депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Құрылтай келісімімен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін тағайындайды; Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін лауазымынан босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Үкімет құрылымын айқындайды; Құрылтаймен консультациядан кейін Премьер-Министр ұсынған Үкімет мүшелерін тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін дербес тағайындайды; Үкімет мүшелерін лауазымынан босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; аса маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді.
Құрылтай Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін тағайындауға келісім беруден қайта бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратады;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын, Жоғарғы Сотының Төрағасын, Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас Прокурорын, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын, Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасын, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығын, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді тағайындайды және оларды лауазымынан босатады;
6) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады, олардың басшыларын тағайындайды және лауазымынан босатады;
7) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдік басшыларын тағайындайды және кері шақырып алады;
8) депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Құрылтай келісімімен Конституциялық Соттың он судьясын сегіз жыл мерзімге, Орталық сайлау комиссиясының алты мүшесін бес жыл мерзімге, Жоғары аудиторлық палатаның сегіз мүшесін бес жыл мерзімге тағайындайды; оларды лауазымынан босатады.
Құрылтай Конституциялық Сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындауға келісім беруден қайта бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратады;
9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын тағайындайды және лауазымынан босатады;
10) жалпыхалықтық референдум өткізу туралы шешім қабылдайды;
11) адамның және Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің Егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету үшін Конституциялық Сотқа күшіне енген заңның немесе өзге де нормативтік құқықтық актінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 93-бабында көзделген жағдайда қорытынды беру туралы өтініш жібереді;
12) Қазақстан Республикасының атынан келіссөздер жүргізеді және халықаралық шарттарға қол қояды; ратификациялық грамоталарға қол қояды; Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің, сондай-ақ халықаралық ұйым басшыларының сенім және кері шақыру грамоталарын қабылдайды;
13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын, құрметті атақтарды белгілейді;
14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттайды, құрметті атақтарды, жоғары әскери атақтарды, сыныптық шендерді, дипломатиялық дәрежелерді, біліктілік сыныптарын береді;
15) Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселесін, саяси баспана беру мәселесін шешеді;
16) кешірім беруді жүзеге асырады;
17) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, ішкі саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауіпсіздігіне тікелей қатер төнсе және бұл мемлекеттік конституциялық органдардың жұмыс істеуін бұзуға алып келсе, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен және Құрылтайының Төрағасымен ресми консультациядан кейін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе жекелеген аймақтарында төтенше жағдай енгізуді, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдануды қоса алғанда, осы мән-жайлар талап ететін шараларды қабылдайды;
18) Қазақстан Республикасына қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген жағдайда Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген аймақтарында әскери жағдай енгізеді, ішінара не жалпы жұмылдыру жариялайды, бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Құрылтайына дереу хабарлайды;
19) өзіне бағынатын Мемлекеттік күзет қызметін құрады;
20) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін құрады;
21) Қауіпсіздік Кеңесін, өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесін құрады;
22) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
47-бап
Үкімет бастамасымен шығарылатын Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне Премьер-Министр алдын ала қол қояды және оған актілердің Конституция мен заңдарға сәйкестігі үшін жауаптылық жүктеледі.
48-бап
Мемлекетке опасыздық жасауды қоспағанда, Президент өкілеттігін атқару барысындағы әрекеті үшін Қазақстан Республикасының Президенті қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.
49-бап
1) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен халықаралық аренада Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді;
2) Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің атынан өкілдік етеді;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағарту ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
4) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
50-бап
51-бап
Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдаған тұлға Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаудан бас тарту туралы өтініш береді. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты осы тұлғаның Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаудан бас тарту туралы өтінішті өз еркімен бергенін растайды және тиісті қорытынды береді.
Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаған тұлға тиісінше Вице-Президент, Құрылтай Төрағасы, Премьер-Министр өкілеттігін доғарады. Бұл жағдайда бос мемлекеттік лауазымдарға орналасу Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
IV бөлім
Құрылтай
52-бап
53-бап
54-бап
55-бап
Құрылтай депутаты:
1) Қазақстаннан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
2) өзіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
4) өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;
5) өзін сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан кезде мандатынан айырылады.
Құрылтай депутаттарының өкілеттігі Құрылтай таратылған жағдайда тоқтатылады.
56-бап
Құрылтай:
1) конституциялық заңдарды және заңдарды қабылдайды;
2) Қазақстан Республикасының Президенті қарсылық білдірген заңдарды немесе заң баптарын қарсылық жіберілген күннен бастап бір ай мерзімде қайта талқылап, дауысқа салады. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын білдіреді. Егер Құрылтай конституциялық заңдар немесе конституциялық заң баптары бойынша депутаттардың жалпы санының төрттен үшінің дауысымен, ал заңдар немесе заң баптары бойынша депутаттардың жалпы санының үштен екісінің дауысымен Президенттің қарсылығын еңсерсе, Президент бір ай ішінде конституциялық заңға және заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығы еңсерілмесе, конституциялық заң және заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп саналады;
3) соғыс және бітім мәселелерін шешеді;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану туралы шешім қабылдайды;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын жариялайды;
6) жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтереді;
7) Қазақстан Республикасының Президентіне Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Қазақстан Республикасының Вице-Президентін тағайындауға келісім береді;
8) Қазақстан Республикасының Президентіне Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін тағайындауға келісім береді;
9) Президенттің Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьяларын, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатасының мүшелерін тағайындауына Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен келісім береді;
10) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын сайлайды және лауазымынан босатады, олардың антын қабылдайды;
11) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьяларын, Жоғарғы Сотының судьяларын тиіспеу кепілдігінен айырады;
12) Құрылтай депутатының өкілеттігін тоқтатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуы бойынша Құрылтай депутатын тиіспеу кепілдігінен айыру мәселелерін шешеді;
13) Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасымен Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруге құқылы;
14) Конституциялық Соттың Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;
15) жылына екі рет Жоғары аудиторлық палата Төрағасының есебін тыңдайды;
16) Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылайды және бекітеді. Құрылтайдың республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін бекітпеуі Құрылтайдың Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруі деп саналады;
17) Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің өз қызметі жөніндегі есептерін тыңдауға құқылы. Қазақстан Республикасының заңдары орындалмаған жағдайда есепті тыңдау қорытындысы бойынша Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің дауысымен Қазақстан Республикасының Президентіне Үкімет мүшесін лауазымынан босату туралы өтініш қабылдауға құқылы. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Үкімет мүшесін лауазымынан босатады;
18) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша тыңдау өткізеді;
19) өз қызметінің регламентін және Құрылтайдың жұмысын ұйымдастыруға, ішкі тәртіптемесіне байланысты мәселелер бойынша өзге де шешім қабылдайды;
20) Құрылтайдың үйлестіру органын және жұмыс органдарын құрады;
21) Құрылтай комиссияларын құрады, төрағаларын сайлайды және лауазымынан босатады, комиссиялардың қызметі туралы есепті тыңдайды;
22) Құрылтайға Конституцияда жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
57-бап
Құрылтай Төрағасын сайлаудан қайта бас тартылған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратады.
1) Құрылтай отырысын шақырады және оған төрағалық етеді;
2) Құрылтайдың қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға жалпы басшылық етеді;
3) Құрылтай Төрағасының орынбасарлары лауазымына сайлау үшін Құрылтайға кандидатуралар ұсынады;
4) Құрылтайдың қызметінде регламенттің сақталуын қамтамасыз етеді;
5) Құрылтайдың үйлестіру органының қызметіне басшылық етеді;
6) Құрылтай шығаратын актіге қол қояды;
7) өзіне Құрылтай регламентімен жүктелетін басқа да міндеттерді атқарады.
58-бап
59-бап
60-бап
1) жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтық құқықтар мен бостандықтарға, жеке және заңды тұлғалардың міндеттемелері мен жауаптылығына;
2) меншік режиміне және өзге де заттық құқықтарға;
3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне;
4) салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге немесе олардың күшін жоюға;
5) республикалық бюджетке, мемлекеттік қарыз, Қазақстан Республикасының экономикалық және өзге де көмек көрсету мәселелеріне;
6) сот құрылысы мен сот ісін жүргізу мәселелеріне;
7) рақымшылық мәселелеріне;
8) білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға;
9) кәсіпорындарды және олардың мүлкін жекешелендіруге;
10) қоршаған ортаны қорғауға;
11) Қазақстан Республикаcының әкімшілік-аумақтық құрылысына;
12) мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне;
14) халықаралық шарттарды ратификациялауға және денонсациялауға қатысты аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, негіз құраушы қағидаттар мен нормаларды белгілейтін заң шығаруға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген заң жобалары Құрылтайға енгізілген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне жауапкершілікті ала отырып, осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша заң күші бар уақытша нормативтік құқықтық акт қабылдауға құқылы. Мұндай акт Құрылтай қабылдаған заң күшіне енгенге дейін немесе Құрылтай заң жобаларын қабылдамай тастағанға дейін қолданыста болады.
Құрылтай заң жобасын депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен тұтастай қабылдамауға құқылы. Мұндай жағдайда заң жобасы қабылданбады деп саналады және бастамашыға қайтарылады.
61-бап
Егер Қазақстан Республикасының Конституциясында өзгеше көзделмесе, Құрылтай қаулысы депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
62-бап
V бөлім
Үкімет
63-бап
64-бап
65-бап
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету ісінің негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) Құрылтайға республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;
3) Құрылтайға заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;
4) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
5) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүргізу шараларын әзірлейді;
6) министрліктердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық етеді;
7) Қазақстан Республикасының министрліктері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің қолданысын толық немесе бір бөлігінде жояды не тоқтата тұрады;
8) мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық орган үшін қаржыландырудың және қызметкерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін Қазақстан Республикасы Президентiнің келісімімен бекітеді;
9) өзіне Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
66-бап
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі:
1) Үкімет қызметін ұйымдастырады және басқарады, оның жұмысы үшін дербес жауап береді;
2) Үкімет қаулысына қол қояды;
3) Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның барлық аса маңызды шешімдері туралы Президент пен Құрылтайға баяндайды;
4) Үкімет қызметін ұйымдастыруға және басқаруға байланысты басқа да функцияларды орындайды.
67-бап
68-бап
69-бап
VI бөлім
Қазақстан Халық Кеңесі
70-бап
71-бап
Қазақстан Халық Кеңесі:
1) мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары;
қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту;
Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді;
2) Құрылтайға заң жобаларын енгізеді;
3) жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтереді.
VII бөлім
Конституциялық Сот
72-бап
Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Конституциялық Сот судьясы болып тағайындалмайды.
Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Конституциялық Сот Төрағасы болып тағайындалмайды.
Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуымен Конституциялық Сот судьялары арасынан Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
73-бап
1) дау туындаған жағдайда Президенттің, Құрылтай депутаттарының сайлауын және жалпыхалықтық референдум өткізудің дұрыстығы мәселесін шешеді;
2) Президент қол қойғанға дейін Құрылтай қабылдаған заңдардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарайды;
3) Құрылтай қабылдаған қаулылардың Конституцияға сәйкестігін қарайды;
4) халықаралық шарттарды ратификациялағанға дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды;
5) халықаралық ұйымдар мен олардың органдары шешімдерінің орындалуының Конституцияға сәйкестігін қарайды;
6) Конституция нормаларына ресми түсіндірме береді;
7) Конституцияның 50 және 51-баптарында белгіленген жағдайларда қорытынды береді.
Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібі мен шарттары конституциялық заңда айқындалады.
74-бап
75-бап
Конституциялық Соттың түсіндірмесінде Конституцияға сәйкес келеді деп танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер, олардың жекелеген ережелері осы түсіндірмедегідей қолданылуға тиіс.
VIII бөлім
Сот төрелiгi. Прокуратура.
Құқық қорғау тетіктері
76-бап
77-бап
78-бап
1) ешкімнің өзіне заңда көзделген соттылығын оның келісімінсіз өзгертуге болмайды;
2) сотта әр адамның өз сөзін тыңдатуға құқығы бар;
3) айыпталушы өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуге міндетті емес;
4) адамның кінәлі екеніне қатысты кез келген күмән айыпталушының пайдасына қарастырылады;
5) заңсыз тәсілмен жиналған дәлелдемелердің заңды күші жоқ. Ешкімді өзінің жеке мойындауы негізінде ғана соттауға болмайды;
6) қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
79-бап
Соттар адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқылы емес.
Егер сот қолданылуға тиіс заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, ол іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсынумен Конституциялық Сотқа жүгінуге міндетті.
80-бап
81-бап
Соттарды қаржыландыру, судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі және сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
82-бап
Жоғарғы Сот – жергілікті және басқа да соттардың қарауына жататын азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және өзге де істер бойынша жоғары сот органы, ол заңда көзделген жағдайда өзінің қарауына жататын сот істерін қарайды және сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндіру береді.
83-бап
Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Жоғарғы Сот Төрағасы болып тағайындалмайды.
Жоғарғы Сот судьяларын Құрылтай Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен сайлайды.
84-бап
Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалмайды.
85-бап
86-бап
IX бөлім
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
87-бап
Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы ахуалдың жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады.
88-бап
1) аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту;
2) өз қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;
3) заңмен мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жергілікті атқарушы орган басшыларының есебін қарау;
4) мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру, олардың қызметі туралы есепті тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
89-бап
1) аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу мен олардың атқарылуын қамтамасыз ету;
2) коммуналдық меншікті басқару;
3) жергілікті атқарушы орган басшыларын тағайындау және лауазымынан босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
4) жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру жатады.
Қазақстан Республикасының Президенті кемінде екі кандидатураны ұсынады, олар дауысқа салынады. Дауыс беруге қатысқан мəслихат депутаттарының көпшілік дауыс санын алған кандидат келісім алды деп саналады.
Өзге əкімшілік-аумақтық бірлік əкімдері заңда айқындалатын тəртіппен тағайындалады немесе сайланады, сондай-ақ лауазымынан босатылады. Қазақстан Республикасының Президенті өз ұйғаруымен астана, облыс, республикалық маңызы бар қала əкімдерін лауазымынан босатуға құқылы.
90-бап
91-бап
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына заңға сәйкес мемлекеттік функциялар берілуі мүмкін.
X бөлім Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу
92-бап
93-бап
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулардың Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабы 6-тармағының және 43-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкестігі туралы Конституциялық Сот қорытындысы болған жағдайда олар жалпыхалықтық референдумға шығарылады.
XI бөлім Қорытынды және өтпелі ережелер
94-бап
95-бап
В целях реализации задач по дальнейшему продвижению идеологии «Закон и Порядок» и повышения эффективности профилактической работы прокуратурой Шемонаихинского района разработан и внедрен QR-код, обеспечивающий оперативный доступ населения к информационным материалам указанной идеологии. Данная мера направлена на расширение охвата граждан правовой информацией и формирование устойчивой правовой культуры. Переход по QR-коду позволяет гражданам ознакомиться с систематизированными и в доступной форме изложенными сведениями о правах и обязанностях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан. Данное решение способствует повышению правовой грамотности населения, укреплению доверия к институту правопорядка и формированию осознанного отношения к вопросам личной и общественной безопасности.
Құжаттарға апостиль қою- бұл шетелде іс- әрекет етуге қажет құжаттарды ресімдеуге арналған белгілі бір заңды талаптарды орындау әрекеттер рәсімі.
Азаматтар шетелге отбасы жағдайымен немесе оқуға және т.б бойынша шекарадан өткенде құжаттарға апостиль қою рәсімі қолданылады.
Апостиль бір елге берілген ресми құжаттың сенімділігін басқа елдің аумағында дәлелдеу үшін қажет.
Осыған байланысты апостиль халықаралық құжат алмасуда маңызды құрал және қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтердің сұранысқа ие түрлерінің бірі болып табылады.
Әділет Министрінің міндетін атқарушысымен 27.05.2020 ж. № 58 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы органдарынан, сондай-ақ нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою мемлекеттік қызмет көрсету туралы» қағидаларына сәйкес ӘМ , облыстардың, Нұрсұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет Департаменттері қызмет көрсетуші болып табылады.
Қызмет көрсетуші эксаумақтық қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді, бұл апостиль қоюға болатын құжат берілген елдің облысына немесе қаласына қарамастан «апостиль» мөртабанын қоюға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызмет алуға электронды өтінім электрондық үкімет www.egov kz веб-порталы арқылы қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып бере алады. Электронды «апостиль» мөртабанын алу қызметінің мерзімі 1(бір) жұмыс күн.
Шемонаиха ауданының әкімдігі 2025 жылғы 28 қарашада сағат 10:00-де мемлекеттік мүлік тізілімінің E-QAZYNA веб-порталында (бұдан әрі-Тізілімнің веб-порталы) жер учаскесін жалға алу құқығын сату жөніндегі электрондық аукцион өткізетіндігін хабарлайды.
Аукционға қатысуға өтінімдер беру Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығымен бекітілген Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Аукционға қатысу үшін тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшін: тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), паспорттық деректер;
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері (жеке сәйкестендіру коды, банктік сәйкестендіру коды, банк атауы, бенефициар коды);
4) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, e-mail).
Сауда-саттыққа қатысу үшін қатысушы веб-порталда өтінім береді және электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі-ЭЦҚ) қол қояды.
Сауда-саттыққа қатысушыларының өтінімдерін тіркеу хабарландыру жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін бес минут ішінде аяқталады.
Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның аукцион басталғанға дейін бес минут бұрын түспеуі тізілімнің веб-порталымен өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Аукцион Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбі мен жұма аралығында аукцион залында өтеді. Аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірілмей басталады.
Аукционға қатысуға рұқсат етілген қатысушыға аукцион залына веб-портал берген аукцион нөмірі бойынша кіруге рұқсат етіледі.
Бағаны көтеру аукционына қатысушылар аукцион басталғанға дейін 1 (бір) сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді, бастапқы бағадан төмен болмайтын сауда-саттық объектісі үшін өзінің баға ұсынысын көрсетеді.
Бағаның өзгеру қадамы былай белгіленеді: сауда-саттық объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы 20000 еселенген АЕК мөлшеріне дейін болған кезде-10% мөлшерінде.
Әрбір сатылған сауда-саттық объектісі бойынша сауда-саттық нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз сауда-саттық өткізілген күні веб-порталда ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қол қояды.
Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату бағасы бойынша сату объектісін сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады. Сатып алу-сату шарты тізілімнің веб-порталында электрондық форматта жасалады және сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сатушы мен сатып алушы қол қояды.
Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушы арасында жүргізіледі. Бұл ретте сатып алушы ұйымдастырушыға төлемдерді аударуды мынадай тәртіппен жүргізеді:
1) кепілпұл (аванстық төлем) жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сату бағасының 50 (елу) %-ы мөлшерінде енгізіледі. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлем есебіне есептеледі;
2) қалған сома жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірілмей енгізіледі.
Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна сауда-саттық объектісінің ең төменгі бағасының 15 (он бес) %-ын құрайды, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) кем болмайды және 30 (отыз) мың АЕК-ден аспайды.
Кепілдік жарнаны ұйымдастырушы қабылдайды және сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген деректемелеріне енгізіледі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сатуға қатысуға мәлімделген шарттарда жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартылған жағдайда, енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайды, қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар төленетін аванстық төлем шотына аударылады.
Жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі аукционға келесі сату объектілері шығарылады:
1) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ғимараттарына (құрылыстары мен ғимараттарына) қызмет көрсету үшін Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданының Убинка ауылы, Украинская көшесі, 63 жер учаскесі мекенжайында орналасқан ауданы 4,6800 га жер учаскесі, 6 жыл мерзімге уақытша жер пайдалану (жалға алу) құқығы, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны 16965000 тг, жалдау ақысының мөлшері 39087 тг/ж., кепілдік жарна сомасы 305370 тг.
Анықтама телефоны 8(72332) 3-19-57) - «Шемонаиха ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
1 шілдеден бастап үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны табыстау мақсатында жыл сайын өткізілетін конкурсқа өтінімдерді қабылдау басталды.
ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы ұйымдардың әлеуетін нығайту және қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға ынталандыру мақсатында институционалдық қолдау көрсетуге бағытталған
Сыйлықақы әлеуметтік маңызы бар 16 сала бойынша беріледі. Бір салаға арналған сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК-ті құрайды.
Соңғы 8 жыл ішінде 486 ҮЕҰ қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге қосқан үлесін көрсетіп, сыйлықақыға ие болды. Солардың ішінде жыл сайын шамамен 10 ауылдық ҮЕҰ аудандар мен ауылдарды дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды.
Егер сіздің ҮЕҰ қоғам өміріне белсенді қатысып, өз қызметі саласында көшбасшы ретінде танылып, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге түбегейлі үлес қосып, жаңашыл идеяларды белсенді іске асырса – үздік ҮЕҰ арасында өтетін конкурсқа қатысуға шақырамыз.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 қыркүйекте (қоса алғанда) сағат 18:30-да (Астана қаласы уақытымен) аяқталады.
Конкурсқа қатысу шарттары туралы толығырақ келесі сілтеме бойынша білуге боладыhttps://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/863651?lang=kk
Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 74-09-97, 74-07-41,74-02-17.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірді. Бұл жүргізуші куәлігін алу кезінде 073/е үлгісіндегі жалған медициналық анықтама ұсыну мүмкіндігін жояды.
Енді азаматтарға «Жүргізуші куәлігін беру» мемлекеттік қызметін алу кезінде медициналық анықтаманы қағаз түрінде тапсырудың қажеті жоқ. Медициналық тексерудің нәтижесі автоматты түрде ИАЖ ХҚКО-ға келіп түседі. Бұл жаңашылдық өтініштердің қарау мерзімін жеделдетуге, жалған құжаттарды ұсыну жағдайларын болдырмауға және жүргізуші куәлігін алу рәсімінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
Аталған бастама ауқымды цифрлық трансформацияның бір бөлігіне айналды және бұл мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды оңтайландыру арқылы мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Айта кету керек, жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталмай тұрып ауыстырылған жағдайда, медициналық тексеруден өту талап етілмейді. Сондай-ақ, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден анықтама ұсыну қажеттілігі жоқ.