Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

«Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» ММ-сі  «Бесқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-нің өңірлік деңгейде МЕРЗІМДІ БАСПА БАСЫЛЫМДАР  арасында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер 070004 Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы М.Горький көшесі 40 мекенжайы бойынша, № 234 кабинеттегі кеңсеге жіберіледі, 2022 жылғы 6 қыркүйек сағат 18.30-ға дейін қабылданады.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер 070004 Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы М.Горький көшесі 40 мекенжайы бойынша, № 235 кабинетте  2022 жылғы 8 қыркүйекте 16.00 сағатта ашылады.

Республикалық және өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының  45-тармағының негізінде қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 5-қосымшадағы тізбеге сәйкес құжаттар қоса беріледі.

Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді өңірлік деңгейдегі ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын  қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.

Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.

Қағидалардың 45-тармағына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 5-қосымшадағы тізбеге сәйкес құжаттар қоса беріледі.

«Шығыс Қазақстан облысының ішкі

саясат басқармасы» ММ басшысы -

мемлекеттік ақпараттық

саясат мәселелері жөніндегі

өңірлік комиссияның төрағасы                                                          Ж. Мекеева

35.Перечень ОВП Бескарагайский район для печатных изданий
Дата публикации
19 августа 2022