|
Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2022 жылғы «___»_____________ №____ қаулысына қосымша |
«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Каменевский ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
3.Әкім аппараты өзқызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
8.Әкім аппаратының штаттық сан құрылымы мен лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалығына сәйкес бекітіледі.
11.Осы Ереже әкім аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
Егер әкім аппараты заңнамалық актілер мен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан мРеспубликасының заңнамасы мен өзгешебелгіленгенбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
1)Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімі мен әкімдігінің, оның орынбасарларының, аудан әкімі аппараты басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру.
1)құқықтары;
-Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдардың иелігіндегі кезкелген, оның ішінде құпия, ақпараттық деректер банкін пайдалану;
- мемлекеттік органдар дайындаған аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің жобалары бойынша қорытындыларды сараптауды және дайындауды жүзеге асыру;
-аудан әкімі және оның орынбасарларының, аудан әкімі аппараты басшысының тапсырмалары бойынша аудан әкімі және әкімдігінің актілерінің жобаларын дайындау;
- аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аудан әкімі аппараты басшысының актілері;
2) міндеттер:
-Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді.
16.функциялары;
1) әкімі мен округ әкімі аппараты қызметін қамтамасыз етеді;
2)азаматтардың, заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін, арыз-шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен еріктерін қорғау бойынша шаралар қабылдайды;
3)салықтарды жинауға ықпал етеді;
4)азаматтар және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларын, заңдарын, Президент және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті атқарушы органдарының нормативтік-құқықтық актілерін орындауына ықпал етеді;
5)жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
6)округ тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ құрылыс, қайта құру, автомобиль жолдарын жөндеу және ұстауды жүзеге асырады;
7)тарихи және мәдени мұраларды сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады;
8)аз қамтылған тұлғаларды анықтайды, жоғары тұрған органдарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту бойынша ұсыныстар енгізеді;
9)жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді;
10)әр шаруашылық есепті жүргізеді;
11)округтің сумен жабдықталуын ұйымдастырады және сумен жабдықтау мәселесін реттейді;
12)округтің абаттандыру, жарықтандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарын ұйымдастырады;
13)ауданның жергілікті атқарушы органдарына ауылдық аумақтар мен агроөнеркәсіптік кешен бағдарламаларын қалыптастыру бойынша; ауыл шаруашылық малдарын ұстау және бағу қағидалары бойынша ұсыныстар енгізеді;
14)елді мекендер жерлерінде малдарды бағу орнын анықтайды;
15)ауыл шаруашылық санағын өткізуге қатысады;
16)тұрғындармен бірінші тоқсан ағымында, жыл сайынғы есеп беру кездесулерін өткізеді, оның барысында елдегі өткізілетін реформалардың іске асырылуы, округтің өткен жылға әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның бұдан әрі дамуының негізгі бағыттары мен міндеттері туралы ақпараттандырылады;
17)сайлаушылар тізімін құрады, оларға түзетулер енгізеді;
18)Қазақстан Республикасының әскери міндеттер және әскери қызмет, азаматтық қорғау, сондай-ақ мобилизациялық дайындық және мобилизациялау мәселелері бойынша заңнамасын орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
19)Әділет органдары жоқ жергілікті жерлерде, Қазақстан Республикасы заңнамалығымен белгіленген, тәртіпте нотариалдық іс-әрекеттерді жүргізуді ұйымдастырады;
20)қылмыстық-атқарушылық инспекция сынамалау қызметінде есепте тұрған, тұлғалардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
21)қоғамдық жұмыстарды, жастар тәжірибесін және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
22)жергілікті қоғамдастық жиынның, округ, көшелер, көп пәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының бөлек жиындарын, жергілікті қоғамдастық жиналысының өтуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
23)бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдер мен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;
24)жергілікті қоғамдастық жиыны мен жиналысының күн тәртібін әзірлейді;
25)жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және әкіммен мақұлданған шешімдердің атқарылуын қамтамасыз етеді;
26)бөлек жиындар, жиындар мен жергілікті қоғамдастық жиналысы хаттамаларының сақталуын және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
27)жергілікті қоғамдастық жиналыстары мен жиындары, бөлек жиындар қатысушыларын тіркеуді өткізеді;
28)бөлек жиындар, жиындар мен жергілікті қоғамдастық жиналыстарының қызметін құжаттамалық қамтуды жүзеге асырады;
29)мемлекеттік сатып алу өткізуді ұйымдастыру және өткізу үдерістерін жүзеге асырады;
30)округ бюджетін жоспарлау және орындауды қамтамасыз етеді;
31)округ бюджетін атқару туралы жылдық қаржылық есептілікті құрады;
32)жергілікті қоғамдастық жиналысына және аудан мәслихатына округ бюджетінің орындалуы туралы есепті ұсынады;
33)жергілікті қоғамдастық жиналысына бекітуге жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және ұсынады;
34) округ бюджетінің іске асырылуы туралы шешім қабылдайды;
35) жергілікті өзін-өзі басқару мүлкін нысаналы және тиімді қолданылуын бақылауды жүзеге асырады;
36)округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
37) жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық мүлкін нысаналы және тиімді қолданылуын бақылауды жүзеге асырады;
38)жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты округтің коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
39) мүлкі коммуналдық меншіктегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
40)жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;
41)жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;
42)мүлкі коммуналдық меншіктегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
43)жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
3.Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі
18.Әкім аппаратына басшылықты әкім аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
19.Әкім аппаратының басшысы,аудан әкімімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» «Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады қызметтен босатылады.
20.Әкім аппараты басшысының өкілеттігі:
1)әкім аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтау.
2) «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әкім аппаратының жұмысын техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын жұмыскерлерді қызметке тағайындау және қызметтен юосату;
3)Әкім аппаратының қызметкерлерін көтермелеу және оларға тәртіпті қықпалетушараларын қабылдау.
4)әкім аппараты бойынша бұйрықтар шығару және қолқою;
5) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда әкім аппаратының мүддесін білдіру;
6) «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сөзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
7) әкім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, міндеттерін атқару жүктелген тұлға орындайды.
Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өзқызметін нәтижесінде сатып алынған мүлік ( ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салнбаған өзге де көздересебінен қалыптастырылады.
23.әкім аппаратына бекітілген мүлік ауылдық округ комуналдық меншікке жатады.
24.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, әкім аппаратын өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өзбетімен иеліктен шығару немесе оған өзгедей тәсілмен билікетуге құқығы жоқ.
25.Әкім аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.
Шемонаиха ауданы әкімі
аппаратының басшысы Л.Марченко