№43 тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабарлама
Шығыс Қазақстан облысының «Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ баспа басылымдары арасында аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер 070004 Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы М.Горький көшесі 40 мекенжайы бойынша, № 237 кабинеттегі кеңсеге жіберіледі, 2024 жылғы 26 ақпан сағат 17.00-ға дейін қабылданады.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер 070004 Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы М.Горький көшесі 40 мекенжайы бойынша, № 246 кабинетте 2024 жылғы 27 ақпан 16.00 сағатта ашылады.
Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді республикалық және облыстық деңгейдегі ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.
Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.
Республикалық және өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының 45-тармағының негізінде қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 5-қосымшадағы тізбеге сәйкес құжаттар қоса беріледі.
«Шығыс Қазақстан облысының
қоғамдықдаму басқармасы» ММ
басшысының орынбасары
мемлекеттік ақпараттық
саясат мәселелері жөніндегі
өңірлік комиссияның төрағасы Р. Жампеисов