Ағымдағы жылы елімізде өзін өзі дамытуға ниетті студенттерді материалдық қолдауға және ынталандыруға бағытталған «Қазақстандағы Scholarship» бағдарламасы басталды.
«Қазақстандағы Scholarship» - бұл мақсаты студенттерді оқу бағдарламаларының шеңберінен шығып, шығармашылық пен талдамалық қабілеттерін танытуға және өз білімі мен эрудициясын пайдалана отырып, қандай да бір іспен айналысуға ынталандыратын толықтай әлеуметтік жоба.
Конкурсқа қатысу үшін берілген тақырыпқа талдамалық жұмыс ұсынылады, конкурстық іріктеуден өту кезінде оны автордың өзі арнайы комиссия алдында қорғауы тиіс.