Меню

Страницы

Статья

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес облыс әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Кеңес мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру және жастардың өңірдің өзекті мәселелерін шешуге қатысуын қамтамасыз ету мақсатында қызмет жүзеге асырады.

Кеңестің негізгі міндеттері

  1. мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
  2. мемлекеттік жастар саясаты міндеттерінің іске асырылу тиімділігін талдау;
  3. мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
  4. мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысты өзекті мәселелерді талқылау.

Кеңестің функциялары

  1. өңірлерде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарайды және талқылайды;
  2. жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылауға мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тартады;
  3. жастар саясаты саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдеседі;
  4. мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы туралы жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдайды.

Кеңес төрағасы – Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

Кеңестің жұмыс органы – Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы.

Кеңес құрамына мемлекеттік органдардың, жастар ұйымдарының, жастар ресурстық орталықтарының, студенттік қауымдастықтардың, жұмысшы жастардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.

Дата публикации
29 июня 2026
Дата обновления
30 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 июля 2026
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес.
Ақпарат
29 июня 2026
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес
Ақпарат
27 апреля 2026
Шығыс Қазақстан облысында «ШҚО. Талдау мектебі» жобасына өтінім қабылдау басталды!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы