№7 тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

 

Шығыс Қазақстан облысы «Зайсан ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ өңірлік деңгейде ӨҢІРЛІК ТЕЛЕАРНАЛАР, БАСПА БАСЫЛЫМДАР (газет) арасында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыратыны туралы хабарлайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер 070004 Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы М.Горький көшесі 40 мекенжайы бойынша, № 237 кабинеттегі кеңсеге жіберіледі, 2026 жылғы 28 қаңтар сағат 17.30-ға дейін қабылданады.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер 070004 Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы М.Горький көшесі 40 мекенжайы бойынша, № 246 кабинетте 2026 жылғы 29 қаңтар  16.00 сағатта ашылады.

Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді өңірлік деңгейде ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын  қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.

Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.

Қағидалардың 15-тармағына сәйкес қатысу үшін өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімді уақтылы беру қажет. Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімге өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес өңірлік тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі қоса беріледі.

 

Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035349

Дата публикации
15 января 2026