Меню
Страницы
Статья
Астанада Орталық сайлау комиссиясының 30 жылдығына орай «Конституциялық реформа және сайлау жүйесі» атты екі күндік халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Астанада Орталық сайлау комиссиясының 30 жылдығына орай «Конституциялық реформа және сайлау жүйесі» атты екі күндік халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Халықаралық нормалармен сәйкестік Іс-шараға 16 шет мемлекеттің орталық сайлау органының және 6 беделді халықаралық ұйымың өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Дүниежүзілік сайлау органдарының қауымдастығы, ЕҚЫҰ, ТМД Атқару комитеті, Парламентаралық одақ, Түркі мемлекеттерінің ұйымы, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі делегаттары келді.
Конференцияға сондай-ақ республиканың бірқатар мемлекеттік органының басшылары, Парламент депутаттары, ОСК жанындағы Сарапшылық кеңестің, Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының, Жас сайлаушылар клубының, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, саяси партиялардың, ғылым, білім, қоғамдық ұйымдардың, масс-медианың өкілдері қатысты.
Іс-шараның бірінші күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың конференцияға қатысушыларға арналған құттықтау хатын Президенттің кеңесшісі Ернар Баспаев оқып берді.
Мемлекет басшысы тәуелсіздік жылдарында еліміздің сайлау органдары дәйекті даму жолынан өтіп, мемлекеттік биліктің аса маңызды институттарын қалыптастыру ісіне елеулі үлес қосқанын атап өтті. Бұл органдар сайлау құқығына қатысты әлемдік деңгейдегі жоғары талаптарды әрдайым сақтай білді. Сондай-ақ халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты нығайтып, қоғаммен ашық диалог орнатты. Мысалы, шетелдің озық тәжірибесін ескере отырып, аумақтық комиссиялардың кәсіби деңгейін көтеру, жұмысын жақсарту және оның әрбір мүшесінің мәртебесін айқындау үшін нақты шаралар қабылданды.
«Қазақстанда жан-жақты өзгерістер кезеңінде сайлау заңнамасын үнемі жетілдіріп отыруға баса мән беріледі. Осы күрделі әрі жауапты міндетті орындау үшін сарапшылар қауымымен тығыз қарым-қатынас орнатудың маңызы зор. Бүгінгі басқосуда бұл саланы дамытуға қатысты салмақты ой-пікірлер айтылып, тың тәсілдер ұсынылады деп сенемін», деді Мемлекет басшысы құттықтау сөзінде және конференция қатысушыларына жемісті жұмыс тіледі.
Сондай-ақ Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов құттықтау хаттарын жолдады. Конференция қатысушыларына арнаған сөзінде ТМД Атқару комитеті делегациясының басшысы – ТМД Бас хатшысының бірінші орынбасары Леонид Анфимов Қазақстанда халықаралық нормаларға сай келетін сайлау жүйесі құрылғанын, ол елдің әрбір азаматына өз еркін білдіруге, сайлауға және сайлануға, осылайша мемлекетті басқаруға қатысуға құқық беретінін атап өтті.
«Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы ТМД кеңістігіндегі сайлау қызметінде шын мәнінде флагмандардың біріне айналды», деді Л.Анфимов.
Парламентаралық одақтың құрметті Президенті Дуарте Пашеко 2022 жылғы референдумда халық қолдаған конституциялық реформа Қазақстанның демократиялық қағидаттарға қызығушылығымызды арттырып, сайлау жүйемізді жетілдіріп жатқанымыздың дәлелі екенін атап өтті.
Конференция барысында Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығының Бас хатшысы доктор Ин-сик Джангтың, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиевтің және ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің Бас хатшысы Дмитрий Кобицкийдің бейнеқұттықтаулары көрсетілді.
Ынтымақтастыққа бағытталған құжаттар
Сайлау тарихы туралы және Қазақстанның кейінгі 30 жылдағы сайлау жүйесін дамытудың барлық кезеңін қамтитын көрме үлкен қызығушылық тудырды. Көрме материалдары конституциялық реформаның, сайлау заңнамасын жаңартудың негізгі элементтерін көрсетеді, сондай-ақ миссия, пайым, құндылықтар, қағидаттар, мақсат, басымдықтар сияқты ОСК одан әрі дамуының стратегиялық негіздеріне назар аударады.
Конференция аясында ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров Өзбекстан Республикасы ОСК төрағасы З.Низамходжаев, Армения Республикасы ОСК төрағасы В.Овакимян, Түркия Республикасы Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы А.Йенермен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды. Меморандумдарға қол қою сайлау жүйелері мен сайлау үдерісін дамытудағы елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.
Конференция шеңберінде «Конституциялық реформа мәнмәтініндегі сайлау заңнамасының эволюциясы» және «Сайлау жүйелерін дамытудың өзекті трендтері» атты екі тақырыптық сессия жұмыс істеді, іс-шаралар барысында қатысушылар мен қонақтар баяндамалар жасап, аталған тақырыпта пікір алмасты. Атап айтқанда, мемлекеттердің қазіргі заманғы сайлау жүйелерінің алдында тұрған талаптары талқыланды, электрондық дауыс беру және басқа да заманауи сайлау технологиялары мәселелері бойынша тәжірибе алмасу жүзеге асырылды. Шетелдік әріптестер Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізілген Қазақстанның саяси реформаларына оң баға берді.
Дата публикации
01 февраля 2024
Дата обновления
01 февраля 2024
Сейчас читают
Социальные медиа
Меню подвал