Үйлестіруді жобалық кеңсе жүзеге асырады. Өткен жылы «Рухани жаңғыру» аясында жалпы сомасы 1,6 млрд.теңге болатын 30 облыстық және қалалық/аудандық деңгейдегі 19 жоба іске асырылды. Олардың қатарында жылсайынғы «Білікті маман», «Абай әлемі», «ШҚО ежелгі қазыналары» жобалары және «Үнем-қоғам қуаты» атты жаңа арнайы жоба бар.
Меценаттар мен демеушілер қаражаты есебінен «Туған жер» шеңберінде 506,6 млн.теңге сомасына 646 әлеуметтік жоба іске асырылды, оның ішінде 75 нысанды салуға және реконструкциялауға 173,9 млн. теңге бөлінді, ауруханалар үшін жабдықтар сатып алынды, карантин кезеңінде халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетілді.