Ауданның мемлекеттік мекемелерінде сыбайлас жемқорлық
тәуекелдерінің алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстары туралы
Ақпарат
Ел Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Жолдауында сыбайлас жемқорлық - бұл жай ғана құқық бұзушылық емес, сыбайлас жемқорлық мемлекеттің тиімділігіне деген сенімге нұқсан келтіреді және қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіретін ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыста жариялылықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған шаралар туралы халықты ақпараттандыру үшін ауданның мемлекеттік мекемелерінде «Сенім телефондары» жұмыс істейді, бекітілген кестеге сәйкес жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштеріне арналған ақпараттық стендтер мен жәшіктер орналастырылған, аудан әкімімен, оның орынбасарларымен және аппарат басшысымен, дербес бөлімдердің басшыларымен, аумақтық бірлік әкімдерімен азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін тұрақты түрде қабылдау жүзеге асырылады. Сондай-ақ жоғарыда аталған тұлғалардың азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауы «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында жүзеге асырылады.