Шартсыз ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі. Шартсыз ақшалай көмек ағымдщағы тоқсанған (3 ай) тағайындалып, ай сайын төленеді және мына адамдарға төленеді:
1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын табысы аз адамдарға: зейнеткерлік жасқа толуын, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне, екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты;
2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі жеті жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.
Шартты ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына табысы аз адамдардың (отбасылардың) міндетті қатысуы шартымен оларға ай сайынғы және (немесе) біржолғы ақшалай төлем нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі. Шартты ақшалай көмек жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, өзінің құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.
«Шемонаиха ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ Шемонаиха қаласы, Молодежный көшесі,19 мекен жайында орналасқан, тел. 9-15-12.