Меню

Страницы

Статья

Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл

Әділет органдарында Шығыс Қазақстан облысы бойынша 597 ұйым тіркелген (408 қоғамдық ұйым, 157 қор, 24 заңды тұлғалар қауымдастығы, 8 жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігі). Олардың ішінде қалалық – 512, аудандық – 85.

Облыста 14 қоғамдық кеңес қызмет атқарады. Облыстық қоғамдық кеңес жанында 6 сараптамалық комиссия жұмыс істейді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша сараптамалық комиссиялар 30 отырыс, 40 рейд, 3 саяси клуб отырысы, халықпен 12 кездесу, 4 дәріс өткізді.

2024 жылы 244 іс-шара өткізілді: қоғамдық мониторинг – 45, қоғамдық тыңдау – 26, қоғамдық сараптама, соның ішінде НҚА қарау – 127, мемлекеттік органдардың жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау – 46.
69 өтініш қаралды, оның ішінде 59-ы шешімін тапты, 10-ы қаралуда және бақылауда тұр.

Өңірлік ҮЕҰ-ға консультациялық, әдістемелік және білім беру қызметтерін көрсету мақсатында 2018 жылдан бастап облыста Азаматтық бастамаларды қолдау ресурстық орталығы жұмыс істейді. 2024 жылы ресурстық орталық аясында 299 кеңес беріліп, ауылдық ҮЕҰ мен белсенділерге 41 жеке кеңес өткізілді.

2024 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында облыс бойынша үкіметтік емес ұйымдар 58 жобаны іске асырды.

Облыста келесі саяси партиялардың 7 филиалы тіркелген: «AMANAT», «Қазақстан Халық партиясы», «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Қазақстанның жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы», «Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясы және «Respublica» партиясы.

Дата публикации
21 мая 2021
Дата обновления
22 апреля 2025
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Ақпарат
23 июля 2026
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес.
Ақпарат
29 июня 2026
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес
Ақпарат
27 апреля 2026
Шығыс Қазақстан облысында «ШҚО. Талдау мектебі» жобасына өтінім қабылдау басталды!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы