2 қосымша
2024 жылға“Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Октябрьское ауылдық округі әкімінің аппараты” ММ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау жөніндегі жұмыс туралы есебіне
талдамалық анықтама
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мониторингілеу нәтижелері туралы ақпарат.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде округ әкімінің аппараты 3 қызмет көрсетті, оның ішінде: “Кент, ауыл жерлерінен жер үлескісін беру” - 1 қызмет (тамыз-заңды тұлға), 1 қызмет (қыркүйек жеке тұлға); “Сауда–саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер үлескілеріне құқықтарды сатып алу” - 1 қызмет (наурыз-заңды тұлға).
Көрсетілетін қызметті алушыларға олардың санын, себептерін және олар бойынша қабылданған шараларды көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы ақпарат.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсетуден 3 дәлелді бас тарту «Кент, ауыл жерлерінен жер үлескісін беру» - 2, «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер үлескілеріне құқықтарды сатып алу» ұсынылды- 1 мемлекеттік қызмет
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзу, олардың санын, себептерін және олар бойынша қабылданған шараларды көрсете отырып,анықталған фактілері туралы ақпарат.
Есепті кезеңде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы бұзу фактілері анықталған жоқ.
Есептік кезеңде белгіленген мерзімдерді бұза отырып қаралған мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар, олардың саны, себептері және олар бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат.
Есептік кезеңде көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша жүргізілген түсіндіру іс-шаралары туралы ақпарат.
Округ әкімінің аппараты тұрақты негізде электрондық нысанда қызмет көрсетуді насихаттау бойынша шаралар қабылдайды (брошюралар тарату, ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізу және т.б.) есепті кезеңде 625 адамды қамти отырып, 15 түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізу шеңберінде egovmobile мобильді қосымшасын, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисін пайдалану және биометриялық сәйкестендіруді пайдалана отырып, қашықтан режимде ЭЦҚ ресімдеу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылады.
Әкім аппаратының ғимаратында тегін Wi-fi аймағымен, 40 Мбит/с интернетпен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.
Жыл басынан бері 1458 электрондық қызмет көрсетілді. Аппарат қызметкерлері бұрыштарда “Электрондық үкімет” порталының сервистері, Mgov, telegram-бот @EgovKzBot2.0 мобильдік қосымшалары және онлайн режимде ЭЦҚ ресімдеу арқылы электрондық қызметтерді өз бетінше алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілігін арттырудан өткен адамдар туралы ақпарат.
Есептік кезеңде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері біліктілікті арттыру курстарынан өткен жоқ.