Облыста 168 мың жас тұрады, оның ішінде 127 526 адам немесе 75%-ы экономикалық белсенді жастар санатына жатады.
«Жасыл ел» жобасы аясында қатысушыларға арналған квота 500 адамға ұлғайтылып, жалпы саны 1 500 адамды құрады. Бүгінгі күні жоба аясында 1 180 жас жұмыспен қамтылды.
2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша өңірдегі NEET санатындағы жастардың үлесі 4,3%-ды немесе 6 821 адамды құрады. Бұл көрсеткіш республикалық орташа деңгейден (5,8%) төмен.
Қазіргі уақытта NEET санатындағы жастардың жеке әлеуметтік портретін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жұмыс үй-үйді аралау және жеке кездесулер өткізу арқылы жүзеге асырылуда. Отбасының цифрлық картасы деректеріне сәйкес NEET санатына жататын 3 781 адамды толық қамту жоспарланған.
«Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында облыстың жастар ресурстық орталықтары ағымдағы жылдың алғашқы бес айында жалпы қамтылуы 13 мыңнан асатын 183 іс-шара ұйымдастырды. Сонымен қатар ақпараттық кеңістікте құқықтық және профилактикалық бағыттағы 27 мыңнан астам материал жарияланды.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында 22 мыңнан астам жасты қамтыған 313 экологиялық іс-шара өткізілді.