САРАПТАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
ШҚО Ішкі саясат басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша
Өскемен қаласы «___» шілде 2025 жыл
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша үлгілік қағидаларға, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты басшысы Е.Х. Текешов бекіткен облыстық басқармалар мен қала/аудан әкімдіктерінде ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес,
Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасында (бұдан әрі – Басқарма) келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді:
Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айқындау;
Басқарма қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айқындау. Ішкі талдау келесі әдістемелік құжаттар негізінде жүргізілді: Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар; 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрықпен бекітілген ішкі талдау жүргізу ережелері.
Ішкі талдау кезеңі: 2024 жылғы қаңтар – 2024 жылғы желтоқсан аралығы (қоса алғанда).
Ішкі талдау мерзімі: 2025 жылғы 1–31 шілде аралығы.
Басқарма басшысының 2024 жылғы 11 шілдедегі №40 бұйрығына сәйкес, жұмыс тобының құрамына басқарма басшысының орынбасары және бөлім басшылары енгізілді. Басқарма өз қызметін 2024 жылғы 21 маусымдағы №160 облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады. 2024 жылғы 23 шілдедегі облыс әкімдігінің №185 қаулысына сәйкес Басқарманың құрылымына келесі бөлімдер кіреді:
Қоғамдық-саяси жағдайды талдау, әдістемелік және инспекциялық жұмыс бөлімі;
Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарын мониторингтеу бөлімі;
Жастармен жұмыс және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл бөлімі;
Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы және этносаралық қатынастарды мониторингтеу бөлімі;
Әкімшілік және қаржылық бөлім.
Анализ үшін ақпарат көздері ретінде басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер (кодекстер, заңдар, ҚР Үкіметінің қаулылары, бұйрықтар), ресми ақпарат, уәкілетті органдардың тексеру материалдары, ақпараттық жүйелер және статистикалық деректер пайдаланылды.
Ішкі талдау барысында бір сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды:
Бағыт: Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы
Индикатор: Вакансиялардың ұзақ уақыт бойы бос тұруы
Талдау көрсеткендей, басқармада персоналды басқару ҚР қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады (ҚР Еңбек кодексі, «ҚР мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары және басқа да НҚА).
2025 жылғы 25 шілдедегі штаттық бірлік – 25; Басшылық құрам – 9; Орындаушы құрам – 16; Фактілік саны – 20; Басшылық – 8; Орындаушы – 12; Бос орындар – 5:
1 – ақпараттық саясат және БҚА мониторингі бөлімінің басшысы (11.07.2025 ж. бастап бос) 4 – бас маман (уақытша және тұрақты): Ақпараттық саясат және БҚА мониторингі бөлімі – уақытша, 06.03.2028 ж. дейін, 24.05.2025 ж. бастап Қоғамдық-саяси жағдайды талдау бөлімі – 23.05.2025 ж., бастап ҚХА хатшылығы бөлімі – 01.04.2025 ж. бастап Жастармен жұмыс бөлімі – 01.09.2024 ж. бастап
Ең ұзақ бос тұрған орын – жастармен жұмыс және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл бөлімінің бас маманы 2024 жылғы 1 қыркүйекте бас маман А.О Серикбаева. өз еркімен жұмыстан шықты. Бос орынды толтыру үшін 4 конкурс өткізілді, оның екеуінде үміткер болмады.
2025 жылғы 4 маусымдағы конкурсқа 1 үміткер қатысты, бірақ комиссия сұрақтарына жауап бере алмағандықтан оң баға ала алмады.
2024 жылдың шілде айында конкурсты қашықтан өткізу бойынша «E-қызмет» порталы арқылы пилоттық жоба енгізілді. Алайда бұл үміткерлер үшін келесі қиындықтарды туғызды:
интернетке тәуелділік;
компьютердің техникалық талаптарына сай болмауы;
байланыс үзілісі кезінде тесті қайта тапсыру мүмкіндігінің болмауы.
Тек 4-ші конкурс нәтижесінде ақпараттық саясат бөлімінің бос орны толтырылды. Қоғамдық-саяси талдау бөліміне қатысты 2 конкурс нәтиже бермеді. Құжаттар 4–6 үміткерден түссе де, оң нәтиже аз.
Бұл мәселелер кадр саясатын жүзеге асыруда жасанды кедергілер тудырып отыр және пилоттық жобаны жетілдіру барысында ескерілуі қажет.
2025 жылғы 18 шілдеде келесі бос лауазымдар бойынша конкурс жарияланды: Қоғамдық-саяси жағдайды талдау бөлімі – бас маман; Жастармен жұмыс бөлімі – бас маман. Конкурс 3 кезеңнен тұрады: Жеке қасиеттерді бағалау тестілеуі; Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау; Әңгімелесу
Әңгімелесу 2025 жылғы 12 тамызда өтеді.
Ұсыным: Бос лауазымдарды толтыру бойынша қажетті шараларды қабылдау.
Басшының орынбасары А. Жұмабаева
Қоғамдық-саяси жағдайды талдау,
әдістемелік және инспекциялық жұмыс бөлімінің басшысы А. Омарбаева
Жастармен жұмыс және азаматтық
қоғам институттарымен өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Е. Балтабеков
Ақпараттық саясат және бұқаралық
ақпарат құралдары мониторингі бөлімі басшысының м.а. Е. Корабаев
Әкімшілік-қаржылық
бөлімінің басшысы Д. Елюбаев
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан
халқы Ассамблеясы хатшылығы
және этносаралық қарым-қатынас
мониторингі бөлімінің басшысы Н. Курмашев
Танысты:
ШҚО ішкі саясат
басқармасының басшысы Е. Бурахан