|
Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы 2025 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жария талқылауға ұсынады. Сіз өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды 2025 жылғы 11 наурызға дейін er.baltabekov@akimvko.gov.kz электронды мекенжайға жолдай аласыз. |
|||||
|
№ |
Жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыбы |
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге) |
Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың мақсатты тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
1. |
Жаһандану және қазіргі заманғы тәуекелдер жағдайындағы әйелдер көшбасшылығы |
6 200,0 |
Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 42 т. |
Өмір сапасын жақсарту мақсатында өзін-өзі дамытуға және қоғамның дамуына ұмтылатын белсенді өмірлік ұстанымы бар 18 жастан 45 жасқа дейінгі әйелдер |
Әйелдердің көшбасшылық қабілеттері мен әлеуетін анықтау, әйелдер көшбасшылығын жүзеге асырудың ең перспективалы бағыттарын анықтау, жұмыс пен отбасындағы тиімділікке кедергі келтіретін мәселелерді анықтау және пысықтау, жұмыс пен жоспарлаудың маңызды бағыттарын қалыптастыру.
|
|
2. |
Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау, отбасы институтының беделін арттыру |
3 000,0 |
Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
Отбасылар |
Ерлер мен әйелдердің тең серіктестігіне, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу, дамыту жауапкершілігін тең бөлуге, қарттарға қамқорлық пен қолдау көрсетуге негізделген отбасылық қатынастарды қалыптастыру арқылы отбасы институтын нығайту. Отбасыларға мемлекеттік- әлеуметтік қолдаудың қолжетімділігі мен атаулылығын арттыру. |
|
3. |
Қалалар мен аудандарда этномедиация тетіктерін пайдалану бойынша оқыту және ақпараттық-түсіндіру іс-шаралар кешенін жүргізу |
6 000,0 |
Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасына қосымша; Қазақстан Республикасы Президентінің 2022жылғы 15 қыркүйектегі № 1014 Жарлығымен бекітілген) 7 т.
|
Облыс халқы, этномәдени бірлестіктердің, ҮЕҰ, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері |
Медиация институтын дамыту бойынша семинарлар мен тренингтер өткізу. Кәсіби медиаторларды тарта отырып, түрлі мәселелер бойынша халық үшін консультативтік іс-шараларды ұйымдастыру. |
|
4. |
ШҚО өңірлерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу |
10 400,0 |
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы |
Облыс халқы |
Өңір халқы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру (оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы шеңберінде одан әрі пысықтау үшін халықтың әлеуметтік маңызды проблемалық мәселелерін анықтау) бойынша іс-шаралар өткізу. |
|
5. |
Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау
|
6 567,0 |
Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары |
Облыс жастары |
Жастардың салауатты өмір салтын нығайтуға қалыптастыру үшін жағдай жасау, есірткінің зияны туралы хабардар ету, заттарды пайдаланудан бас тарту дағдыларын дамыту және тәуелді мінез-құлықтың қалыптасуына жол бермеу. |
|
6. |
ШҚО-да волонтерлікті қолдау және дамыту |
6 550,0 |
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 125 тармағы |
14-35 жастағы жастар
|
Облыс волонтерлерінің бірыңғай электрондық базасын өзектендіру. Волонтерлер үшін көшпелі оқыту семинарларын, мотивациялық кездесулерді өткізу. Волонтерлер мен бастамашыл топтардың тұрақты жұмыс істейтін алаңын құру. |